Редакция таңдауы
Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында
2019 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құралған қазақстандық делегация сапары аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстан-Британ іскерлік қарым-қатынастарының келешегі әңгіме өзегіне айналды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Қазан, 2019
Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынды иеленді
Дүниежүзілік банк «Doing Business» бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын 3 тармаққа – 28-ден 25-ке дейін көтерді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
24 Қазан, 2019
Жезқазған қаласының мәдени өміріндегі айтулы оқиға ретінде есте қалған Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі жоғары деңгейде өтті. Биыл үшінші рет жалау желбіреткен өнер сайысы театр тарланының туғанына 70 жыл толуына арналған еді.
24 Қазан, 2019
Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген Бас кеңсесінде ұйымдастырылған дәстүрлі форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500-ден астам имам қатысты.
24 Қазан, 2019
Геральдика орталығын құру ұсынылды
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
24 Қазан, 2019
Парламент Мәжілісінде көпшіліктің көкейкесті мәселелерін көтеріп жүрген халық қалаулылары заң жобаларын жан-жақты талқылағанда өңірлердің ахуалын назардан тыс қалдырмайды. Кеше палатаның жалпы отырысында мақұлданған 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына депутаттардың ұсынысымен түзетулер енгізіліп, құжатта елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қосымша қаражат көзделді.
24 Қазан, 2019
Қуатты «Кировец» тракторы енді Қостанайда шығады
«Кировец» тракторының аңызға айналғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ даласындағы егіс алқаптарына келе бастаған алып трактордың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағында баламасы жоқ болатын. Қазірде де солай.
24 Қазан, 2019
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді
Белгілі заңгер,адвокат Айман Омаровамен кездесуде азаматтардың құқығын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, А.Омарова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130-бабының қылмыстық мазмұнын өзгерту және 174-бабына түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қазан, 2019
Елордада ІІІ республикалық имамдар форумы өтіп жатыр
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтуде.
23 Қазан, 2019
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды
Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қазан, 2019
Таушық ауылы 80 жылдығын тойлады
Маңғыстауда қазақтың кемеңгер ұлы Әбіш Кекілбаев балалық кезеңін өткізген, тұнық аспанында бұлбұл көмей Роза Бағланова ән шырқаған, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің шабытын шалқытқан Таушық ауылына 80 жыл толды.
23 Қазан, 2019
Әлі күнге дейін қоғамдық өміріміздің барлық саласында күнделікті қолданыс құралы бола алмай отырған қазақ тілінің бүгінгі жағдайы қай-қайсымызға да жақсы мәлім. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді», деп мәлімдеуі алдағы жылдар кезеңіне жаңа міндеттер жүктегені рас. Елімізде ғылым, білім, бизнес, медиа сынды алпауыт сала мамандары бас қосып, тұңғыш рет Тіл форумын өткізбек.
23 Қазан, 2019
Елімізде соңғы бірнеше жылдан бері инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кешенді іс-шараларды белсене атқарып келеді. Соның бір айғағы ретінде жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Шекараларды кеңейте отырып – әлемді ашамыз» атты балалар фестивалі өтті. Аталған халықаралық жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан елдерінен келген ерекше мұқтаждықтары бар елуге тарта бала қатысты.
23 Қазан, 2019
Әйелдерге «ақ квота» көмектесе ме?
Биыл қыркүйек айында «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» ресми түрде тіркелген-ді. Альянс құрамында әйелдер мен балалар құқығының бұзылуы, гендерлік теңсіздік мәселелерін шешумен, сондай-ақ нәзік жандылардың саясатта, экономика мен мансап жолында алға жылжуына мүмкіндік тудырумен айналысатын 20 шақты ұйым бар.
23 Қазан, 2019
Елімізде еуро валютаға деген қызығушылық бір жыл ішінде бір жарым есе артты. Ranking.kz келтірген дерекке сүйенсек, жыл басынан бері оның валюта айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы 250 млрд теңгеге жуықтады.
23 Қазан, 2019
Жеңілдетілген автонесие отандық автопаркты «жасартады»
Қазақстанда жасалған көліктердің саудасын күшейту үшін Ұлттық банк 2019-2023 жылдары жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынбақ.
23 Қазан, 2019
АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) басталғанына үш ай өтті. Ішкі нарық оның қорытындысын күтіп іштен тынып тұр. Алғашқы қорытынды желтоқсан айының соңғы күндеріне дейін белгілі болатынын Үкімет те, Ұлттық банк те айтты. Жуырда осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түсетінін жеткізді. Себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба ішкі нарықта сыр берген банктерді мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру үшін қолданылады екен.
23 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева жаңа технологиялар орталығында болды
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясына ресми сапары басталды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
23 Қазан, 2019
Көлік инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетті қалыптастырған бағдарлама
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланды. Сонымен қатар бұл бағдарламаның алдағы 5 жылға арналған жобасы таныстырылды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе мемлекет-жекеменшік әріптестікті жетілдіру шаралары туралы бірқатар министрліктер мен облыс басшылары баяндама жасады.
23 Қазан, 2019