Редакция таңдауы
Үкіметте зейнетақы мәселелері талқыланды
Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
«Қаражат бар, нәтиже жоқ» — Б.Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды
Бейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын осы жылдың 9 айында іске асыру қорытындылары бойынша селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Теңдессіз шеберлер текетіресі: Новак Джокович пен Рафаель Надаль Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді
Алдағы бейсенбі күні, яғни 24 қазанда әлемдік теннис спортының жұлдыздары сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаель Надаль Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт сарайында қайырымдылық кездесуін өткізеді.
18 Қазан, 2019
Орынша ҚАРАБАЛИНА: Әрбір күніміз бақытқа толы болды
Замана құбылып, саясат жүз жерден өзгерсе де ұлттың бұлжымайтын құндылықтары бар. Ұстараның жүзіндей осы жолда арына қылау түсірмей өткен тұлғаның бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаев еді. Ұлт перзенті Әбіш Кекілбаев: «Мамыражай, жайма-шуақ, кеңпейіл Кәкімжан аға ызғарлы кезеңдерден кейінгі рухани тоңды жібітуде ерекше қайраттылық танытты. Әдебиетімізде, қоғамдық ойымызда, әлеуметтік көңіл күйімізде өшпес із қалдырды» деп түйіндеген тұғыры биік тұлға еді. Осындай абыройлы азаматқа адал жар болған, «халық жауы» атанған Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Орынша ҚАРАБАЛИНА апайдың абзал ағамыз жайлы әңгімесі әркімді тебірентері анық.
18 Қазан, 2019
Көздері ғаріп болғанмен, көңілдері жарық
Әйгілі Борхес «Маған жұмақтың өзі кітапхана түрінде елестейді» деп жазыпты. Эразм Роттердамский болса: «Менің кітапханам қайда болса, отаным да сол жерде» деген. Ал оралдық Темірғали Жұмағалиев кітапхананы – шетсіз-шексіз ілім-біліммен, үлкен әлеммен жалғап тұрған аспалы көпірдей көреді.
18 Қазан, 2019
Әдебиеттің салқар көшіне ілесіп, таланты мен қабілетін қаламына қатар түсірген жазушы бағзыдан бері қанша уақыт сарқылса да есті оқырманның ойында һәм жүрегінде қалады. Бұл хат танитын бәріміздің іштей ғана біліп, мойындайтын шындығымыз. Бір-бірінің көңілін тапқан оқырман мен автор да табиғаттары тым бөлек жандар емес. Оған дәлел: қазақтың бұрынғы баба, би тілінің құнарын сақтап қалған жазушының бірегейі, қара сөзден құйын тұрғызған Рахымжан Отарбаевты оқушылардың дені рухты һәм мінезді келеді. Әлқисса, «шағын әңгімелерінде үлкен ой айта алатын кесек жазушы» Рахымжан Отарбаев творчествосынан игі бір істің cүйінші хабарын құлағымыз шалды.
18 Қазан, 2019
Мұхамеджан ұстаз тұтқан Барлыбек
Алаш арыстарын тану – сол заманның өзінен басталған екен. Аймүйіз қайраткерлердің бір-біріне жазған хаттары, бір-біріне деген құрметі мен лебізі, тіпті қайтыс болғанда қайғырып жазған мұнаһибтары да ерекше. Өмірде бірін-бірі құрметтеп, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болып өткен жандар – Барлыбек Сырттанұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлы еді.
18 Қазан, 2019
Сананың жаңғыруы дамуды тура жолға бағыттайды
Семинар-тренинг Еуразия интеграциялық институты мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған университеттер ғалымдары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір белсенділері мен саяси партиялар филиалдарының жетекшілері қатысты.
18 Қазан, 2019
Д.Назарбаева Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қазан, 2019
Б.Сапарбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесті
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің әлеуметтік-мәдени жаңғыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен кездесіп, білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
17 Қазан, 2019
Ұлытауын ұлықтап, ақынын ардақтады
Ұлытауда шығармашылығына Қарағанды, Жезқазған, Қарсақбай сынды өндіріс ошақтарын жырлауды арқау еткен арқалы ақын Тайжан Қалмағамбетовтің 140 жылдығы мен ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі думан өтті. Ұлт ұясы атанған ауданның бұл тойына Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
17 Қазан, 2019
Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты
Ұзынқұрамды тәжірибелік жүк пойызы алғаш рет Қытай Халық Республикасындағы Қорғас стансасынан Қазақстандағы Алтынкөл стансасына жөнелтілді.
17 Қазан, 2019
«Көктем ауылының» ақсақалы еді
Әбілфайыз Ыдырысов ағамыз өмір бойына журналистікпен, жазушылықпен айналысумен бірге ұзақ жылдар бойына алтын шаңырақ ҚазҰУ-да профессор болып, сабақ беріп, жұртқа танымал қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеп, қанат қақтырған, елімізге еңбегі сіңген білікті ұстаз еді ғой.
17 Қазан, 2019
Мәдени астана атануға әзірленуде
2020 жылы Шымкент ТМД-нің мәдени астанасы атанбақ. Осы жауапкершілікті абыроймен атқару үшін қала әкімдігі тарапынан бірқатар жобалар қолға алынды. Жуырда дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында шаһар әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен «Шымкент қалашығы» жобасы бойынша осындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.
17 Қазан, 2019
Жерді ғарыш мониторингі арқылы зерттейді
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жаңа жобаны қолға алды.
17 Қазан, 2019
Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет
Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдер мен ата-аналардың ортақ ісі. Өйткенi бiрiншi кезекте ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасы, одан кейін мектеп болғандықтан, қос тарап та жастар тәрбиесінде бірін-бірі үнемі толықтырып отыруы тиіс. Бұл бүгiнгi ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтары негізінде тәрбиелеудің жалпыұлттық мiндет екенін айқындайды. Ал бұл міндет ұлтымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдаланудағы, салт-дәстүріміз мен мәдениетімізге құрметпен қараудағы жауапкершілігімізді арттырады.
17 Қазан, 2019
Адам баласы үшін бақыттың бастауы да, табыстың кілті де – мықты денсаулық. Денсаулықты нығайту үшін түрлі дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар ішіп, спортпен де айналысамыз. Алайда, пайдалылығына көз жеткізбей тұрып, биологиялық белсенді қоспаларға көп қаражат жұмсауға тым әуес болып кеткен жандар да жетерлік. Соның салдарынан сырқатқа душар болып, кесел тауып отырғандар бар.
17 Қазан, 2019
Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны, 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық еткен Ораз Исаевтың 120 жылдығы оның туған жері – Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында аталып өтті.
17 Қазан, 2019
Халықаралық қаржы орталығында болды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Жоғарғы палата депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
17 Қазан, 2019