Редакция таңдауы
«Яндекс» компаниясынан шақырту алды
Ресейлік «Яндекс» компаниясынан шақырту алған қызылордалық жас Дастан Айтбаймен IT жобалары турасында әңгімелеспек болып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне хабарласқанбыз. Олар жас өнертапқыштың ұялы телефонды қолданбайтынын айтып, жақындарының телефон нөмірлерін ұсынды. Осылайша жас өнертапқышты әңгімеге тартқан едік.
16 Қазан, 2019
Жалдамалы жұмысшылар жалақысы артты
Елімізде жан басына шаққандағы кәсіпкерліктен түскен пайда азайып барады. Есесіне жалдамалы жұмысшылардың жалақысы көбейіп келеді.
16 Қазан, 2019
Экономикалық өсімнің көлеңке тұсы
Биыл экономиканың ең негізгі деген салаларында өндірістің төмендегені байқалады. «Абырой болғанда» теңге әлсіреп, бұл өз кезегінде экспорттан түскен табыстың теңгеге шаққандағы көлемі көбеюіне мүмкіндік берді.
16 Қазан, 2019
Баспана бағасы неге көтерілді?
Жаз бойы біршама тұрақты болған баспана бағасы күз келісімен қымбаттай бастады. Оған негізгі құрылыс материалдарының және жұмыс жүргізудің қымбаттағаны, сондай-ақ сауданың ұлғайғаны әсер етіп отыр.
16 Қазан, 2019
Сингапурды инвестиция салуға шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың Аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
16 Қазан, 2019
Шығыс пен батыс түркілерінің арасын жалғап тұрған алтын арқау Әзербайжанның астанасы Бакуде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті жетінші рет салтанат құрды. Түбі бір туысқан елдердің ауызбірлігінің, тығыз қарым-қатынасының айғағындай Түркі кеңесіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Мерейлі он жылдық белесінде Түркі кеңесін құру туралы бастаманы осы Әзербайжанның Нахчыван қаласында көтеріп, оның керегесінің кеңейіп, аяғынан нық тұруына еселі еңбек сіңірген Елбасының есімі саммитте ерекше аталып, тарихта алғаш рет Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы мәртебелі лауазымына тағайындалды.
16 Қазан, 2019
Сенатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қазан, 2019
Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортын іске қосты
Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев хабарлады.
15 Қазан, 2019
Бакуде ТМЫК мемлекет басшыларының VII саммиті басталды
Әзербайжан астанасында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының VII саммиті өз жұмысын бастады.
15 Қазан, 2019
Қазақстанда тұңғыш рет әлем онкологтарының үлкен саммиті өтуде
Биыл 15 және 17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті өтеді (World Cancer Leaders' Summit 2019). Бұл онкологиялық ауруларға қарсы күрестің тың тәсілін іздеуге арналған жыл сайын өтетін жоғары деңгейдегі кеңес. Жаһандық іс-шараға 80-нен астам елдің өкілдері келді, қонақтардың арасында президенттер, бірінші ханымдар мен корольдік отбасы мүшелері, Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ онкологиялық ауруларды бақылау саласындағы 350 көшбасшы қатысуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қазан, 2019
Минск қаласында Қазақстан және Беларусь қауіпсіздік кеңестері аппараттарының арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қазан, 2019
Медициналық сақтандыру мәртебесін анықтайды
Медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесі туралы халықтың жан-жақты ақпарат алуы үшін, сондай-ақ олардың МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасақтады.
15 Қазан, 2019
«Нұрлы көш» күнін белгілесек...
Қазақ халқы өз тарихындағы қилы кезеңдерде, әсіресе өткен ғасырдың бас кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қолдан жасалған ашаршылықтың салдарынан қырғынға ұшырап, бір бөлігі бас сауғалап, дүние жүзіне тарыдай шашылып кеткендіктен, Кеңес өкіметі тұсында өз жерінде азшылық болып қалып, ана тілінен, ата салт-дәстүрінен айырылып, ұлт ретінде құрып кету қаупі төнген еді. Оған қоса, кезінде әртүрлі себеппен Қазақстанға қоныс аударылған басқа этностардың өкілдері өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде өздерінің тарихи Отандарына үдере көшкендіктен, еліміздің тұрғындарының саны да азайып, жас мемлекетіміздің адами және экономикалық әлеуеті әлсіреп қалған болатын. Осыны ескерген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығына келісімен жат жұртта атамекендерін аңсап жүрген ағайындарды қарашаңырағымыз – Қазақстанға қайтып оралтып, халқымыздың санын көбейту қамына кіріскені мәлім.
15 Қазан, 2019
Биыл Петропавлда 13 аялдама талқандалған. Бұзақыларға әсемдеп қойған дүниелер ата жауындай көрінетін болса керек, қиратылған павильондардың бәрі де шыныланған, халыққа қолайлы болсын деп әсемделген нысандар. Ал бұзақылар қаңылтырмен қаланған ескі аялдамаларға тимеген, тек жақсыны ғана бүлдіруге тырысқан.
15 Қазан, 2019
Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
Жаяу жүргінші жолағында қандай да болсын жол-көлік оқиғасы орын алса, ең алдымен көлік жүргізушісі кінәлі саналады. Жүргізуші шапшаңдықты асыра сілтеді, жол ережесін сақтамады дегендей. Әрине, бұлай деп әңгіме айтудың да жаны бар. Өйткені алдымен көлік жүргізушісіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алайда жол-көлік оқиғасына біржақты ғана қарау мен себеп пен салдарды жете таразыламау нақты болған жағдайдың ақиқатын қаншалықты ашады?
15 Қазан, 2019
Нағима Байтенова: Діни алауыздықтың алдын алу – қауіпсіздік кепілі
Діни экстремизм мен терроризм жаһандық деңгейдегі өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары елімізде де лаңкестікке қарсы күрес белсенді қолға алына бастады. Осы мәселе жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нағима Байтеновамен сұқбаттасқан едік.
15 Қазан, 2019
«Кәсіп түбі – нәсіп» деп аталатын жаңа жоба «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен іске қосылды. Моноқалада кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша арнайы ұсыныстар дайындау мақсатындағы жоба шеңберінде жұмыс тобы құрылды.
15 Қазан, 2019
Қытайда қымыз бен шұбатқа сұраныс жоғары
Бұл туралы кеше елордада өткен «Стандарттау және экспорт: Қытай нарығына шығу» форумында айтылды. Көршілес мемлекетте Ойсылқара мен Қамбар ата төлінің өніміне қызығушылық артып келеді. Алайда ұлттық сусынымызды Қытай нарығына өткізу оңай болмай тұр. Себебі бұл елде сүт өнімдерінің ұлттық стандарты енгізілген. Көрші елдің нарығын жаулау үшін отандық өндірушілерге сол талапқа бейімделуге тура келеді.
15 Қазан, 2019
Тағзым мен тағылым тоғысқан той
Тектілердің талбесігі, құрсағы құтты Маңғыстау даласы даңқы дәуірлеп, есімі елдің есінде сақталған қайраткер ұлының 80 жылдығын атап өтті. Асылын ардақтай білер ағайын арысының арада жоғын өкініш еткенмен, оның еңбегі мен шығармаларын дәріптеуді, өзі жоқ болса да шығар жасын атап өтуді парыз санапты. Жалпы, Маңғыстауда Әбіш тойы басталғалы көп болды және оның қамтылу ауқымы да орасан. Мектеп-колледждердегі түрлі байқаулар, ауыл өнерпаздарының сахналық қойылымдар байқаулары, спорттық жарыстар әрбір аудан, қалаларда, әртүрлі ұйымдарда өткізілді.
15 Қазан, 2019