Редакция таңдауы
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Жоғары аудиторлық палата аграрлық салада 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын және пайдаланылғанын, сондай-ақ 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2024
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылға арналған қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Желтоқсан, 2024
Тоғыз қазақ боксшысы «алтын» үшін таласады
Бүгін, 11 желтоқсанда Чиангмайда (Таиланд) бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтеді. Қазақстан құрамасының тоғыз өкілі алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
11 Желтоқсан, 2024
Шымкентте жылыжай кешені салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыс қорытындылары және ұлттық компанияның ел экономикасына одан әрі инвестиция тарту жөніндегі жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Желтоқсан, 2024
Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығынға батырды
Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Бүгінде 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген.
11 Желтоқсан, 2024
Жеңілдетілген ипотека: Депозит өсіп, жарна көлемі төмендейді
«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға келер жылдан бастап біршама өзгеріс енгізбек. «Наурыз» бағдарламасының ипотекалық талаптары күшейіп, салымшылардың депозитте жинауға тиіс қаражаты көбейеді. Сондай-ақ алғашқы жарнаны 10%-ға төмендету мәселесі кезекте тұр. Мұның бәрін Үкімет отырысында «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
11 Желтоқсан, 2024
«SpaceX» отандық стартапқа инвестиция құя ма?
Уақыт – бұл бизнестегі негізгі ресурс. Компаниялар мәмілелерді неғұрлым тез және оңай жасай алса, соғұрлым олар тиімді жұмыс істейді. Дәл осындай міндетті келісімшарттарға онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін «TrustMe» отандық стартапы орындай алады.
11 Желтоқсан, 2024
«Еңбекші қазақ» туралы цифр не дейді? (оқушыларымызға есеп орнында)
«Egemen Qazaqstan» газеті «Еңбекші қазақ» атанған тұста жарық көрген бұл мақаланың құндылығы сол – басылымды шығару, тарату ісінің қай кезде де күрделі үдеріс екенін бағамдауға мүмкіндік береді.
11 Желтоқсан, 2024
Темекі контрабандасының жолын қалай кесуге болады?
Қазіргі кезде темекі өнімдерінің контрабандасы мен контрафактісі еліміздің, жалпы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) экономикасына, қауіпсіздігі мен қоғамдық денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Астана халықаралық қаржы орталығында XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумының аясында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында мамандар аталған мәселе аймақтағы ең күрделі проблемалардың бірі екенін айтып, дабыл қақты.
11 Желтоқсан, 2024
Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың 1 қарашасына дейінгі мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 20 миллион 243 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Оның ішінде қала халқы – 12 727 404 адам, ауылдарда 7 516 577 тұрғын бар.
11 Желтоқсан, 2024
Сауалнама нәтижесі сенім ұялатады
Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ түсінік алдағы мақсаттың айқындалуына септігін тигізеді. Кейінгі бірер жылда жүргізілген саяси өзгерістер еліміздегі 20 миллион халықтың әртүрлі тобына белгілі бір деңгейде әсер еткені белгілі. Әйтсе де Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама мемлекеттің стратегиялық даму бағыты мен Президенттің бастамаларына сенім артатынын көрсетіп отыр.
11 Желтоқсан, 2024
Инновациялық мамандыққа басымдық беру – заман талабы
Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім жүйесіне түбегейлі реформалық өзгеріс енгізіп, оны трансформациялау кейінгі жылдары анық сезілді. Осы орайда Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – осы салаға нақты өзгеріс енгізіп, ел экономикасын дамытуға бағытталған қадам.
11 Желтоқсан, 2024
Бейбіт күннің қос батыры: генерал мен сарбаз
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, көпбалалы әке Жанасбек Пермабекпен жүздесті. Халық қаһарманы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтордің үйіне барып, жанұясымен танысты.
11 Желтоқсан, 2024
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің құрылу тарихы 1987 жылдан басталады. Бұл санаттағы бөлімшелердің еліміздегі алғашқы қарлығашы деп Алматы қаласы маңындағы Каменка кентінде құрылған 5-жедел бригаданы, яғни сол кездегі оқу-жаттығу ротасын айтуға болады.
11 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік желі: әдеп пен мәдениет
Ағам амандасу мақсатында ұсынған қолымды жөндеп алмады. Қолын немқұрайды соза салды. Теріс қарап отырып алды. Түсі суық көрінетін, бірақ іші жылы ағамның кейде өстіп қалатыны бар. Онысы – өтірік өкпелегенсігені, назданғаны, өзімсінгені. Мұны біліп тұрсам да жеңгеме қарап «тыныштық па?» дегендей иек қақтым. Жеңгем оң көзін қысып, жымия басын шұлғыды. Мұнысы «ағаңды өзің түсінесің, әлденеге ренжіп отырғанын саған өзімсініп сездіріп жатқаны, оның үстіне әлдебір әңгіме бастарда кіріспесін осындай әрекетпен әрлейтінін білесің ғой» дегені.
11 Желтоқсан, 2024
Хакімді қытайша сөйлеткен жазушы
Ұлт пен ұлтты, ел мен елді біріктіретін шекарасыз әлем – өнер. Киелі қалам ұшымен халық қасиетін бейнелеген озық ойлы қаламгерлердің бірі, Қытайдағы қазақ жазушысы – Акбар Мажиттің 70 жасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталып өтті.
11 Желтоқсан, 2024
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық кездесулері өтті. Бұл біріншіліктің бір ерекшелігі – әйелдер алғаш рет дулығасыз жұдырықтасты. Бес бірдей боксшымыз финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынады. Нәтижесінде, бесеуі де жеңіске жетті. Сөйтіп, боксшы қыздарымыз дүбірлі додадан 5 алтын, 5 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте көш бастады.
11 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Ауа райын ерте болжайды
«Google» зерттеушілері «DeepMind» негізінде жасалған ауа райын дәл әрі жылдамырақ болжайтын «GenCast» моделін жасап шығарды.
11 Желтоқсан, 2024
Ақтөбе облысының өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артты
Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Желтоқсан, 2024