Редакция таңдауы
Шерағаңның турнирі мәреге жетті
Алматыдағы «Бастау» клубында Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске түсіруге арналған БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті. Бұл додаға республикамыздың бірқатар аймақтарынан келген телевизия мен баспасөз ардагерлері және осы салада еңбек етіп жүрген журналистер қатысты.
04 Қазан, 2019
Шерхан Мұртазаның жүлдесі үшін жарыс өтуде
Бүгін Алматыдағы «Бастау» клубында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жүлдесі үшін бильярдтан БАҚ өкілдері арасында турнир өтуде. Жарысқа 30-ға жуық ойыншы қатысып жатыр.
04 Қазан, 2019
Ата-ана араздығы бала мүддесін аяқасты етпеуі керек
Отбасындағы әлімжеттік, балаға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бүгінге дейін тек құқық қорғау органдары мен қиындыққа тап болған шаңырақ иелерінің мәселесі сияқты қабылданып келді. Шынтуайтында, отбасы мәселесі – ел мәселесі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТПЕН әңгіме барысында осындай ой түйдік.
04 Қазан, 2019
Сонау 1991 жыл болатын. Ежелден қалыптасқан экономикалық жүйе қаусап қалған кезде бұл ауылдың да абдырағаны рас. Тыңға түрен салғылары келіп, қырға да шапты, ойға да шапты. Қай тараптан болса да мән шықпай меселелерінің қайтқаны. Енді не істемек керек. Көп болып ақылдасқан дұрыс. Ақыры бір шешімге келмек болып жалпақ жұрт тегіс жиналған. Шілденің қара қарғаның миы қайнайтын ыстық бір күні еді. Болашақты болжаған, келешегіне алаңдаулы жұрттың көкірегіндегі әрқилы сезімдер одан да ыстық. Жиналыс ұзаққа созылмады. Тайлы тұяғына дейін жиналған жұрт бұған сенім білдірген. Барлығы бір ауыздан елді Темірхан Мұқышев бастасын деген ұйғарымға келді. Серіктестіктің атын да үр жаңа іс болған соң өздерінше ырымдап «Бастау» деп қойды.
04 Қазан, 2019
Жаңа заң педагог мәртебесін қаншалықты көтереді?
Қазақстандағы білім саласының қызметкерлері қазан айының алғашқы жексенбісінде мұғалімдер мерекесін атап өтеді. Барша педагог қауымды атаулы күнмен құттықтай отырып, осы орайда ұстаздар үшін биылғы басты жаңалық болған «Педагог мәртебесі туралы» заңды сөз етпекпіз. Бұл заң жобасы қоғамда қызу әрі ең көп талқыланған құжат ретінде есте қалатын шығар. Себебі білім саласына қатысы болмайтын отбасы жоқ. «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі» деп Мағжан ақын айтқандай, қоғамымыз заман қалай құбылса да ертеден келе жатқан ұстазға деген құрметтің өз деңгейінде сақталып қалуына мүдделі. Сонымен жаңа қабылданар заңда не қаралған? Ұстаздардың қай қалауы қолдау таппай тұр?
04 Қазан, 2019
Бастауыш сынып мұғалімі ер адам болуы ерсі емес
Журналистік жолда талай жанмен жолығасың, кейбірі тіпті есіңде қалмайды. Бірақ соның ішінде қаншама уақыт өтсе де ұмытылмайтын, қайта құрметің арта түсетін кейіпкерлер болады. Соның бірін елорданың іргесіндегі мектептен кездестірдік.
04 Қазан, 2019
Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық ынтымақтастығы әрі осы шеңберде дәстүрге енгізілген шекаралық аймақтар форумдары Ақтөбе облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасы арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың тереңдей түсуіне жол ашып отыр.
04 Қазан, 2019
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Парламент депутаттары, қазақстандық эстрада жұлдыздары, педагогтар мен білім беру саласының ардагерлері қатысты.
04 Қазан, 2019
Қордайда Өтеген батырдың 320 жылдығы аталып өтті
Есімі елге мәлім, ұрпаққа ұран болған Өтеген батыр қазақ тарихындағы тегеурінді тұлғалардың бірі. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев батыр туралы толғауында «Жолбарыстай қарулы, қырандайын қырағы, арыстандай айбарлы» деп жырлайды. Аты аңызға айналған Өтеген батырдың 320 жылдығы Қордай ауданында аталып өтті. Әуелі батыр ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылып, еліміздің бірқатар өңірінен келген қонақтар батыр ескерткішіне тағзым етті.
04 Қазан, 2019
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы бойынша екі жыл бойы ауқымды жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезең жемісті аяқталып отыр. Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
04 Қазан, 2019
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінің төменгі ағысындағы «Қызыл оба» деген жерді қазған М.Қозыбаев атындағы облыстық университет пен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Margulan centre» орталығының бірлескен археологиялық экспедициясы сенсациялық жаңалық ашты.
04 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Омскіде өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
03 Қазан, 2019
Мәжілісте еліміздің бас қаржы құжатына қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті
Бүгін Мәжілісте «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Оған Мәжіліс депутаттарымен қатар, заң жобасын әзірлеуші, өзге де мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов елордадағы мектеп ауласына ағаш отырғызды
Елімізде «Эко сағат» республикалық акциясы басталды. Елорда мектептерінің аумағында 2,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. «Эко сағат» республикалық акциясына министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері, оқушылар, мұғалімдер және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қазан, 2019
Министрлер айыппұл төлеуі тиіс
Сенатта бюджеттің тиімсіз орындалғаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қазан, 2019
Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Нұр Сұлтан қаласында 7 277 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 4 939 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2118 адам немесе 44% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін Мәдениет және спорт министрлігін сынға алды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жақында әлем чемпионаттарында өткен күрес, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың көрсеткен жарыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қазан, 2019
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін қайдан көруге болады
«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады.
03 Қазан, 2019