Редакция таңдауы
Түркістан тарихын зерттеу – уақыт талабы
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп өзгертіліп, облыстың әкімшілік орталығын барша түркі-мұсылман жұртына қасиетті рухани орталық – Түркістан қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанына бір жылдан астам уақыт өтті.
02 Қазан, 2019
Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стартаптарының тұсаукесері» жобасы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.
02 Қазан, 2019
«Қазатомөнеркәсіп» акциялары Ұлттық қорды толтырды
2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сай, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Лондон қор биржасына «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын шығару арқылы 128 млн доллар тапты. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру бойынша атқарушы директоры Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.
02 Қазан, 2019
Интеллектуалды миграция елдің дамуына кері әсер етеді
Бүгінде әлемнің барлық елдері үшін интеллектуалды миграция мәселесі өте өзекті. Жаһандық процестің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған түйткілден тыс қала алмайды. Елімізде қазіргі таңда білімді жастардың шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда.
02 Қазан, 2019
Түркістандық студенттер туризмді дамытпақ
ХҚТУ мен Джордж Вашингтон университеті туризмді дамыту туралы меморандумға қол қоймақ. Бұл туралы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Қазақстан және Орталық Азиядағы мәдени және рухани туризмді дамыту мәселелері» атты халықаралық форумды құттықтау сөзбен ашқан университет ректоры Болатбек Әбдірәсілов хабарлады.
02 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
01 Қазан, 2019
Ресейде ІІ Дүниежүзілік соғыста мерт болған қазақстандықтардың мәйіті табылды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1941-1945 жылдары ІІ Дүниежүзілік соғыста мерт болған қазақстандықтардың мәйіті мен Ресей Федерациясы Иванов облысы аумағында жерленгені жайлы мәлімет алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Қазан, 2019
Өзара әріптестіктің әлеуеті зор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
01 Қазан, 2019
5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясыныңБаспасөз қызметі хабарлады.
01 Қазан, 2019
Қазақтелекомда электронды SIM-картаға көшу перспективалары туралы айтылды
Бүгін Үкімет үйінің баспасөз алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Қазақстанда 5G енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Қазан, 2019
Шайбалы хоккей: «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турдағы ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды.
01 Қазан, 2019
Үкіметте оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев білім және әлеуметтік-мәдени салаға қатысты түрлі мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
01 Қазан, 2019
Волонтерлік қызмет шетелде қалай шешімін тапқан?
Қазақстанда 2020 жыл – Волонтер жылы деп жарияланды. Сондай-ақ ерікті ретінде қызмет көрсететін студенттердің стипендиясы 30 пайызға өсетіні айтылды. Еріктілер тақырыбы биыл мемлекет және қоғам тарапынан жиі көтеріліп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай, Қазақстан волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ал осы еріктілер қозғалысының әлемдік тәжірибесі қандай?
01 Қазан, 2019
Қандастарды қолдауға арналған құжат
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) жанындағы Қоғамдық комиссия «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын талқылады.
01 Қазан, 2019
Соңғы уақытта елімізде жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Соның салдарынан қаза тапқан, мүгедек болып қалған, түрлі жарақат алған адамдардың есебінен жаңыласыз...
01 Қазан, 2019
Арзан ойыншық қымбатқа түспесін десек…
Қазір балаға базарлық іздеп әуре болмайсыз. Сауда орындарының сөрелерінде самсап тұрған түрлі ойыншықтар көздің жауын алады. Үлкені де, кішісі де, сүйкімдісі де, сұрықсызы да, қаттысы да, жұмсағы да бар.
01 Қазан, 2019
Хәкім әлемін корей елі терең тануда
Жақында Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігіне қарасты мемлекеттік және халықаралық «Корей мәдениет алмасу ұйымының» ресми порталына «Қазақ ұлтының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туған жеріне барған сапар» деген корей тілінде жазған мақаламыз шықты. Мақала өзіміз түсірген Абай кесенесі басындағы жиырмаға жуық суретпен толық басылды.
01 Қазан, 2019
Сенім кеңесі өркениетті жолмен өзгерудің өзегі болуға тиіс
Ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқыға салып, стратегиялық жобаларды саралауға, осыларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған Ұлттық сенім кеңесінің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айқындалған міндеттер мен бастамалардың жүйелі жүзеге асуын нақ осы кеңес шеңберінде дамыту қажеттігін баса айтқан еді. Осы орайда Президент жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі саясаттанушы Расул Жұмалыны әңгімеге тартқан едік.
01 Қазан, 2019
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы талқыланды
Елордада 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша республикалық конференция өтті. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есиннің басшылығымен өткен жиынға еліміздегі түрлі заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.
01 Қазан, 2019
Жас мамандарға қолдау күшейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған бірінші Жолдауында мемлекеттік органдар үшін де, жалпы қоғам үшін де алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар мен бағдарларды айқындап берді.
01 Қазан, 2019