Редакция таңдауы
Полиция жұмысының басты көрсеткіші – халықтың сенімі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевпен әңгіме.
10 Қыркүйек, 2019
Көлік құрастыру қарқыны артады
Елімізде алдағы бес жылда машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі, өндіріс және экспорт көлемі 1,2-2 есеге дейін артуға тиіс. Үкімет алға қойып отырған осы нәтижеге «Машина жасауды дамыту жөніндегі жол картасының» талаптарын орындау және қаржыландыру көлемін арттыру арқылы жету жоспарланып отыр.
10 Қыркүйек, 2019
Қуат өндіруде бәсекеге қабілеттілік қажет
2001-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыды. Еліміз энергия жеткізуші ретінде әлемдік және энергетикалық нарықтарға қатысты. Осы факторлардың есебінен бүгінде экономикалық даму мүмкіндіктері шектеліп отыр. Қазіргі уақытта барлық тараптардың, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің ішкі үдерістерімен айқындалатын энергетикалық саясаттың сапалы жаңару міндеттері жетілді.
10 Қыркүйек, 2019
Моңғолиядан тағы да көш келді!
– Менің отбасым 82-дегі қарт әжеммен, 6 баламен елге оралдық. Үлкен балам мектеп бітіріп келді. Ағылшын тілін жақсы меңгерген. Кішкентай балам енді 3-сыныпқа барады, – дейді Кенжехан Төлеу. Кенжехан Төлеумен бірге, Кәмелхан Амандық, Дәлелхан Қуаныш, Хасым Жанаргүл, Қуанбай Аманбол, Жұпархан Аманбек сияқты отбасыларының әрқайсысы 5-6-дан ұл-қыздарын жетелеп елге жетті. Бізді ауыл мектептерінің балаға толатыны қуантады.
10 Қыркүйек, 2019
Қиырдағы қазақтың әлеуетін қалай көтереміз?
Әлем қауымдастығы алдында тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп отырған этностардың басты қорғаны – мемлекеті мен оның мызғымас шекарасы десек, одан кейінгі қажеттіліктер қатарына: тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы мен мәдениеті, сонымен бірге демографиясы кірері анық. Бұрынғы бабаларымыз «көп қорқытады, терең батырады» дегенді бекер айтқан жоқ. Бұл тәмсіл бүгінгі таңда «демографиялық саясат» деген атпен өзекті болуда.
10 Қыркүйек, 2019
Алатаудан Арқаға аттанған көш: жаңа қоныс, жаңа өріс
Бүгінгі таңда елімізде ішкі көші-қон үдерісін дамыту мақсатында мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Әлеуметтің әлеуетін арттыру да ел экономикасын ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастырылып отыр. Мұнымен қоса, елімізде жұмыссыздық мәселесін шешу, жастарды өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамту мемлекет қолға алған мәселенің бірі. Бұл ретте елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарлама еліміздегі көптеген азаматқа септігін тигізіп, оларды тұрақты жұмыспен қамтуда белсенділік танытты.
10 Қыркүйек, 2019
NEET жастар: саны да, сапасы да беймәлім топ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде» деген еді. Осылайша жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзекті екенін айтқан. Соңғы алты айда осы NEET жастардың саны 0,7 пайызға төмендеді.
10 Қыркүйек, 2019
Президент Жолдауын жамбылдықтар да қолдайды
Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша актив жиыны өтті. Актив жиналысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің басқарма, аумақтық департаменттер, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындарының басшылары, саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен облыстық ақпараттық топ мүшелері қатысты.
10 Қыркүйек, 2019
Ленинское ауылының тұрғындары төрт жыл бойы жабайы арпамен алысып әлек. Биыл тағы да үлкен әбігерге түсірді. Жыл өткен сайын ауқымы үлкейіп, қырды айтпағанда тұтас елді мекенге жайылып үлгерген. Түп-тамырымен қырқып, жойып тастауға жеке адамдар түгілі шаруа қожалықтары да қауқарсыз.
10 Қыркүйек, 2019
Сауда және интеграция министрлігі online сатып алушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтеді
Қазақстанда Электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді, ол 2025 жылға қарай электрондық сауданың үлесін қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет үйі алаңында өткен баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
09 Қыркүйек, 2019
Халықаралық киберспорт жарысында қазақстандық топ екінші орын алды
Қазақстандық Avangar тобы киберспорттан Германия астанасында өткен «StarLadder Berlin Major 2019» жарысының гранд-финалында екінші орынға ие болды.
09 Қыркүйек, 2019
Димаштың концертін АҚШ-та ұйымдастыру біз үшін үлкен мәртебе - А.Райымқұлова
Өткен ғасырда әлемді «коммунизм елесі кезіп жүрсе», Құдайға шүкір, жаңа ғасырда қазақ әні әлемді баурай бастады. Кешегі «ән салатын қазақ даласының» бүгінгі перзенті, яғни қазақ баласы әнді далада емес, әлем сахнасында шырқайтын шырқау биікке көтерілді. Өркениетте өзіндік орны бар елдердің өнерді бағалай білетін жұртының өзі алаш оғланының даусына таңдай қағып, ерекше қошемет көрсетіп жатқаны – осының дәлелі.
09 Қыркүйек, 2019
«Қаламгер» фильмі жарыққа шықты
«Хабар» агенттігінің тапсырысымен даярланған «Қаламгер» атты толықметражды фильм жарыққа шықты. Қазақ әдебиетінің Кеңес дәуіріндегі тынысын арқау еткен тарихи драма еліміздің кинотеатрларында 12 қыркүйектен бастап көрсетілмек.
09 Қыркүйек, 2019
Арқа төрінде бірнеше күнге ұласқан Азия қаламгерлерінің тұңғыш форумы елордамызда ерекше салтанатпен жабылды. Форум аясындағы үш күн ішінде ауқымды да жемісті жұмыс атқарылып, оқырманға олжа болар үлкен шығармашылық серпіліс пайда болды. Панельдік сессиялар, пікірталастар, сәтті өткізілген кездесулер барысында меморандумдарға қол қойылып, астанамыздың қақ төрінен «Қаламгерлер аллеясы» ашылды.
09 Қыркүйек, 2019
Жастарға жалға берілетін баспана
Тұрақты жұмысы бар жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтердің қандай тәртіппен берілетіні белгілі болды. Оның тиісті қағидалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
09 Қыркүйек, 2019
Мүмкіндіктер мекенінде мүмкіндік мол
Жастар жылына орай, Жуалы ауданының «Тау самалы» лагерінде Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі «Мүмкіндіктер мекені» атты облыстық оқыту лагерін ұйымдастырды.
09 Қыркүйек, 2019
Жастар жылында жас толқынды қолтығынан демейтін шарапатты шаруа аз емес. Соның бірі – халықаралық Қайта құру және даму банкі мен еліміздің Білім және ғылым министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «ZhasProject» жобасы. Бұл жоба Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының жастарын қамтиды.
09 Қыркүйек, 2019
Польша тарихи деректі қайта қарайды
Биыл II Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Қайғылы датаны қанды қырғынның оғы алғаш атылған елде – Польшада атап өту дәстүрге айналған. Бұл жолғы еске алу шарасы фашизмді сынаумен қатар, саяси тұрғыдан да ерекше болды десек қателеспейміз.
09 Қыркүйек, 2019
Айғайшыл азшылық «диктатурасы»
«Қытайға зауыт салдырмаймыз!», «Отан сатылмайды!» Соңғы кезде еліміздің жекелеген қалаларында – бір жерлерде ондаған, енді бір кенттерде жүздеген кісі осындай ұрандар көтеріп шыққаны белгілі. Қытайға қарсы шеруге шыққандар нендей уәж айтады? Қандай нақты, бұлтартпас фактілерге сүйенеді? Қолдарында дәйекті, сенімді сараптама бар ма? Әлде құр даурықпа, қауесет пе?
09 Қыркүйек, 2019