Редакция таңдауы
Трамп Гренландияны меншіктеуге құлықты
Жаңа жерлерді сатып алып, аумағын кеңейту – алпауыт елдің тәжірибесінде бар дүние. Кейінгі күндері БАҚ беттерінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Данияға қарасты Гренландияны меншіктеп алуға ниетті екенін аңғартқаны қызу талқыланып жатыр.
23 Тамыз, 2019
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді
Ресей мен Қытайдың талабымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Оған Пентагонның 25 тамызда орта қашықтықтағы Tomahawk қанатты зымыранын сынау жоспары себеп болып отыр.
23 Тамыз, 2019
Орталық Азия тағы да басты назарда
Қазақстан астанасында Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері және АҚШ өкілінің қатысуымен «С5+1» кездесуі өтті. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Сыртқы істер министрлері мен АҚШ дипломаты аймақтың негізгі мәселелерін талқылады.
23 Тамыз, 2019
Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болды. Аудан орталығы Қандыағашта сенаторлар көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен, көп балалы отбасылардың мәселелерімен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
23 Тамыз, 2019
Әлеуметтік бастамаларға қолдау қажет
Кереку өңірінде ҮЕҰ – бизнес – мемлекет серіктестігіне арналған «ASAR» IIІ республикалық форумы өтті. Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева қатысты.
23 Тамыз, 2019
Ұлттық комиссияның отырысы өтті
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда бағдарламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
23 Тамыз, 2019
ҚАЖ мекемелеріндегі заңдылық жайы қаралды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйін талқылады.
23 Тамыз, 2019
Банкроттық экономикалық және әлеуметтік ахуалға қалай әсер етеді?
Жыл басында Елбасы Ұлттық банкке бәсекеге қауқарсыз бизнес нысандарды банкрот етуге рұқсат беруді тапсырған болатын. Қазір Ұлттық Банк осы бағытта жоспар дайындап жатыр. Бизнесті банкрот қылудың ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайына қандай әсері болуы мүмкін?
23 Тамыз, 2019
Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, кәсіпорындарды аралады
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.
22 Тамыз, 2019
Алматыда «Central Asia Youth Festival» I Орта Азиялық фестивалі басталды
Жастар жиынына еліміз аймақтарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елінен үш жүзден астам қонақтар келген. Халықаралық ұйымдардың мүшелері болып табылатын әрі жас көшбасшылармен қатар сарапшылар, қоғам, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, спортшылар да осы фестивальдің қонағы.
22 Тамыз, 2019
Кешенді тестілеу кезінде 1021 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Дидар Смағұлов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың қатысуымемагистратураға түсу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қортындысына арналған брифинг өтті.
22 Тамыз, 2019
Токио-2020 Олимпиадасы қарсаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті» қоғамдық бірлестігі арасында Токио-2020 Олимпиада ойындары мен Токио-2020 Паралимпиада ойындары қарсаңында және оның барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Арыста 7073 үй қалпына келтірілді
Арыс қаласында 22 тамыздағы жағдай бойынша негізгі қалпына келтіру жұмыстары 7073 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерде аяқталды, оның 548-де косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
22 Тамыз, 2019
Н.Нығматулин Қытай елінің Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Павлодар мұнай-химия зауыты Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады
Павлодар мұнай-химия зауыты ASTM D 1655 стандарты бойынша Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады. Игеру зауытты технологиялық жаңғырту шеңберінде жоспарланған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Асхат Қанатұлы Қайнарбеков ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Солтүстік Қазақстанда 9287 бала бірінші сыныпқа барады
Жаңа оқу жылында 71 мың оқушы партаға отырады. Олардың 9 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары.
22 Тамыз, 2019
Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Шетелдік журналистер: «Қазақстан ең талғампаз туристерге де қызықты»
Қазақстан астанасы шетелдік журналистер үшін ұйымдастырылған арнайы «мәдени» баспасөз турының соңғы нүктесі болды. Іс-шара барысында олар Алматы, Шымкент қалалары және Алматы мен Түркістан облыстарын аралап қайтты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі «С5+1» кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019