Редакция таңдауы
Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Шетелдік журналистер: «Қазақстан ең талғампаз туристерге де қызықты»
Қазақстан астанасы шетелдік журналистер үшін ұйымдастырылған арнайы «мәдени» баспасөз турының соңғы нүктесі болды. Іс-шара барысында олар Алматы, Шымкент қалалары және Алматы мен Түркістан облыстарын аралап қайтты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі «С5+1» кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Тамыз, 2019
Алексей Луценко ТОП-15 велошабандоздың қатарына енді
Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингінде жоғарылады.
22 Тамыз, 2019
Бар шаруаны «...бот» арқылы бітіресіз
Қазір мемлекеттік қызмет түрі электронды форматқа ауысуда. Үйде отырып-ақ, қажетті анықтаманы алып, өтініш толтыра аласыз. Уақытыңыз үнемді, кезек күтіп шаршамайсыз.
22 Тамыз, 2019
Ұлттық дәстүр шетелдік өнерсүйер қауымның көңілін аударып отыр.
«Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінің 1-орын иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Гүлназым Өмірзақ – белгілі суретшілер мен қолөнершілердің отбасында дүниеге келіп, өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген жас суретші. Бейнелеу өнерінің көшін көркем ізденістерімен толықтырып, дара қолтаңбасымен ерте мойындалған Гүлназым бүгінде шетелдік өнерсүйер қауымның да көңілін аударып отыр.
22 Тамыз, 2019
Қайырымдылық іс-шарасы балаларға арналды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арналған қайырымдылық шарасын өткізді.
22 Тамыз, 2019
Білекті балуандар Нұр-Сұлтанда белдеседі
Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға да бір айдан аз уақыт қалды. 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және қыздар күресі бойынша әлем чемпионаты өтетіні туралы бұған дейін де жазған болатынбыз. Нұр-Сұлтандағы турнир келесі жылы Жапония астанасы Токиода өтетін Олимпия ойындарына жолдама беретін алғашқы іріктеу сайысы болатындығымен ерекшеленеді.
22 Тамыз, 2019
Әдетте қазақ жастары туралы сөз қозғағанда зиялы қауым өкілдері олардың күзетші болып жүргенін жиі айтатыны бар. Мұны кейде біздің мініміз ретінде де бағалап жатамыз. Бірақ ол да кәсіп, әрі еңбек нарығындағы сұраныс мүлдем бөлек.
22 Тамыз, 2019
Су қоймалары суға тәуелділікті шеше ала ма?
Жамбыл облысында бүгінде су тапшылығын жою, сол арқылы суармалы алқаптың көлемін арттыру мәселесі өзекті. Бірінші кезекте көрші Қырғыз Республикасында орналасқан «Киров» су қоймасынан келетін суға тәуелділікті болдырмау үшін өңірде бірқатар жұмыс қолға алынған. Әйтпесе Алатаудың арғы бетін жайлаған айыр қалпақты ағайындардың кейде суды бекітіп, кейде суды мөлшерден көп жіберіп жататыны бар. Тіпті кейде шіліңгір шілдеде, еңбек нағыз қызған уақытта бөгендерді бекітеміз деп өңір диқандарын әбігерге салатыны да болады.
22 Тамыз, 2019
Тарихымыздың өткені – болашағымыздың өткелі
Көне тарихтың көмбесін аршып алып, уақыт тозаңымен тұмшаланған ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабамыздың асыл мұрасын болашақ ұрпақтың кәдесіне жарату – ең маңызды істердің бірі. Біздің тілшіміз Ақмола облысының әкімі Ермек маржықпаевқа жолығып, осы тақырыпта әңгімелескен болатын.
22 Тамыз, 2019
Жеке кәсіпті бастаудың жолы бар
Жас кәсіпкер Евгения Шелудько былтыр наурыз айында жеке кәсібін ашты. Өз қабілетіне күмәнданған кейбір жас кәсіпкерлерге қарағанда, біздің кейіпкеріміз бизнес әлеміне батыл қадам басты. Евгения бөдене өсірумен айналысады. Оның командасы Екібастұз және Павлодар қалаларына бөдене еті мен жұмыртқасын жеткізеді.
22 Тамыз, 2019
Әбсаттар Дербісәлі Жапония үкіметінің орденімен марапатталды
Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәліні Жапония үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапаттады. Аталған орден Жапон императорының бұйрығымен Жапониямен достық қарым-қатынастарда көрнекті үлес қосқан шетел азаматтарына беріледі.
21 Тамыз, 2019
Мемлекет басшысы Әлтайыр Ахметовты жаңа қызметке тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Тамыз, 2019
Партия нақты жұмыс істеп, нақты шешімдер шығаруы керек - Н. Назарбаев
Бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
21 Тамыз, 2019
Елорда әкімі өсімдіктері қурап жатқан бірнеше саябаққа барды
Қала әкімі А. Көлгінов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрімен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақтарды аралап, жаяу жүріп өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
21 Тамыз, 2019
Бюджетті тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді – Г. Исимбаева
Бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
21 Тамыз, 2019
Түркі Академиясының президенті Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті
Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Бұл туралы twesco.org хабарлады.
21 Тамыз, 2019
Бас басылым. Мемлекеттік тілдің мерейін асырған мақалалар
Редакциядан: Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы аймақтар арасында алғашқы болып «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «Тіл тарихы: 100 жылдық жылнама» деген атаумен публицистикалық шығармаларға байқау жариялаған болатын. Байқауда 6 қатысушының шығармасы топ жарып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осы байқауда жүлделі 1-орын алған журналист Болат Мәжиттің мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
21 Тамыз, 2019
Мәскеу облысының Алабино полигонындағы «Патриот» саябағында бесінші халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі мен жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы үшінші орынды еншіледі. АрХО жабылу рәсіміне еліміз әскери ведомствосының басшысы Н.Ермекбаев арнайы барды.
21 Тамыз, 2019