Редакция таңдауы
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау жөніндегі іс-шаралар қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Шілде, 2019
Инсульт мәселесі өзектілігін жоймайды
Елімізде инсультке шалдыққандардың саны азаймай отыр. Оған адамдардың саламатты өмір салтын сақтамауы басты себеп көрінеді. Биыл бас қалада төртінші жыл қатарынан өткізілген «Инсульт мектебі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына жиналған мамандардың пікірі осыған саяды.
23 Шілде, 2019
Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны
Шымкентте омыртқа ауруларына ем жасайтын орталық ашылды. Онда ем алушылар бірнеше жыл мазалаған омыртқа жарығынан толық жазылғанын айтып жатады. Бұл ғана емес, мұнда протрузия, сколиоз, остеохондроз, тіпті кейбір буын ауруларына да кешенді ем жасалады.
23 Шілде, 2019
Алматы – «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық жобасына қосылған алғашқы қала
Алматы қаласы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылды. Бұл – Еуропаның 40-тан астам қаласында күнделікті жергілікті уақытпен 15:15-те басталатын заманауи саяхатшыларға арналған қалалық пайдалы экскурсиялар легі. Алматы – «15:15 форматында» серуендеуге болатын Қазақстанның алғашқы қаласы болмақ.
23 Шілде, 2019
Еңбек қатынастары: өзгергенді көз көрмей тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдіктер мен қазақстандық жұмысшылардың жалақысындағы теңсіздікті жою шараларын нақты жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуді міндеттегені көңілімізді қуантты. Жасыратыны жоқ, еңбекақы теңсіздігі мәселесі өзекті күйде қалып тұр.
23 Шілде, 2019
Патентпен жұмыс істеу тоқтатылады
Келер жылы елімізде бөлшек саудада патентпен жұмыс істеу тоқтатылады. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Сарапшылар мұның арты жақсылыққа апармайды деп дабыл қағуда. Себебі сауда секторында Қазақстанда 100 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етіп жүр.
23 Шілде, 2019
Мұнай тасымалдаудың сенімді әдісі
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2019 жылғы 20 маусым күнгі №116 санында Қазақстан Республикасының 2019 жылғы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығына ғылым мен техника саласы бойынша ұсынылған жұмыстардың алдын ала таңдап алынған тізімі туралы жарнама жарық көрді. Ол ғылыми жұмыстардың толық тізімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен аталған министрліктің Ғылым комитетінің сайтында танысуға болады. Олардың қатарында Е.Қ.Бейсембетов (жетекші), Т.Т.Бекібаев, У.К.Жапбасбаев, Б.К.Кенжалиев, Е.Махмотов және Б.К.Саяхов сынды ғалымдар ұжымының «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырларының бағыттары бойынша мұнай қоспасы мен мұнай тасымалдау барысында энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» атты ғылыми жұмысы бар.
23 Шілде, 2019
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі мен миссиясы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келешегі туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ұлттық кеңес мүшелері мен сарапшылар қатысты.
23 Шілде, 2019
Сауалдамаға 3176 адам тартылады
Қазақстанның Азаматтық альянсы қараша айында қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама жасайды. Оған дейін сарапшылар қоғамдық кеңестер институтын дамытудың қазіргі жай-күйі жөнінде зерттеу жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
23 Шілде, 2019
Қазақтану – бір тудың астына бірігу
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
23 Шілде, 2019
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Президент А.Ғ. Балаеваны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы қаулыға қол қойды.
22 Шілде, 2019
Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22 Шілде, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Димашты мақтан тұтамыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде Димаш Құдайбергенов туралы пікір білдірді.
22 Шілде, 2019
Президент қысқамерзімді демалысқа шықты
Мемлекет басшысы қысқамерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
22 Шілде, 2019
Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен отандық опера жұлдыздарының Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театр сахнасында қойған «Мадам Баттерфляй» операсы көрерменді тебірентті.
22 Шілде, 2019
«Көкірегіме көшкен Қалмаққырылған, Ақшиман»
Екі жыл бұрын газетімізде «Қалмаққырылған неге елеусіз қалған?..» деп жазған едік. Қалмаққырылған тарихы ашылмаған арал секілді. Өйткені облыстық ішкі саясат, мәдениет, туризм басқармалары тарапынан тиісті жұмыс жүргізілмей келеді.
22 Шілде, 2019
Құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
22 Шілде, 2019
Ассамблея жастары хакім өлеңдерін оқыды
Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысушылармен кездесті.
22 Шілде, 2019
Жуырда Қазақстан Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мен ережесі бекітілді.
22 Шілде, 2019
Күтім болмаса, топырақ та тозады
Жер байлығына деген тұтынушылық көзқарастың салдарынан адамзатқа ортақ игіліктің жылдан-жылға құнары азайып барады. Бұл проблема біздің елімізге де қатысты. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаевтың «Тағы бір өзекті мәселе – жерді тиімді пайдалану» деп, осы тақырыпқа арнайы тоқталғаны белгілі. Себебі бар жерді тиімсіз пайдаланудың экономикалық зияны да шаш етектен.
22 Шілде, 2019