Редакция таңдауы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде V Армиялық халықаралық ойындары-2019 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау мен құттықтау рәсімі өтті.
12 Қыркүйек, 2019
Бүгінгі таңда «байырғы адами құндылықтар жойылып бара жатыр» дегенді әркім айтады. Бұл өте орынды пікір. Қандай бір халық заманға сай өсіп-өркендеп, әлем қауымдастығы алдында өзінің ұлттық бет-бейнесін сақтап қалу үшін сан ғасырдан бері үзілмей келе жатқан байырғы құндылықтары: салты мен дәстүрі, тілі мен діні, ешкімге ұқсамайтын тұрмыстық һәм рухани қарым-қатынас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Төтесін айтқанда, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай алмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр.
12 Қыркүйек, 2019
Біржан Нұрымбетов: Мүгедектерді оңалтуды қамтамасыз ету қажет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өңірлердегі мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесін жеке қадағалауына алмақ. Бұл туралы ол министрліктің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында айтты.
12 Қыркүйек, 2019
Аймақтың бизнес-хабына айналады
Президент Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың негізі екендігі айтылды. Әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның нәтижесінде тұрақты жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азаяды.
12 Қыркүйек, 2019
Арыста жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталған
Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
12 Қыркүйек, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсеф Әбделғаниды қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
12 Қыркүйек, 2019
Елордада Astana Media Week өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі Astana Media Week (AMW) апталығының ашылу рәсімі болды. «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған шара үш күнге жоспарланған. Отандық бұқаралық ақпарат өкілдерінің басын қосқан бұл алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арнайы қатысты.
12 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қыркүйек, 2019
Apple жаңа өнімдерін таныстырды
Apple-дің бас директоры Тим Кук Калифорнияда өткен дәстүрлі шарада компанияның жаңа өнімдерін таныстырды.
11 Қыркүйек, 2019
«Егемен»-де жарияланған мақала бойынша депутаттық сауал жолданды
Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді ұсынды.
11 Қыркүйек, 2019
Д.Абаев: Министрлік масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға дайын
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana Media Week іс-шарасының ашылуында айтты.
11 Қыркүйек, 2019
Арыстық балалар – Молдова жерінде
Арыс қаласындағы балалар үйінің төрт тәрбиеленушісі 8 қыркүйекте Молдова астанасына ұшып барды. Балдырғандар саяхат аясында осы елдің тарихи-географиялық, сондай-ақ этномәдени ерекшеліктерімен танысуда.
11 Қыркүйек, 2019
Электронды сауданың үлесі артады
Елімізде электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жүйелі жұмыс жүргізілсе, алдағы алты жылда электронды сауданың үлесі қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін артуы бек мүмкін.
11 Қыркүйек, 2019
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференция өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған мәдени шараға еліміздің археолог-тарихшыларынан бөлек Франция, Түркия, Әзербайжан, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары, бірнеше елшіліктің ресми өкілдері қатысты.
11 Қыркүйек, 2019
Табиғаттың тылсым сырын ішіне бүккен қызғылт каньон жардан төмен құлаған күйі ағараңдап жатқан жалғыз аяқ жол арқылы өзіне жетелейді. Аңсарыңды аудара қызықтырған қызғылт каньонды географ мамандар кейде «Қамалдар аңғары» деп те жазады. Содан ба, біз өзіндік ерекшелігіне қарай Қызғылт қамалдар аңғары дегенге ықылас таныттық.
11 Қыркүйек, 2019
Баянауылдың бір байлығы – орманы
Сібірдегі орман өрті ресейліктердің мазаларын кетіргенін теледидар арқылы көріп отырдық. Солтүстік өңірде де ыстық болғандықтан Павлодар өңіріндегі орманшылар, өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар басқармасы биыл күндіз-түні табиғат күзетінде болды.
11 Қыркүйек, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ән өнерінің ақтаңгері – Біржан салдың туғанына 185 жыл толуына орай таланттың туған топырағы Біржан сал ауданында ажарлы той өткізілді.
11 Қыркүйек, 2019
Биылғы жаз маусымында темір жол және әуе жолдары арқылы қатынаған қазақстандықтар билеттің қымбаттығына байланысты біраз қиындықтарға тап болғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы пікір білдіріп, тиісті ведомстволарға мәселені тездетіп реттеуге тапсырма берген еді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы брифинг өткізіп, жолаушылар тасымалы нарығындағы бүгінгі ахуалды түсіндірді.
11 Қыркүйек, 2019
Онлайн дауыс беру жергілікті билікті бағалаудың тиімді тетігі бола ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауының «Қуатты өңірлер – қуатты ел» тақырыбымен берілген соңғы V тарауының бірінші бөлігінде жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға назар аударылған.
11 Қыркүйек, 2019