Редакция таңдауы
Осы аптада сайлауалды науқан шарықтау шегіне шығады. Кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары үгіт-насихат жұмыстарына қарқын қосып, барлық өңірді барынша қамтуға тырысып бағуда. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар президенттіктен үміткерлерді жете тани түсті.
05 Маусым, 2019
Ауыз сумен қамту ісінде нәтиже керек
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды.
05 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында «Байтақ – Болашақ» республикалық экологиялық альянсының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы су мәселелерінің жағдайы және оны шешу жолдары» тақырыбында III Халықаралық экологиялық конгресс өтті.
05 Маусым, 2019
30 мамырда Мекке қаласында Сауд Арабиясының королі Салман ибн Әбдел-әзиз Әл Саудтың бастамасымен Араб Лигасына мүше барлық 20 мемлекет көшбасшыларының төтенше саммиті болды.
05 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ғұмыр бойғы Құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін қырғыз жұртшылығы да жылы қабыл алды. Солардың бірімін.
05 Маусым, 2019
Еуропарламент сайлауы: Кәрі құрлықтың жаңа саяси күштері
Мамырдың 23-26-сы аралығында Еуропарламентке сайлау өтті. Еуропаның 28 еліндегі партиялар Еуропарламенттегі 750 депутаттық мандатқа таласты. Көктемде Британия Еуроодақ құрамынан шығып, мандат саны 705-ке азаяды деп күтілген. Дегенмен Брексит келіссөзі әлі жалғасып жатқандықтан, Британия осы сайлауға қатысуға «мәжбүр» болды. Алайда брит елі одақ құрамынан шыққан күні сол елден сайланған депутаттар да Еуропарламентті тастап шығуы тиіс. Енді бұл парламент алдағы 5 жылда жарты миллиард еуропалықтардың мүддесін қорғауы керек. Түсінікті болу үшін біздің елдің саяси жүйесімен салыстырсақ, Еуропарламент – ол Мәжіліс, ал Еуропалық кеңес – Сенат. Ол кеңестің құрамына 28 елдің басшысы кіреді. Еуропалық коммиссия –үкімет. Яғни, атқарушы билік.
05 Маусым, 2019
Қарағандыда ойыншықтар көрмесі ұйымдастырылды
Балалардың ойыншығы – өмірдің кішірейтілген нұсқадағы көрінісі іспетті. Өйткені, олар ұлттық дәстүр мен географиялық ерекшеліктерді бейнелейді. Тіпті, ойыншықтарды кез-келген мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі деп те сеніммен айтуға болады.
04 Маусым, 2019
30-жылдардағы зұлмат пен оның қасіреті – қазақ тарихындағы айтуға да ауыр жағдайлардың бірі. Бүгінгі ұрпақ жазықсыз жапа шегіп, қуғын-сүргінге түскендер мен ашаршылық құрбандарын еске алып, келешек ұрпақтың санасына сіңіріп отырады.
04 Маусым, 2019
Ерекше жобалар орындалуымен маңызды
Павлодарлықтар Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған танымдық-рухани шараларды жүзеге асыруда өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс. Кереку-Баян жерінің бай шежіресі, тұнған тарихы тіпті де мол мүмкіндікке ие. Рухани жобалар қоғам санасын жаңартуға арналған идеяларды жарқыратып, ұрпағына жеткізері сөзсіз.
04 Маусым, 2019
Биыл жетінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алған 17 отбасы сайдың тасындай іріктеліп келгені бірден аңғарылды.
04 Маусым, 2019
Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікке жаңа серпін береді
Қазақстан дамудың жаңа сатысына түсті. Келешегі кемел ел болу үшін әр мемлекеттің бағыты нық, мақсаты айқын болуы керек. Жаһандық өзгеріске Қазақстан қандай экономикалық әлеуетімен кіре алады?
04 Маусым, 2019
Бұқаралық іс-шаралар сайлаушыларды біріктіреді
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында жер-жерде түрлі форумдар, мәдени-спорттық іс-шаралар мен флешмобтар ұйымдастырылып жатыр. Олар кандидаттар мен сенім білдірілген адамдардың халықпен кездесуін қызықты етіп өткізуге, жұртты көп жинауға септігін тигізуде.
04 Маусым, 2019
Көп балалы отбасыларға пәтер берілді
«Nurly Ertis» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көп балалы отбасы көшіп келді. Балалар мерекесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордалық тіркеуін өзгертуге шешім қабылдаған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
04 Маусым, 2019
Асқақ мұрат, жалындаған жастар
Ел игілігі жолындағы белсенді еңбекке қатысу жолдары сан-салалы болғанымен, көңілді күпті ететін жайттар аз кездеспейді. Мысалы, бүгінде шешуші ұлттық факторға айналып отырған жасампаз еңбекке кейінгі толқынды тарту, ынталандыру жайы қалай деген сауал қойылса, күмілжіп қалатынымыз рас. Өйткені жастар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге бейім, масылдық пиғыл басым, қоғамдық пайдалы іске ынтасыз, құлықсыз деген секілді айыптаулар жиі айтылатындықтан кейде таразы басы қай жаққа ауатынын білмей дал боласың. Жаһандық бәсекелестік жағдайында бұл буынның арасында шынайы өндірістік еңбектің қадірі төмендеп, беделі түскендей көрінгенімен, шын мәнінде, олай емес екеніне Ж.Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде өткен «Жас келсе – іске!» атты ауылдың еңбекші жастарының республикалық форумында жауап тапқандай болдық.
04 Маусым, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында еліміздегі қоғамдық жаңару аясында шетелдегі қазақтарды қолдау мақсатында қор құруды тапсырған болатын. Нәтижесінде «Отандастар қоры» КеАҚ құрылды. Кеше ұйымның алғашқы отырысы өтіп, қордың жанынан Қоғамдық комиссия құрылды.
04 Маусым, 2019
Алаш арыстарының бірі Сұлтабек Қожанов – ғұмыры қасіретке толы тұлға. Ол 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, атылды. С.Қожанов 1958 жылы ақталса да, ірі мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, соңғы кезге дейін өзінің тарихи бағасын ала алмай, ол туралы кең көлемде ашық жазылмай да, айтылмай да келді.
04 Маусым, 2019
Дала зиянкестерімен күрес – күрделі мәселе
Екі жыл бұрын Жамбыл облысының жайылымдық жерлерінде шегіртке қаптап, әсіресе егінге қауіп төндірген еді. Тіпті талай гектар егінді отап тастаған зиянкестер халықтың алаңдаушылығын да тудырған. Жаз шығып, жайлау қызған шақта шегірткелер шабуылының да басталатыны белгілі. Жалпы, жаз мезгілі келгенде зиянкестердің мыңдаған алқапты басып қалу қаупі бар. Соңғы екі жылдан бері өңірдің мамандары зиянкестермен күреске ерте қамданып, тиісті шешімдер қабылдап келеді.
04 Маусым, 2019
Азаматтардың еңбек құқығы сақталуы тиіс
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары кеше Атырау облысында жалғасты. Өңірге келген бетте Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды.
04 Маусым, 2019
Президент «Әулие ата» халықаралық әуежайына барды
Мемлекет басшысына Жамбыл облысының орталығындағы халықаралық әуежайдың еліміздегі жаңа, қазіргі заманға сай әуе айлақтардың бірі екені баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03 Маусым, 2019