Редакция таңдауы
Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті қабылдады
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті 2019 жылы 20 мамырда Ыстанбұл қаласында қабылдады.
21 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
21 Мамыр, 2019
Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
21 Мамыр, 2019
Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті
Сенаттың вице -спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Мамыр, 2019
Ашхабадта Шымкенттің жаңа жобалары таныстырылды
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов осы аптада Ашхабадта өткен ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XIV форумына қатысты. Форум барысында Шымкент қаласы «Достастықтың мәдени астанасы - 2020» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты сайты хабарлады.
21 Мамыр, 2019
АХҚО биржасына қызығушылар көп
Екі күнге созылған Астана экономикалық форумы жақында мәреге жеткені белгілі. Ауқымды іс-шара 16 мамыр күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен таңғы бизнес астан бастау алған-ды. Аталған шараға қатысушылар бұл форумның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
21 Мамыр, 2019
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, егер өңірдегі ауылдарда 345 қоқыс полигонын салу үшін 52 млрд теңгедей қаражат қажет көрінеді. Сондықтан, қоқыс жинау орындарының оңтайландырылған типтік жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын тиісті министрлікке жолдапты.
21 Мамыр, 2019
Ақшаны құмар ойынға тігіп жіберіпті
Баяғыда бір жігітті кедейшілік қысып, ұрлық жасамақ болады. Түнде көршісінің қойын ұрлап сойып алады. Көршісі іздеу салғанымен таба алмаған. Осыған дәндеген әлгі жігіт тағы ұрлық қылады. Бұл жолы да бұдан ешкім сезіктенбеген. Үшінші ұрлығында қолға түсіп қалыпты. Сотқа тартылғанда «бір секірдім, құтылдым, екі секірдім, құтылдым. Үшіншісінде тұтылдым. «Ұрлық түбі – қорлық» деген осы екен-ау» деп торыққан екен.
21 Мамыр, 2019
Аймақтың Жапониямен ынтымақтастығы жалғасады
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы (ОАЖД) Сыртқы істер министрлерінің 7-отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
21 Мамыр, 2019
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды. Форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысуда.
21 Мамыр, 2019
«WorldSkills Shygys» жұмысшы мамандығының мәртебесін көтереді
Өскеменде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру һәм Жастар жылы аясында «WorldSkills Shygys – 2019» 4 аймақтық чемпионаты өтті. Үш жүзге жуық студенттің басын қосқан шара шеңберінде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беретін «My PRO» мамандықтар фестивалі мен «Abilympics Shygys – 2019» I кәсіби шеберлік чемпионаты да ұйымдастырылды.
21 Мамыр, 2019
Сайлауалды бағдарламалар – әлеуметтік мәселелер шешімі
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы басталды. Өңір-өңірдегі кездесулер барысында халық өздерін мазалаған мәселелердің шешімін кандидаттардың сайлауалды бағдарламасынан кездестіріп, қызығушылық танытып жатыр.
21 Мамыр, 2019
ТМД Байқаушылар миссиясы келді
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын заңдылыққа сай өтетіндігін байқау үшін елімізге ТМД-дан байқаушылар тобы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары келіп жатыр.
21 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісімен кездесті
Мемлекет басшысы кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдар мен серіктестікті нығайту ісіне қосқан жеке үлесін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20 Мамыр, 2019
Алматыда көпбалалы аналарға пәтер кілті табысталды
Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды.
20 Мамыр, 2019
Сарапшылар Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмысына баға берді
Алматыда алдағы Президенттік сайлауға қатысты жиын өтті. Басқосу барысында отандық зерттеушілер мен сарапшылар сайлау науқанына, үміткерлердің әзірлік жұмыстарына байланысты өз пікірлерін ортаға салды.
20 Мамыр, 2019
Түркістан облысында баламалы қуат көздері көбейеді
Түркістан облысына қаржы құюға әзір инвесторлар баламалы қуат көзі секторына көп қызығушылық танытуда. Мысалы, Арыс қаласында «KazGreenTekSolar» ЖШС-і мен франциялық «УрбоСолар» компаниясының бірлескен жобасы бойынша күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансаның құрылысы жүргізілуде.
20 Мамыр, 2019
Бала құқығы басты назарда болсын
Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
20 Мамыр, 2019
Жаһандық экономикадағы соңғы үрдістерге қанықты
XII Астана экономикалық форумы-2019 аясында аузы дуалы экономистер мен сарапшылар қазақстандық жастарға дәріс оқыды. Биылғы «Жастар жылында» оларға әлемдік танымал тұлғалармен жүздесудің сәті түсті.
20 Мамыр, 2019
Көшбасшы жастардың көшелі жиыны
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі «Алтын қырғауыл» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы басталды. Жастар жылының аясында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық жас келді.
20 Мамыр, 2019