Редакция таңдауы
Маңғыстауда Бас имам оразаға қатысты брифингке қатысты
«Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков айлардың сұлтаны Рамазан айында жасалатын құлшылықтар мен биылғы оразада болатын өзгерістерге қатысты мәлімет берді.
05 Мамыр, 2019
Ақжайықта ат спорты кешені ашылды
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Құлагер» ат спорты кешені ашылды. Осы өңірде үйір-үйір жылқы айдаған белгілі кәсіпкер Болат Аткеевтің бастамасымен ұйымдастырылған кешен ұлттық ат спортын дамытып, келушілердің мәдени демалысын байытуға, сондай-ақ иппотерапиялық қызмет көрсетуге ден қойып отыр.
05 Мамыр, 2019
Алматыда жаңа велотрек іске қосылды
Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қала жұртшылығы асыға күткен жаңа велотрек ашылды. Спорттық алаңның ашылу салтанатына тозығы жеткен нысанды қалпына келтіруге қаржылай қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның өкілдері, қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және спортсүйер алматылықтар қатысты.
05 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы гипс өндіру зауытының еңбек ұжымымен кездесті
Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов, Қожахан Жабағиев, Бекболат Тілеухан, Серік Құсайынов, Петр Шарапаев Жамбыл облысындағы гипс және гипсокартон өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Мамыр, 2019
Қазақ музыкасы мәскеуліктерді тәнті етті
Тұңғыш Президент - Елбасының бағдарламасы аясында, Мәдениет және спорт министрілігі мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен, 3 мамыр күні Геликон-Операда Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің концерті өтті. Екі сағатқа созылған «Ұлы дала сарындары» бағдарламасы ұжымның 85 жылдығына арналды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Мамыр, 2019
Бейбіт Атамқұлов Түркия Елшісін қабылдады
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Қазақстандағы Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
05 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы офтальмология орталығының жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Сергей Звольский, Артур Платонов, Құралай Қаракен және Кәрібай Мұсырман Петропавлдағы офтальмология орталығына барды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Мамыр, 2019
Түркістан: Тау бөктерінде демалыс орындары көбеюде
Түркістан облысы, Төлеби ауданында табиғаты әсем тау бөктерін тиімді пайланып, демалушыларды көптеп тарту мақсатында жалпы құны 400 млн теңге болатын «AISA», «Ақкен» және «Асем Тау» демалыс орындары іске қосылды.
05 Мамыр, 2019
Түркістанда сауда орындары қала сыртына көшіріледі
Түркістан қаласының сәулеті мен құрылыс жоспарларына сәйкес, сауда жүйесінің басым бөлігі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Облыс орталығы аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары халыққа қызмет етуде. Оның ішінде, 5 әмбебап, 3 азық-түлік, 2 көкөніс және 7 азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар.
05 Мамыр, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің жаңа қолбасшыларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылды
Бүгін «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті. Оған кандидаттың сенімді өкілі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенімді өкілдер қатысты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
Президент сайлауына үшінші кандидат тіркелді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Онда 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Амангелді Таспиховты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
«Solar Fest Qazaqstan» фестивалі өтеді
Елімізде «Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану туралы» заңның қабылданғанына биыл 10 жыл толды. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды? Алда қандай жұмыстар жоспарланған? Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте Энергетика министрлігінің басшылық өкілдері осы туралы баяндады.
04 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездесті
Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәуренбаев, Бахтияр Мәкен еліміздегі іргелі оқу орнының бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
Бейбіт Атамқұлов Баронесса Эмма Николсонмен кездесті
Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша Сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысына барды
Парламент Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне барып, бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулылары алдымен «МАЭК-Қазатомпром» жұмысшыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Мамыр, 2019
Таразда тәуелсіз Қазақстанның дамуы туралы жиын өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетінің іргесін бекітіп, бірлігін бекемдеуде еткен еңбегі ерен. Азаттықтың ақ таңы атқалы бері еліміз биік белестерді бағындырып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бұл орайда Елбасының еңбегі кейінгі жастар үшін үлкен өнеге екені сөзсіз.
04 Мамыр, 2019
Павлодарда сап түзеу байқауына 500 жас қатысты
Облыс орталығындағы орталық алаңында өткен «VI облыстық Сап түзеу және солдат әндері байқауына» өңіріміздің қала мен ауылдарынан келген жастар қатысты.
04 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды
Мемлекет басшысына «Айбалта-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері мен міндеттері туралы баяндалды. Оқу-жаттығу барысында шартты қарсыласты жою кезіндегі Қарулы Күштердің мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03 Мамыр, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Уәлихан Қалижанды қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03 Мамыр, 2019