Редакция таңдауы
Нобель сыйлығы қай жазушыға бұйырады?
Әр жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы лауреатының есімі жарияланатын сәт таяған сайын дүние жүзіндегі көптеген оқырман жеңімпаз ретінде Муракамидің есімін көргісі келеді. Бірақ неге екені белгісіз, аты аталған жапон қаламгерінің бес жылдан бері бағы жанбай келеді. Сонымен, биылғы үміткердің аты аталатын сәт те таяды. Келесі аптада, яғни 10 қазан күні Нобель лауреаты аталған қаламгердің есімі жалпақ жұртқа жария болады. «Өлеңге әркімнің бар таласы» демекші, 6 жылдан бері осы салаға үңіліп жүргендіктен, биыл да ойымызды айтып көрелік.
05 Қазан, 2024
Білім мен ғылым саласы жүйелілікті, нақтылықты жақсы көреді. Әу баста «Әліппеміз» аз уақытта, орнымен әлемде қайталанбас ана тіліміздің құбылысын ашудың кілтін ұстатса, университеттік әрбір классикалық пән үлкен дүниенің негізін, анықтамасын, мән-мағынасын, қағидатын, тұжырымын, өрістеу жолын көрсетіп берді.
05 Қазан, 2024
Бизнестің бөлшектенуі кімге тиімді?
Жақында «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдан бастап заңдастырады деп отырған Салық кодексінің жаңа, кезекті жобасы жарияланды. Осыған дейін бұл жобаның ескі нұсқасы тым қатаңдығы мен жетілмегені үшін сынға іліккен. Жаңа жобаны жұрт назарына ұсынып отырған жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «бизнестің бөлшектеніп кетуіне жол бермеу қажет» деген тапсырмасын басшылыққа алғандай. Бұл міндетті шешкісі келген әзірлеушілер ресейлік үлгіні негізге алып, арнайы салық режімдерін енгізуге шешім қабылдаған көрінеді.
05 Қазан, 2024
Жуырда Сауда және интеграция министрлігі елдегі азық-түлік өнімдерін өндіретін компаниялар арасында бірқатар сауал туындатқан мәліметтерді жария етті. Аталған министрлік еліміздің шекаралас аймақтарындағы сауда орындары сөресінің 70-90%-ы отандық азық-түліктерден майысып тұр деп мәлімдеді. Ақиқатында солай ма? Мекеме жариялаған көрсеткіштер нақты жағдаймен сәйкесе ме?
05 Қазан, 2024
Адамзаттық һәм ұлттық мұрат жолына ғұмырын арнаған кескекті ердің сойы қазақта аз емес. Солардың бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов. Ерен тұлғаның тағдыр жолында өміршең өнеге ізі сайрап жатыр.
05 Қазан, 2024
Қазақстандықтар 6 қазан күні сайлау учаскелерінде уақытша тіркеуге тұра алады
Референдум өтетін күні тұрғылықты жері жоқ азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қызмет көрсетеді. Олар сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркеле алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2024
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жарқын жеңіске жетті
Cиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді (21-1, 13 КО), деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қазан, 2024
Референдум: шетелде тұратын азаматтар қалай дауыс береді
Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2024
Елімізде 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жүр
Осы және басқа да сандық деректер Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2024
Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі
Еліміз де әлемнің көптеген елдері секілді энергия тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолдарын іздестіріп жатыр. Қазба отындарына тәуелділіктің экологиялық салдары баламалы таза энергия көздерін табуға мәжбүрлейді. Нақты тәжірибелер мен нәтижелерге сүйенсек, атом электр стансалары энергетикалық келешектің оңтайлы шешім екенін көреміз. Дегенмен бұл тақырыптағы пікірталас көбіне атом энергетикасы туралы қорқыныш пен мифке толы эмоционалды жазықтыққа ауады. Осы пікірлерді практикалық тұрғыдан «EcoJer» қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжановпен талдап көрдік.
04 Қазан, 2024
Ясауи – ұлт руханиятының темірқазығы
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оның жұмысына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Парламент депутаттары, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, бауырлас түркі мемлекеттерінің мүфтилері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
04 Қазан, 2024
Мен Атырауда тусам да, Алматыда анам – ақын Фариза Оңғарсынованың қолында өстім. Ең алғаш анам мені сол кездегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі – №12 қазақ орта мектебіне ертіп барғаны әлі күнге дейін көз алдымда. Мектеп табалдырығын аттаған сәтте ойын баласы ретінде ненің не екенін түсінбесем де, кейін ер жете осынау өзімнің тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебімнің қандай болғанын, ұрпақ үшін ғана емес, қазіргі тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты орны биік, тарихы терең екенін ұғынған сайын, өзімді басқалардан бақыттырақ сезінемін... Оның өзіндік себебі де жоқ емес.
04 Қазан, 2024
Демографияны жақсартатын бастамалар
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бастама елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде қолға алынған.
04 Қазан, 2024
Қай дәуірде болсын ұстаздың қоғамдағы рөлі, мәртебесі жоғары. Адам жанының нәзік иірімдерін түсініп, шәкірт болмысын дөп басып танып, болашақтың бақшасына жеміс егетін де, мәуелі бақтың бағбаны да – осы ұстаздың ұлағаты, шыдамдылығы мен шеберлігі, парасаты мен даналығы. Жас буынның болмысына, жүрегіне тәрбие, білім, жалпыадамзаттық аксиологиялық ізгілік игіліктерін дарыту барысында ұстаздың ішкі жан дүниесіне тән және сыртқы келбетінен көрінетін асыл қасиеттері тоғысқанда ғана жеке тұлғаға ықпал ететіні туралы пайымды тұжырымдар әрбір заманда өзектілігін, құндылығын жоғалтпайтынын білеміз.
04 Қазан, 2024
Елдің ядролық энергетика бағытын айқындайтын референдум
Қазір әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істейді. Бұл тізімге жақын арада Қазақстан қосылуы мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында 6 қазанда референдум өтетінін мәлімдеп, онда атом электр стансасының құрылысын жалғастыру-жалғастырмау мәселесі шешілетінін айтқан еді. Негізі елде осы мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Қ.Тоқаев осы идеяны алғаш рет 2019 жылы елдің энергетикалық қажеттіліктеріне орай, қазба отынына тәуелділікті және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған стратегиясын таныстырған кезде жариялады. Қазақстанда уранның орасан зор қоры өндіріледі, АЭС салудың бір себебі де – осы.
04 Қазан, 2024
Ғасыр бұрынғы дала өмірі (АҚШ ғалымының көзімен)
«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағдыры-талайы туралы әркім өз шамасынша толғады, жазды, айтты. Ал алпауыт елдерде туып-өсіп, өзін ғылымға арнаған тұлғалардың қазақ хақында қалам тербеуі, ізденіс жасап, оны ғылыми айналымға енгізуі, әрине, құптарлық, қуанарлық жайт. Біздің қолымызға түскен Гарвард университетінің мұрағатында сақталған қазақ туралы топтама суреттер сайын даланың төсінде жүрген халқымыздың кей сәттерін еміс-еміс еске салады. Осыдан 97 жыл бұрын, яғни 1927 жылы түсірілген бұл суреттер өткен ғасырдағы қазақтың қаз-қалпындағы бейнесін көрсетіп тұр.
04 Қазан, 2024
Биыл отандық тарих ғылымына сүбелі үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі марқұм Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбектің туғанына – 95 жыл. Р.Сүлейменов, М.Қозыбаев, Х.Арғынбаев, К.Нүрпейіс, З.Қинаятұлы, Б.Төлепбаев, сондай-ақ У.Шәлекенов, А.Оразбаев, Ә.Тәкенов, М.Ақынжанов, С.Жақыпбеков, Д.Дулатова, М.Даришев сынды өнегелі тұлғалар қатарында тарихшы-ғалымдардың тұтас буынының қамқоры болған, шәкірттерінің құрметіне, халықтың ілтипатына бөленген ұстазымыздың мұрасы ұлтпен бірге жасай береді.
04 Қазан, 2024
Құзар жартасқа өрмелей ұмтылған қолдың саласындай ақ қайыңдар жалқын сары бояу жағып алыпты. Бажайлап қарасаңыз, мың түрлі бояу кенепке салған мінсіз суреттей жайнап тұр. Бурабайдың баурайы күзгі шапанын айқара жамылыпты. Демалыс күні болғандықтан ба екен, Абылайхан алаңында демалып жүрген жұрт жыртылып-айырылады. Хан тағының қарсы алаңында шоғырланған адамдар. Әлденені қызықтап тұр. Біз де жеттік. Қолына зілдей алдаспан, аумағы әжептәуір қалқан ұстаған жас жігіт пониға мінбек. Таңғы тымық ауаны қақ айырып елеурей үн қатады.
04 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы: Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары
Мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде Президент мәслихаттар мен әкімдіктер өзара үйлесімді жұмыс істеуі керек екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қазан, 2024