Редакция таңдауы
Егістікке қажет машиналардың ескіруі шаруашылық жұмысын тұралатып тұр. Осы жылдың мамыр айында бір топ мәжілісмен Өнеркәсіп және Ауыл шаруашылығы министріне депутаттық сауал жолдады. Онда тозған техника салдарынан шаруалардың көктемгі және күзгі науқан кезінде қиындыққа тап болатыны айтылды. Жаңа техника бағасының тым қымбат болуы, шетелдік ауыл шаруашылығы машиналарын алып келудегі күрделі талаптар да шаруашылық өнімділігін арттыруға кедергі келтіріп тұр.
05 Қыркүйек, 2024
Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергия тапшылығына кеңінен тоқталып, атом электр стансасының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгілейтінін мәлімдеді. Осы орайда «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас менеджері Асуан Сиябековпен сұхбат құрған едік.
05 Қыркүйек, 2024
«Жайлы мектептерге» директорлар тағайындалды
Жаңа оқу жылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған алғашқы оқу ошақтары ашылған еді. Енді осы мектептерге «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» бағдарламасына қатысқан 20 білікті маман директор болып тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
05 Қыркүйек, 2024
50 мың ауыл тұрғыны медициналық әрі құқықтық көмек алды
Бүгінде еліміздің шығысындағы шалғай елді мекендерде сапарын жалғастырып жатқан «Саламатты Қазақстан» пойызының медицина қызметкерлері өткен аптада, яғни 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында ақысыз 613 адамның денсаулығын қарады, олардың 180-і – бала. Жылжымалы құрамдағы медиатор мен заңгер мамандар болса, тиісті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының 177 тұрғынына кеңес берді.
05 Қыркүйек, 2024
Салалық инновацияға серпін береді
Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет.
05 Қыркүйек, 2024
Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы
Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жатқан ғылымның күрделі саласының бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдерісін компьютерлік жүйеде модельдейтін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алынып жатқан мәселе болғанымен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференциясында шығып үлгерген. Нәтижесінде, жасанды интеллектіні игерген жасампаз мемлекеттер даму реттілігінде алғашқы орындарға орнығып алды.
05 Қыркүйек, 2024
Мұнай саласының ардагерлері марапатталды
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақ даласында мұнай өндірісінің басталғанына 125 жыл толуына орай мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, ел экономикасы құрылымындағы саланың маңызын атап өтті.
05 Қыркүйек, 2024
Кеше Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалық етуімен өткен палатаның жалпы отырысында 8 қаулы мен 2 заң жобасы қаралып, мақұлданды. Оның ішінде тұтынушылар құқығын қорғау, салық пен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға байланысты құжаттар да бар. Сондай-ақ аймақ халқының айтарына құлақ түрген депутаттардың да Үкіметке жолдаған сауалы аз болмады.
05 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен сайыс 13 қыркүйекте «Қазанат» ипподромында өтеді. 12 қыркүйекте мандаттық комиссия мен төрешілер алқасының отырысы болады. Өкілдер мен жаттықтырушылар да арнайы жиынға қатысып, бәйге ережесін талқылайды.
05 Қыркүйек, 2024
Локомотив құрастыру зауыты салынады
Атбасардағы ағайынның көбі нәсібін теміржолдан тапқан. Осы салаға қатысты ірі кәсіпорындар аудан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. Өткен аптада бұл қатарға тағы бір өндіріс ошағы қосылды. Локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсіміне куә болып қайттық.
05 Қыркүйек, 2024
Тарихи миссия – АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өз жұмысын бастады
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді, деп хабарлайды Egemen.kz Халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында Іле ауданының әкімі ұсталды
Бүгін Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Ерекше қызметкер
«Google» компаниясының Mountain View штаб-ғимаратында ерекше қызметкер бар. Ол шөп шабады. Бірақ айлық алмайды. Жұмысын ерекше жақсы көреді.
04 Қыркүйек, 2024
Өңірде Әлихан Бөкейхан атындағы екі мектеп бар. Біріншісі – Қостанайдағы аралас мектеп. Екіншісі – темір кенімен даңқы шыққан Қашар кентіндегі қазақ мектебі. Мұнда негізінен Өзбекстаннан көшіп келген қандастардың балалары білім алып жатыр. Айтпағымыз, осы екі білім ордасының қайсысына бара қалсаңыз да, кіреберіс кең дәліздің төрінен Алаш көсемінің мүсінін көресіз.
04 Қыркүйек, 2024
Көкпарда аттың да күші сыналады
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының түңлігі түрілуіне санаулы күн қалды. Ұлттық спорт аламанына әр құрлықтан келетін спортшылар апта бойы елорда төрін дүбірге бөлемек. Қалың жанкүйер көкпар додасы мен қырғыздың көкбөрі ойынын асыға күтетіні анық.
04 Қыркүйек, 2024
Отандық тауарларды сатып алатын негізгі елдер
Қазір Орталық Азия елдерінің өзара экономикалық интеграциясы жаңаша қарқын алды. 2024 жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстан импорттаушы елдер арасында көш бастады. Осы уақыт аралығында көрші елге экспортталатын өнім көлемі үш есе артып, 50 млрд теңгеге жетті. Өзбекстандық тұтынушылардың негізгі сұранысы – күнбағыс майы, ұн, құрылысқа қажет қоспалар мен металл бұйымдары.
04 Қыркүйек, 2024
2024 жылдың тамыз айында Council on Foreign Relations зерттеу орталығы Биліктегі әйелдер индексін (Women’s Power Index 2024) жариялады. Есеп БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің гендерлік теңдікке жету саласындағы көрсеткіштерін бағалайды. Ол мемлекет немесе үкімет басшылары, министрлер кабинетінде, ұлттық заң шығарушы органдарда, ұлттық заң шығарушы органға, жергілікті мемлекеттік органдарға кандидат болған әйелдердің үлесін талдайды, саяси өкілдіктегі гендерлік алшақтыққа визуализация жасайды.
04 Қыркүйек, 2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қаралды.
04 Қыркүйек, 2024
Цифрлық инклюзия: Жаһандық үдеріс, заманауи талап
Кеше Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының үш күнге созылған Цифрлық инклюзивтілік және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы басталды. Ауқымды жиынға цифрландыру және ақпараттық технологиялар министрлері бастаған отыздан астам елдің делегациясы келді. Конференция цифрлық технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық алшақтықты қысқарту стратегияларын әзірлеуге, озық тәжірибелермен алмасуға, тұрақты дамуға ықпал ететін инновацияларды дамытуға бағытталған. Маңызды іс-шараға Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрландыру және IT министрлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
04 Қыркүйек, 2024