Редакция таңдауы
ҰБТ-2024: Талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинады
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, сондай-ақ 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2024
Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша Киевте қазақ журналисіне жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
21 Маусым, 2024
Өткен жылы бюджетке 19 трлн теңге түскен
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің қалай атқарылғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2024
Әлемдегі сапалы иіссу өндірісінің қатарына таяу жылдары Қазақстанның да қосылатыны анық. Өйткені жас ғалымдарды қолдаудың нәтижесінде тың салаларды игеруге мүмкіндік ашылды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің ғылыми қызметкері Гүлжан Түзелбаева елімізде парфюмерия өндірісін дамытып, апорттан жасалған иіссуларды дүние жүзіне танытуды жоспарлап отыр.
21 Маусым, 2024
Көзге көрінбейтін мамандық иесі
Криминалист – көзге көріне бермейтін, еңбегі қоғам арасында бағалана бермейтін мамандық. Бұл салада табанды түрде тер төгіп, қоғам қауіпсіздігінің сақталуына үлесін қосып жүрген полиция полковнигі Қанат Сартовты кәсіби мерекесі қарсаңында әңгімеге тарттық.
21 Маусым, 2024
Кеңес заманында «Қазақстандағы қой санын 50 млн-ға жеткізейік!» деген ұран тасталғандықтан, Шопан ата түлігінің қадірі артып, озат шопандар жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болып, атақ-даңқы дүрілдеп тұрды. «Қой шаруашылығы – екінші тың» атанып, мектеп түлектері сыныптастарымен бірге шопандардың комсомол-жастар бригадаларын құрып, қой бағумен айналысты. Алайда жалпақ дүниеге жар салып жариялаған межеге жеткен жоқ.
21 Маусым, 2024
Интернет өмірге енген соң жұрттың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына көзқарасы өзгеріп, кез келген адам өз пікірін, көрген-білгенін жедел жариялайтын әлеуметтік желі басты ақпарат көзіне айналғаны анық.
21 Маусым, 2024
«Әлеу» деп айта алмайтын ауылдар бар...
Бүгінде ауыл халқының жайлы тұрмысын сипаттайтын таза су, көгілдір отын, жол, әлеуметтік нысан секілді көрсеткіштердің қатарына ұялы байланыс та әбден еніп кеткені рас.
21 Маусым, 2024
Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту керектігін баса айтып жатты. Иә, экономикаға серпін беретін саланың бір тетігі – туризм. Шырайлы Шығыста да саяхаттауды дамытудың мүмкіндігі мол. Сол үшін де облыс орталығында туристік ақпараттық орталық ашылды.
21 Маусым, 2024
Ержан Сәденов: Заң мен тәртіп – қоғам әділеттілігінің шарты
Жыл басында Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Президент Қасым-ЖомартТоқаев: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет», деді. Одан бері де жарты жыл уақыт өтті. Тәртіп сақшыларының алдына қойылған маңызды міндеттер қалай орындалып жатыр? Елдегі криминогендік ахуал тұрақты ма? Құқық бұзушылықтармен күрестің нәтижесі қандай? Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан СӘДЕНОВТЕН қоғамды алаңдатқан түйткілді мәселелер туралы сұрадық.
21 Маусым, 2024
Жердің көркіне телінетін Меркінің табиғатына тамсанған көз тойсын ба? Мұндағы сұлулық көздің жауын алады. Тау ішіне кірген сайын небір сұлулыққа куә боласың. Ал шипажайдың жоғары жағында, қырғыз елімен шекарада орналасқан үңгір ішіне дендеп енген сайын шіліңгір шілденің аптап ыстығы есіңнен шығып кетеді...
21 Маусым, 2024
Қауіпсіздікті нығайту – даму өлшемінің бірі
Президенттің іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты мен Президенттік орталық бірлесіп «Құқық бұзушылықтың алдын алу: заңға қарсы әрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
21 Маусым, 2024
Май ауданы бір қарағанда шалғайда жатқан бұйығы өңір болып көрінгенімен, мұндағы ауыл халқының өмірі қайнап жатыр. Жергілікті жұртпен етене жұмыс істеп, шіліңгір шілдеде, қаһарлы қыста да ел мәселесімен араласып жүру Жайрангүл Рахманбергенова сияқты өз ісіне берілген жандардың бұлжымас әдеті.
21 Маусым, 2024
Шетелде Қазақстан университеттерінің филиалдары ашылады
Бұл туралы бүгін, 20 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2024
Президент Ақтөбені су тасқынынан құтқарған зейнеткерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе су қоймасының тасып кетуін алдын алуға атсалысқан «Қазводхоз» филиалының бақылаушысы, краншы Шыңғыстау Әбдиевті марапаттады. Бұл туралы 2024 жылдың 20 маусымында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2024
Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Маусым, 2024
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін елдегі зейнеткерлердің саны мен зейнетақының орташа мөлшері туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2024
Елімізде электронды темекіге тыйым салынды
Бүгіннен бастап электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2024
Қаныш Имантайұлының үш қызының бірі Шәмшиябану белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразай Батырбековтің жары болғаны белгілі. Шамшиябану 2002 жылы өмірден өткен соң, Алматы қаласына жерленген. Ал Оразай аға 2014 жылы дүние салды. Ол кісі дүниеден өтерінде өзін Қарсақбайдағы ата-баба қорымына жерлеуді өсиет етеді. Ағайын-туыс, жақын-жуықтары, ұрпақтары аманатқа қиянат жасамай, қайраткердің денесін туған жерінің топырағына тапсырады. Бұл туралы неге әңгіме етіп отырмыз?
20 Маусым, 2024
«Америка дауысын» шулатқан қаламгер
Қазіргі кезде сатира сардарының бірі саналатын Берік Садырдың әзіл-оспақ аулына ат басын бұруы бекер емес. Әрідегі атасы Сүйіндік – үндемей отырып, ыңғайына қарай тауып айтып, тиіскенін сөзбен сүйкеп кеп жіберетін кісі болыпты. Ел арасында «Сүйіндіктің сүйкемесінен сақтан» деген тіркес кеңінен тараған екен. Бекеңе де «сүйкеп» айту сүйегіне біткен көрінеді.
20 Маусым, 2024