Редакция таңдауы
Елімізде инвестициялық кіріс шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті
2024 жылдың 4 айында Қазақстан азаматтарының таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4% артық, деп хабарлайды Egemen.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.
27 Мамыр, 2024
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2024
Су тасқыны: СҚО-да 360 кәсіпкер қаржылай көмек көрсетті
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жұмабаев ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Мамыр, 2024
Тасқынға тосқын: Соколок бөгеттерін нығайту қарқынды жүріп жатыр
Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасы жағаларын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
27 Мамыр, 2024
Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүрілді
Алматы қаласы Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі құрылыс нысаны бұзылды. Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесі нысанды рұқсатсыз салғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
27 Мамыр, 2024
Мәжіліс төрағасы Төрегелді Шармановпен қоштасу рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қоштасуға арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Мамыр, 2024
Димаш Құдайбергенге жанкүйерлері концертінде тосынсый жасады
Шетелде үлкен концерт беріп, туған күнін атап өткен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тағы бір видеомен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Мамыр, 2024
Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды
Бүгін Ақмола облысы Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Мамыр, 2024
Инклюзивті ортаны дамыту халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға жәрдемдесетін іс-шаралардың негізгі бөлігін құрайды. Бірыңғай қайырымдылық операторының биылғы жоспарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жүйелі жобаларға, оңалту орталықтарын ашуға, бейімделген спорт кешендерін салуға ерекше маңыз берілген.
25 Мамыр, 2024
Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Мамыр, 2024
Жергілікті тауар импорттың тасасында қалып қоймай ма?
Алдағы уақытта керекулік шаруалардың өтпей жатқан сүтін Солтүстік Қазақстан облысының ірі зауыты сатып ала бастауы мүмкін. Бұған сүт өңдейтін кәсіпорын басшылығының өзі ынталанып отыр. Дейтұрғанмен шикізаттың сапалысы ғана қабылданатыны ескертілді.
25 Мамыр, 2024
Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында әлі де 10 метрден түспей тұр. Кеше түскі мезгілде мұнда өзен арнасы 1 020 см-ді құрады. Махамбет ауданы жедел штабының үйлестірушісі Алшынбек Мұханғалиевтің айтуынша, қазір Махамбет пен Сарытоғай ауылдарын жалғайтын жолда бақылау күшейтіліп отыр. Полиция қызметкерлері аталған жолдағы қозғалысты, әсіресе, жаяу жүргіншілер мен жеңіл автокөліктер қауіпсіздігін ұдайы қадағалайды.
25 Мамыр, 2024
Трансшекаралық өзеннен қауіп бар ма?
15-22 мамыр аралығында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Нанвань гидробекетінің маңында су деңгейі көтеріліп, шығысқазақстандықтарды алаңдатып қойды. Осы аумақта ағып жатқан Буыршын өзені трансшекаралық Қара Ертіс өзеніне, ал Қара Ертіс Зайсан өзеніне құяды.
25 Мамыр, 2024
Президент жарлығы экономиканы қалай өзгертеді?
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Аты айтып тұрғандай, құжат ел экономикасының дамуына септігін тигізетін тетіктермен толықтырылған. Басты бағыт бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамту болып отыр. Бүгінде жаңа Жарлықтың ел экономикасына әсері мен ұтымды тұсы туралы сарапшы мамандар түрлі пікір мен болжам жасап та үлгерген.
25 Мамыр, 2024
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тұтасымен мемлекеттік мекеме. Екі жылдан бері АҚШ-тың Аризона университетіне сенімді басқаруға берілді деген дақпырт шыққанымен тек кейбір агро-техникалық мамандықтар ғана сол оқу орнының бағдарламасымен оқиды. Біздің студенттер үшінші курстан кейін сонда барып білім алады.
25 Мамыр, 2024
Түлектер әлем елдерінде жұмыс істейді
NU Медицина мектебінің түлектері енді әлемнің қай жерінде болсын жұмыс істей алады. Себебі Еуразиялық жоғары білім беру және денсаулық сақтау сапасын аккредиттеу және кепілдендіру орталығынан «Медицина ғылымдарының докторы» бағдарламасы бойынша толық халықаралық аккредитация алды.
25 Мамыр, 2024
Тарыдай болып кірген жерден интеллектуалдық тұрғыдан таудай болып шығу жолында бір жылдың үлес салмағы зор. Осы уақыт аралығында оқушы өзі байқап үлгермейтін бірнеше жетістікке жетеді. Сөйтіп, әр жыл сайын шыңдалып, қалыптасып келіп, он бір жылдан соң қанаттанып һәм қанағаттанып, алтын ұя мектебімен қоштасады. Бүгін де бәрінің назары – түлектерде. Ал 1-10 сынып аралығындағы оқушылар қандай сезімде екен? Айтпақшы, биыл олардың «соңғы қоңырауы» жылдағыдан өзгерек. Білім алушылар оқу жылын «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаттарында қорытындылайды. Оқушылар гүл шоқтарын құшақтап, ата-аналар мен ұстаздар бал-бұл жайнап жүргені анық. Осы бір кереметті көзімізбен көрмекке Абай Құнанбайұлы атындағы 87-мектеп-гимназиясына арнайы келдік.
25 Мамыр, 2024
Төрт мың ұл-қыз мектептен түлеп ұшты
Биыл Қостанай облысында 111 мыңнан астам бала кезекті оқу жылын аяқтайды. Оның 4 256-сы – 11 сынып түлектері. 138 озат «Алтын белгіден» үмітті. 261 оқушы үздік аттестат алуға талаптанып отыр. 24 мамырда өңірдің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
25 Мамыр, 2024
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Рысбекова, Бекболат Орынбековтер ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысып, басқа елдерден келген парламентшілермен бірге түрлі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2024