Редакция таңдауы
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «ЭКО-мәдениет» Агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Күн тәртібінде аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобалардың бар екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2024
Елімізде 35 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Мамыр, 2024
Сталиндік қуғын-сүргін жылдары ГУЛАГ лагерьлерінде «халық жауы», «контрреволюционер», «тыңшы», «отанын сатқан» деген жалған айыппен түрлі ұлттың бетке ұстар қаймақтары – ақын-жазушылар, ғалымдар, саясаткерлер «жазасын» өтегені мәлім. Қазақ жерінде де талай жазықсыз отбасын қан қақсатқан «Қарлаг», «Степлаг», «Камышлаг», «Кеңгір» секілді 11 лагерь жұмыс істеді. Соның бірі – «Қарлагтың» арнайы бөлімшесі, контингенті әйелдерден ғана тұрған «26-нүкте».
31 Мамыр, 2024
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осы аталған күнге орай жыл сайынғы үндеулерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», деп атап өткен еді. Аталған жылдарды еске алып, тарихымызға тәу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі келешектің мән-маңызын ұғыну әрбір отандасымыздың басты міндеті.
31 Мамыр, 2024
«Соль артельден» басталған соқпақ
Сыр бойындағы өндіріс орындарының басында тарихымен де, табысымен де «Аралтұз» кәсіпорны тұр. Келер жылы көл түбіндегі шөгіндіні қажетке жаратудан басталған кәсіпке тура 100 жыл толады. Еліміздегі ең ірі Жақсықылыш тұз кенін игергендер кеңес заманы кезінде жылына 650 мың тоннаға дейін өнім шығарыпты. Қазір оның көлемі артып, «Аралтұз» өнімі әлемнің біраз еліне экспортқа шығарылып отыр.
31 Мамыр, 2024
Еурохаттаманың ерекшелігі неде?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша азаматтар сақтандыру төлемін алуға онлайн жүгінуге құқылы. Сақтандыру ұйымдары құрған цифрлық сервистер тұтынушыға сақтандыру ұйымының кеңсесіне баруға уақыт жұмсамай, құжаттардың ең аз топтамасын ұсына отырып, өзі көрсеткен банктік шотқа сақтандыру төлемін қашықтан алуға мүмкіндік береді.
31 Мамыр, 2024
Еңбек адамына арналған баспана бағдарламасы
Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» жұмысшылары мен «Отбасы банк» өкілдері қатысқан үлкен форум өтті. Алқалы жиыннан кейін Қостанай облысының әкімдігі, «Отбасы банк» және Еуразиялық топ (ERG) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарт аясында «ERG» металлургтері, кеншілер мен жөндеу қызметінің мамандары арасынан 100 отбасы жеңілдетілген шартпен «Отбасы банк» арқылы баспаналы болады.
31 Мамыр, 2024
Көне жәдігерлердің көшпелі көрмесі
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде көне жәдігерлердің «Алаш аманаты» атты көшпелі көрмесін өткізді. Көрмеге Ертіс-Баян өңірінен шыққан алашордалықтарға қатысты тың деректер мен жәдігерлер қойылған.
31 Мамыр, 2024
Биомедицинаның болашағы баянды
Қазір әлемде биомедицинаның маңызы артып келеді. Біздің елімізде бұл сала енді даму үстінде. Отандық ғалымдардың осы саладағы тың ізденісі көңіл қуантады. Сондай ғалымның бірі – NU Инженерия және цифрлық ғалымдар мектебінің ассистент профессоры Гүлсім Құлшарова.
31 Мамыр, 2024
Аралбек Берікұлы: Ауыл мектебінің тағдыры бәрімізді алаңдатады
Қазір жастардың көбі шетелде білім алуды қалайды. Сол шетелдік білімі, дипломы арқылы еліміздің ірі қалаларындағы беделді ұйымдарда, тіпті шетелдің атақты компанияларында еңбек етуді көздейді. Осындай ойдағы замандастарының арасында Аралбек Берікұлы секілді басқаша көзқарастағы жандар да бар. Ол – математика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылдық орта мектебінің директоры, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 3 кітаптың авторы. Ұлыбританияда білім алған Аралбектің шетел асуына болушы еді, бірақ кейіпкеріміз: «Бәріміз елден кете берсек, мұнда кім қалып қызмет етеді?» деп, сөзін ісімен ұштастырыпты.
31 Мамыр, 2024
Түлектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі
Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан екіжақты келісімшарт негізінде өндірістік кешендер, ірі кәсіпорындар, спорт, мәдениет, білім беру секілді жалпы саны 150-ден аса мекеме қатысты.
31 Мамыр, 2024
Балалардың сапалы білім алу құқы сақталып отыр ма? Олардың білім ұйымдарында өмірі мен денсаулығын сақтауда, сондай-ақ жақсы көңіл күйде жүруіне, дұрыс тәрбие алуына қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Елімізде балалар құқын қорғау қандай деңгейде? Осы және өзге де сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел сарапшылары жауап берді.
31 Мамыр, 2024
Тәртіп сақшыларының күнделікті қызметі түрлі қауіп-қатерге толы. Олар қоғам тыныштығын сақтауға, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға ант берген. Сол анттарына адал бола біледі. Жуырда Ақмола облысында орын алған жағдай – осы сөзіміздің нақты дәлелі.
31 Мамыр, 2024
Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін қанша табыс табу керек?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме аясында ел азаматтары жақсы өмір сүру үшін қанша ақша табуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Мамыр, 2024
Алматы өмір сүру сапасы бойынша Мәскеу мен Шанхайды басып озды
Ұлыбританияның Oxford Economics аналитикалық компаниясы өзінің алғашқы Дүниежүзілік қалалар индексін құрастырды. Ол 1 000 ірі қалалық экономиканың бағалауын ұсынды. Ғалымдар Қазақстанның үш қаласын – Алматы, Астана және Шымкентті әлемдегі ең жақсы қалалардың қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
30 Мамыр, 2024
Қазақстандағы жаңа қаланың болашақ келбеті таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алатау қаласының жобасымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
30 Мамыр, 2024
Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елде болған су тасқыны салдарынан ет пен малдың бағасы өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Мамыр, 2024
Қазақстанда қанша бала тұрады?
Қазақстанда балалар саны 6,8 миллионға жетті, ресми дереккөздердің болжамы бойынша, 2027 жылға қарай бұл сан сегіз миллионға дейін артады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Ақтөбеде 494 үйдің құрылысы басталды
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 652 үйді қалпына келтіру жоспарланды. Бүгінгі таңда 494 тұрғын үй салынып жатыр, 309 отбасы дайын баспана сатып алуға шешім қабылдады. Қазір тек Ырғыз өңірінде үйлерді су басып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
30 Мамыр, 2024
Бағдат Мусин Қазақстаннан кетті
Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бірнеше күннен бері Қазақстаннан тыс жерде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Мамыр, 2024