Редакция таңдауы
Еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатын шетелдіктер әбден шектен шықты. Атыраулық полиция қызметкерлері өткізген «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз жүрген өзге мемлекеттердің азаматтары ұсталды. Еліміздің заңын ерен санамаған шетелдіктердің арасында Ауғанстан мен Бангладеш Республикасының алты азаматы бар.
28 Ақпан, 2024
Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайын
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынында бас қосты.
28 Ақпан, 2024
Ұлт қайраткерлерін әдеби кейіпкерлердей бір-біріне қарсы қою – әбестік
Тәуелсіздік жылдары ұлт тарихын түгендеуге айрықша еңбек сіңірген тұлғаның бірі – Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948-2021). Ғалымның 20-30 жылдардағы аштық қасіреті, ұлт зиялылары туралы еңбектері таңдаулы классикалық зерттеулер қатарында. «Алаш» тарихи зерттеу орталығында (Алматы) ұлттың генеалогиялық тұтастығы жөнінде ғылыми-жобаларды жүзеге асырды. Абай университетінде, Әл-Фараби университетінде, Ш.Уәлиханов тарих және этнология институтында тарихшы ғалымдарды даярлауға атсалысты. Ол – мектепке арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы. «Қазақ газеттері» құрамына енетін тарихи-танымдық «Ақиқат» журналында қызмет істеді. 4 томдық «Қазақстан (Қазақ елі) тарихын» жазуға жетекшілік етті («Ежелгі өркениеттерді зерттеу орталығы»). Парламент Сенаты әзірлеген көптомдық «Ашаршылық» жинағына қатысты. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жуан ортасында жүрді. Өкінішке қарай, қабілет-қарымы елге қажет шақта әлемге нәубат болып келген пандемия салдарынан бақиға озды. Ғалым қайтарының алдында (5.05.2021 жыл) Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесіп, ой-тұжырымын ортаға салған екен. Ұстазымыздың таспаға жазылып қалған осы сөзін хатқа түсірген едік. Биыл тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің ұлт ғылымына үлкен жаңалық алып келген «Қазақ шаруаларын жекеменшіктен айыру және күштеп ұжымдастыру» («Лишение собственности и насильственная коллективизация казахских крестьян», 1994) атты докторлық диссертациясына 30 жыл толады. Осы тарихи оқиғаны еске сала отырып, «Тарлан» алаңындағы сөзі мен соның жалғасындай жас тарихшыларға арналған онлайн пікірін (11.05.2021 жыл) оқырманға ұсынамыз.
27 Ақпан, 2024
Біз көрген ғимарат әу баста орыс көпесінің үйі болған деседі. 1897 жылы салыныпты дейді білетіндер. ХІХ ғасырда Арал теңізінің бар балығын саудалаған мықтының бірі шығар, бәлкім. Бірақ тарихтағы Қазан төңкерісінен кейін бұл үй «Қызыл мүйіс» дейтін орталық болған көрінеді. Теңізден оралған балықшылардың кеңсесі ретінде пайдаға жарапты. Арадағы ғасырға жуық уақыттан соң бұл ғимаратты қала орталығына жылжытқан көрінеді. Мақсаты сол, бұдан музей етіп жасақтап, балықшы қауымның тарихын қайта жандандыру жұмыстары қолға алынған еді.
27 Ақпан, 2024
Қазақстанда жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша заңға толықтырулар енгізілді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
27 Ақпан, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуінде намаз уақыты қалай өзгереді? Мүфтият жауап берді
2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, елдің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуге көшеді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы намаз уақытының өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
27 Ақпан, 2024
Көпбалалы отбасыға қанша жәрдемақы берілгені белгілі болды
2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Ақпан, 2024
Су электр стансасы іске қосылды
Райымбек ауданында «Орта Қақпақ» су электр стансасы пайдалануға берілді. Оның номиналдық қуаттылығы – 2,2 МВт. Құрылысы 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Бұл Алматы облысының таулы ауданындағы құны 1 млрд теңгеден асатын ең ірі инвестициялық жоба саналады.
27 Ақпан, 2024
Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін тікелей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс істеуге мәжбүр болатыны жасырын емес.
27 Ақпан, 2024
Осал топтың құқын қорғау күшейді
Құс көлеңкесінен тоңатын әлсіздің де әлсізі бар. Бұл – адамның көңілі. Ал мүгедектігі бар жандардың көңіліне қаяу түсірмеу тіптен маңызды. Бұл ретте қоғамды кедергісіз ортаға айналдыру – мемлекет мүддесі.
27 Ақпан, 2024
Аурухана құрылысының бітпес дауы
Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу баста мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.
27 Ақпан, 2024
Алимент төлеуден жалтарған 14 755 азаматтың елден шығуына уақытша тыйым салынды. Былтыр сот орындаушылары тентекті тезге салғандай 7 мыңға жуығын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Десек те, қалған 53 пайызының әлі берешегі өтелмеген. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында бұдан өзге бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
27 Ақпан, 2024
Мемлекеттік органдар үшін шешім қабылдауға көмектесетін «Data lakes» деректер базасын құру – аса көкейкесті мәселе. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен Өңірлік сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында аймақтардағы түйінді мәселелерді шешудің жолы талқыланып, ұсыныстар алға тартылды.
26 Ақпан, 2024
Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде жұмыс істейтіндер көп. Өзге елдерден келгендер де бар. Дені – ел азаматтары. Оның ішінде ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып жүрген жігерлі жастар басым. Бәрі де жұмысын жауапкершілікпен атқарады.
26 Ақпан, 2024
Қарияның ахуалын жақсартқан операция
Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері 74 жастағы науқастың ми тамырларының бірнеше аневризмасын алып тастау үшін екі сатылы күрделі операция жасады.
26 Ақпан, 2024
Кітапхана – ой мен таным ордасы
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының кітапханалар желісі 318 облыстық, аудандық, қалалық, оқу мекемелік, 284 ауылдық кітапханадан тұрады. Оның қатарында 705 кітапханашы жұмыс істейді. Биыл М.Жұмабаев ауданының Қарақоға, Таман, Сулышоқ ауылдарының, Мамлют ауданының орталық, Қызылжар аудандық балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша жаңғырды. Барлық кітапханадағы кітап қоры 4 млн данадан асады, оның ішіндегі қазақ тіліндегі әдебиет 1,7 млн-ға жеткен. 220 кітапхана компьютерлендіріліп, интернет желісіне қосылған.
26 Ақпан, 2024
Бүтін қазақ елінің даналық, ізгілік, көшбасшылық, мемлекетшілдік қасиеттерін болмысына дарытып, философиялық көзқарасын жетілдіріп, ғылым-біліммен, өнермен қуаттанып, қайратты, ғибратты ұйымдастырушылық, жаңашылдық іс-қимылдарымен мемлекетіміздің тарихы мен тағдырына, абыройы мен беделіне өлшеусіз үлес қосқан, заманынан озып туған тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
26 Ақпан, 2024
Геннадий Головкин Қазақстанда беделді қызмет атқаратын болды
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Түркия Президентін мерейтойымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2024
Президент Өскемен титан-магний комбинатына барды
Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамындағы өндіріс жұмыстарының жай-күйімен және кәсіпорынның даму перспективасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2024