Редакция таңдауы
Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларын айтулы жетістігімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушысымен тілдесті
Мемлекет басшысы «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
Президент белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденді қабылдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
Президент Алматыдағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2024
«Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз»: Президент министрге ескерту жасады
Президент Алматыға сапары аясында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте құзырлы органдар мен азаматтардың табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шыққанын айтып, жауапты министрлікті сынға алды. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа теориялық білімін іс жүзінде көрсету керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2,5 мың семинардың да түк пайдасы болмады - Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Президент қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2024
Президент Алматыдағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы әрқайсысының сыйымдылығы 3000 текше метр болатын «Балқаш» таза ауызсу станциясының екі резервуарының және сорғы станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2024
Қағаз түрінде берілетін еңбекке жарамсыздық парағы алынып тасталды
Енді елімізде денсаулығына байланысты демалыс парағы тек электронды түрде беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке жарамсыздық қағазын алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
Ақпанда аяздың беті қайта ма, көктем қашан келеді?
«Қазгидромет» РМК ел аумағында ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтып, көктемге мезгілдік болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
Көгілдір отынды тұтынушылар көбейіп келеді
Бүгіндері отандық экономикаға өз үлесін қосып, қарқындылықпен танылып отырған газ – мұнайға ілеспе өнім екендігін ескерсек, ішкі нарықта тұтыну айтарлықтай өсіп келеді. Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі Кешенді жоспарында газдың ресурстық базасын ұлғайту, газ нарығын реформалау және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына бағаны тежеу жөніндегі шаралар қарастырылған болатын. Елімізде тауарлық газ ресурстарын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу және елді газдандырудың кемінде 60 пайыз шамасында қамтамасыз ету керектігін, Мемлекет басшысы Үкіметке жүктеген еді. Белгіленген тапсырманы орындау мерзімі 2023-2029 жылдар аралығын қамтып, келесі бесжылдықта 12 млн адамды табиғи газбен жабдықтау жоспарланды.
25 Қаңтар, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айында 75 адамның қызылша дертіне шалдыққаны белгілі болды. Ал өткен жылы облыста барлығы 316 адам қызылшамен сырқаттаныпты.
25 Қаңтар, 2024
Наурыз мерекесін жаңғырту – уақыт талабы
Кейінгі кезде Наурыз мейрамының маңыздылығын арттыру жайы жиі талқыланып жүр. Бұлай болуы заңды да. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Ұлыстың ұлы күніне ерекше мән беруі де тегін емес.
24 Қаңтар, 2024
Төлеген Оспанқұлов: Құқығы қорғалған қызметкердің қадірі биік
Еңбекқор адам – қоғамның құты. Ал қоғамның құты қашпауы үшін жұмыс күші лайықты бағаланып, еңбек құқығы тиісті деңгейде қорғалып, кісі ақысының желінуіне жол берілмеуі керек. Осылайша, әділет салтанат құрған ортада еңбек адамының абыройы биік болатыны анық. Бұл межеге жету – қашаннан мемлекет мүддесі. Аталған бағытты ілгерілету ісі қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловпен сұхбат құрдық.
24 Қаңтар, 2024
Жан мен тәнді баптаудың ең ләззатты әрі арзан түрі – таңғы серуен – психолог
Жылы төсектен жылыстап, тәтті ұйқыны тәрк ету көп адамдар үшін оңай болмауы мүмкін. Алайда таң алагеуімнен тұрып, таза ауада серуендеу – талай дерттің таптырмас емі. Осы бір істі өмірлік дағдыға айналдырған жанның тәні мен жаны ұшан теңіз пайдаға кенеледі.
24 Қаңтар, 2024
Еліміздің әр өңірінде өзіндік ғылыми мәселелер, экономикаға қажетті бағыттары бар. Жергілікті әкімдіктер, бизнес және өнеркәсіп өкілдері ғылымға бет бұрып, оны дамытуға атсалысуы керек. Ұлттық ғылым академиясы осы бағытта өтінім беріп, ғылыми конкурстар өткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ жас ғалымдар кеңесі құрылмақ. Бүгінде эксперттік жұмыс топтарына 1 мыңнан астам жас ғалым тартылған.
24 Қаңтар, 2024
1973 жылдың 18 сәуірінде жазушы, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқанов 73 жасында Алматы қаласында дүниеден өтті.
24 Қаңтар, 2024
Өткен жылдың ауыртпашылығымен қоса қуанышы да жеткілікті болды. Қымбатшылық қысқан елдің еңсесі Республика күні қарсаңында бір көтеріліп қалды. Бұрыннан еленбей жүрген, еленсе де сыртқақпай жүрген біраз азамат мемлекеттік марапат алды. Қарағандыны елең еткізген басты оқиға – облыс мәслихатының депутаттар корпусы жазушы, журналист, қоғам қайраткері Төрехан Әкімжанұлы Майбасты облыстың құрметті азаматы атағына лайықты деп таныды.
24 Қаңтар, 2024
Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауылдағы мемориалдық музейі таутұлғаның мерейтойына орай облыс орталығына «Қазақтың Қанышына – 125 жыл» атты көшпелі көрмесін алып келді. Қанағаңның жеке заттары мен өмір қатпарларынан сыр шертетін фотожәдігерлер ғалымның қилы тағдырынан біраз сырды ұқтырғандай.
24 Қаңтар, 2024
Сап-сары боп теңіздей толқып жататын Сарыарқаның солтүстік қиырында ғайыптан тайып түсіп қалған бір шөкім көгілдір жақұттай көкөрім Көкшетаудың солтүстік күнбатыс беткейіндегі Айыртау алқабы – сан ақындардың жырына арқау болған ғажайып өлке.
24 Қаңтар, 2024
«Жүрегің мықты болу керек. Апатқа түскен жандарға алғашқы ем-дом жасайтын – бізбіз. Кез келген жағдайды эмоцияға берілмей, салқын қабылдауды үйренуге тиіссің. Әйтпесе түрлі жарақат алғандарды көріп, жаның түршіксе, қолың дірдек қағады. Сол себепті біздің жұмыс жұмсақтықты қажет етпейді», дейді Қарағандыдағы Апаттар медицина орталығының құтқарушы-дәрігері Алмагүл Алдабекова.
24 Қаңтар, 2024