Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады
Енді елімізде жаңа туған нәрестелер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды – Президент
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қаңтар, 2024
«Құрамын ешкім тексермейді». Депутат зиянды затқа шектеу енгізуді талап етті
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, ұрпақ саулығын ойлауда опынып қалмау керегін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2024
Өкілеттігі тоқтады. Экс-депутат партиядағы қызметін жалғастыратынын айтты
Бүгін Мәжілістің жалпы отрысында Respublica фракциясының мүшесі депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы берген өтініші қаралып, қаулы қабылданды, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қаңтар, 2024
«Егемен жастар» атты әдеби кеш өтеді
«Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында 25 қаңтарда сағат 17.00-де «Егемен жастар» атты әдеби кеш өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі: Іс-қимыл жоспары пысықталды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі жайы қаралды. Сондай-ақ кәсіпорындарда экологиялық талаптарды сақтау мәселелері де талқыланды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шаралары пысықталды.
24 Қаңтар, 2024
2024 жыл: Қандай энергетикалық бастама жүзеге асады?
Еліміздің Орталық Азиядағы ресурсқа аса бай ел екені белгілі. Бірақ байлық бар да, оны тиімді пайдалану бар. Бізде осы екінші мәселе қатты ақсап тұр. Әрі кейінгі бірнеше жыл бедерінде төмен көміртекті дамуға көшудің тұрақтылығы мен жаһандық трендіне баса назар аудару күн тәртібінің алдыңғы шебіне шықты. Сондықтан еліміз энергетикалық тұрғыда тағдыршешті кезеңге де келіп жетті деуге болады. Содан болар мемлекет энергиямен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ниетті.
24 Қаңтар, 2024
Бейбіт атом һәм энергетикалық қауіпсіздік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында халықты мазалап жүрген көптеген көкейкесті мәселеге жан-жақты жауап берді. Соның бірі – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі, оның ішінде атом электр стансасын салу жөніндегі мәселе. «Таяқтың екі ұшы бар» демекші, атом энергиясын игерудің пайдасы да, қауіп-қатері де жеткілікті. Чернобыль мен «Фукусима-1» атом электр стансаларындағы апат, Семей, Невада, Лобнор сияқты ядролық сынақ полигондарының зардаптары, дамыған елдердегі атом электр стансаларының радиоакативті отын қалдықтарын зарарсыздандыру мәселелері...
23 Қаңтар, 2024
Креативті индустрия табысты салаға айнала ма?
Кейінгі уақытта елімізде креативті индустрияға баса мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап өткен еді. «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналды. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен», деген еді Қ.Тоқаев.
23 Қаңтар, 2024
КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджанов – шығармаларынан ұлттық музыканың исі аңқып тұратын дарындардың бірі. Туындыларының әуені бай, ұлттық нақышы басым, бояуы қанық. Сондықтан оның ән-романстары, хорлары мен симфониялық шығармалары халықтың құлағына жағымды, жүрегіне жылы тиеді.
23 Қаңтар, 2024
Фариза-жүрек тоқтады... Содан бері он жыл өтті. Сағым уақыт одан да әрі жылжи берері анық. Әділетті қоғамға Фариза Оңғарсынова керек еді! Бірақ көңілге бір медет: семсер жырлары, өткір ойлары қалды. Қасиетті қара жерге серік етіп жыр-планетасын қалдырып кетті. Ол – елдің бағы! Азаматтықты, ар-ұятты, әділдікті, аласармауды қазақ баласына мұра еткен Фариза ақынды біз сағынамыз!
23 Қаңтар, 2024
«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде
Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.
23 Қаңтар, 2024
Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.
23 Қаңтар, 2024
Біздің қоғамға креативті экономиканың затынан гөрі аты жақсы таныс. Мемлекет те салаға ел индустриясын өрге бастайтын ерекше бағыт ретінде қарайды. Содан болар, 2024 жыл шығармашылық сала өкілдерін қанаттандыратын жағымды жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет арнайы қаулы шығарып, креативті индустрия субъектілеріне салықты жеңілдету талабы қабылданды. Сәйкесінше, 40 қызмет түрі КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл өз кезегінде дарынымен дараланатын азаматтардың әл-ауқатына, өндіріп жұмыс істеуіне екпін берді. Осыған орай ұлттық ойындардың нарықтағы әлеуетін жаңғыртып жүрген Айнұр ПОЛАТОВАМЕН жолығып, былтыр көпті таңғалдырған «Talapai» жобасы туралы егжей-тегжей сұраған едік.
23 Қаңтар, 2024
Жұрт «Жетісудың жеті кереметінің бірі» деп бағалап кеткен Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы «Мұзтаудан» қыстай адам аяғы арылмайтын. Айналаны ақ ұлпа қар басып, сақылдаған сарыаяз жүргенде жазық далаға өзінше көрік беріп, биіктей түсетін «Мұзтаудың» әр жылғы пішіні де әртүрлі болып, көптің аса қызығушылығын тудыратын. Оған алыс-жақыннан, тіпті осы өңірге сапарлайтын туристер де толассыз келетіндігін жергілікті тұрғындар жиі айтады. Қыс айларында мұндай ғажайыпты көруге көршілес Райымбек ауданының тұрғындары да құмартатын еді. Енді олардың өз «мұзтаулары» бар.
23 Қаңтар, 2024
Президент Аралды құтқару қорының алдағы жоспарларымен танысты
Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2024
Таяу уақытта Алматыда тағы жер сілкіне ме? Сейсмологтар жауап берді
Қаңтардың 22 - сінен 23 -іне қараған түні, сағат 0:09 шамасында Алматы қаласында қуаты 4-5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан, Қытай шекарасы аумағында сезілді. Осыған орай жауапты орган басшылары мен Сейсмологиялық институт мамандары брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды. Бұл туралы Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты ұйымдастырылған брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы жер сілкінісі: Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті
Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2024