Редакция таңдауы
Жақында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде «Сарбаз дауысы» байқауы өтті. Әскерге бір ай бұрын келген мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сайыс тартысты болды.
18 Қаңтар, 2024
Жаңарған техника паркі: Тозығы жеткен трактор да жоқ емес
Бірнеше жыл бойы асыраушы саланың басты мәселесі тозған техникадан құтылу болғаны жасырын емес. Шыны керек, қайбір жылдары егістік алқаптарға көз жүгірткенде, тозығы жеткен техникалардан көз сүрінетін. Қазіргі кезде өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да осы бір өзекті мәселені шешу үшін қолдан келгенше жұмыс атқарып жатыр.
18 Қаңтар, 2024
Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар аталды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2024
Шетелдіктер қазақ балаларын асырауға ген тазалығы үшін қызыққан - Қымбат Досжан
2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын анасымен қауыштыру үшін барын салып жүрген журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «1001 түн» хабарында қонақ болды. Журналист Жәнібектің досы Нәзия Маматовамен бірге 2 жасында Арқалықтан шет ел асырылған баланың анасын іздеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2024
Айтып келмейтін оқыс оқиғалар кезінде бастарын бәйгеге тігіп, құтқару жұмысын атқаратын азаматтардың еңбегі қашанда алғысқа лайық. Олар ерлік жасадық деп есептемейді. Ең қымбаты – шарапаты тиген адамдардың ақ алғысы.
17 Қаңтар, 2024
Көзі тірісінде Ертіс-Баян өңіріне ғана емес, тұтас елімізге танымал болған қылқалам шебері Ғабдылғалым Қаржасовтың есімі облыстың мәдениет саласында көмескіленіп барады. Облыс орталығындағы көркемсурет мектебі мен бір көшеге есімін беру туралы ұсыныстар да тоқтап қалғандай. Ел есінде қалған суретшінің айшықты туындыларын ұрпақ ұмытпаса дейміз.
17 Қаңтар, 2024
«Жошы хан»: сахнада тарих сөйлейді
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театрында тұсауы кесілген «Жошы хан» драмасының дақпырты премьерадан бері жарты жылдан аса уақыт өтсе де, әлі басылмай тұр. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газетімізге берген сұхбатында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл болғанына айрықша мән беріп, тоқталуы да тарихи қойылымның маңызын одан әрі арттыра түскендей. Спектакльдің жазда өткен премьерасын арнайы барып тамашалаған Президент: «Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау», деп қойылым құндылығына тоқталып, шығармашылық ұжым әлеуетін жоғары бағалаған болатын.
17 Қаңтар, 2024
Назарбаев университетінде неміс тарихшысы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға алыстан ат терлетіп автордың өзі келіп, қатысты. Бұл ғылыми монографияда өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында болған аштықтың себеп-салдары нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған.
17 Қаңтар, 2024
Қызылордадағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ел қолында сақталған талай жәдігерді жарыққа шығарып, ортақ игілікке айналдырып келеді. Жуырда музейде қазақ еліне Ислам дінін таратушы тұлғалар жайлы шежіренің қазақшаға аударылған нұсқасы таныстырылды.
17 Қаңтар, 2024
1845 жылы француз тілінде Парижде басылып шыққан және Еуропа жұртшылығы жазушының шебер тілі мен бейтаныс дүниені таныстырғаны үшін разы болған туындыны бүгінгінің оқырманы біле бермесе керек.
17 Қаңтар, 2024
Толқын Қылышев: Бізге қазақ боксының мықты болғаны керек
Қазақ пен өзбек боксы тізгін қағысып қатар дамып келеді. Жаһандық жарыстарға көз тіккен жанкүйер қауым да бауырлас екі ел боксшыларының өнерін қалт жібермейді. Оны спорт сарайларындағы жанкүйерлердің шуылы мен шаршы алаңдағы сойқан соққылардың суылынан да байқап жүрміз. Өткен жылдың соңында Өзбекстанның ішкі чемпионатын тамашалаудың сәті түскен еді. Сол сапарда бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевпен емен-жарқын әңгімелесуге де мүмкіндік туды.
17 Қаңтар, 2024
Қазіргі жастар Ақан серінің «Шырмауығын» қалай қабылдар екен? «Ахау, дүние жалған, бітер ме арман? Сұм тағдыр шырмауықтай, шырмап алған» дейді қайырмасында. Әрине, Ақан өмірінен, қазақ тарихынан хабардар түйсігі ояу жас бірден қабылдап түйсінуі әбден кәдік. Бойына мұндай қасиеттер жұқпаған қазақтың сөзі селт еткізбесе де, әуені баурамай қоймауы керек. Ән соқталы, терең тынысты, батар күннің сәулесіндей салмақты ой мен сезімге құрылған. Бір емес, бірер тыңдау, ол да аз-ау, өмір бақи тыңдап өтер туынды. Сондықтан адамдар қайда асығып бара жатқандарын да пайымдамай, уақыттың алдына түсіп алып зымырап жүрген мына заманада Ақан, Біржан әндері әр тұстан естіліп тұрса артық емес. Мыңның арасынан бірен-саранының құлағы шалып жатса, ол да олжа.
17 Қаңтар, 2024
Тұс киіз ілінген аядай бөлме төрінде домбыра тұратын. Үнсіздікке оранған жұмбақ бұйым біздерге ертегі ішіндегі көңілсіз кейіпкердей елес беретін. Қиянда адасқан жолаушыдай мұңлы, кең дүниенің кетігін іздеп аласұрған жастай күңіренгіш. Сөзі аз, сезімі көп.
17 Қаңтар, 2024
Бүгінгідей озық технологияның заманында қай салада да ілкімді жаңалықтар ілгерілеп келеді. Өнерде де шектеу, шекара жоқ. Мәселен, жуырда әлеуметтік желіден аниме (жапон мультипликациясы) стилінде салынған Әлихан Бөкейханды көріп қалдым. Елең етіп, автордың парақшасына кірсем, басқа да тұлғалар мен ақындар образдары жаңа формада бейнеленіпті. Қаралымы да жақсы. Демек Алаш қайраткерлерінің тың сипаттағы бейнелері халықтың көңілінен шыққаны анық.
17 Қаңтар, 2024
Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа екпе салынады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа оқу жылынан бастап 11 жастағы оқушы қыздарға екпе салына бастайтынын хабарлады. Десе де балаларына екпе салдыру жайы ата-ана еркінде екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2024
«Екі донор тоғыз адамның өмірін сақтады». Министрлік донорлыққа келіскен азаматтар санын атады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қанша азамат қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келіскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2024
«Мұратыңа жет»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласын отандастары құттықтап жатыр
Бүгін 20 жыл бұрын бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған күні. Ол 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын ол бүгін 22 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2024
2025 жылы кімдердің жалақысы 100 пайыз артады?
2025 жылы білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100 пайыз артады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
17 Қаңтар, 2024
Өзекті мәселелер шешімін табады
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Отырыста электрондық сауданы одан әрі дамыту мәселелері де күн тәртібіне қойылды.
17 Қаңтар, 2024
Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Осылайша, 35-ке дейінгі отандастарымыздың баспаналы болуы үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беру жалғасады. Ендеше 2024 жылы қай өңірдің азаматтары қоныстой тойлайды? Бұрынғы бағдарламалардан да тиімді жүйе қарастырылған ба?
17 Қаңтар, 2024