Редакция таңдауы
Қоғам екіге бөлінгенімен, Құдай алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан жаратылысы бөлек жандарға жанашар болған абзал. Осы бағытта облыстық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жетісудағы «Қазақ зағиптар қоғамында» 544 адам тіркелсе, соның 373-і – кітапхана оқырманы. Осыған орай кітапханашылар «Жанарым жүрегімде» жобасын қолға алған.
17 Қаңтар, 2024
Ауқымды жоба аясындағы келісімдер
Осыдан екі жыл бұрын қыс ортасында еліміздегі жылу электр стансасы бір емес, бірнеше рет апатқа ұшырап, тұтас бір қала жылусыз қалғаны бар. Бұл салынғанына 60 жылдан асқан жылу электр орталықтарының апатты жағдайда тұрғандығын, тіпті тозығы жеткендігін көрсетіп, шешілмеген мәселенің түйінін тарқатып бергендей болды. Әрине, ескірген инфрақұрылым халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етіп, индустрияландырудың қарқынды дамуына тежеу қоятындығын ескерсек, аталған сала уақыт оздырмай жедел түрде жаңғыртылуы керек.
16 Қаңтар, 2024
Алматымен қанаттас Қарасай ауданында оқушы саны жыл сайын 6 мыңға артады екен. Оған демографиялық өсіммен қоса, ішкі миграцияның әсері зор. Мысалы, өткен жылы 11-сыныпты 2,5 мың бала тәмамдаса, биылғы оқу жылында бастауыш сыныпқа 8,5 мың бүлдіршін қабылданған. Бұл көрсеткіштер мектеп салу ісінің өзектілігін аңғартады.
16 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде қызылша ауруына шалдыққандардың көбейгенін айтып, дабыл қағып жатыр.
16 Қаңтар, 2024
Әріптесім сізді телефонға шақырады деді. Ар жағынан бір кейуананың дауысы естілді. – Азамат деген сенсің бе?– Иә, мен.–Айналайын, мен жасым тоқсанға келген Қазиза Наурызбаева деген әжең боламын. Сенің «Аманаттың жүгі ауыр» атты сұхбатыңды оқып, 6 жасымда соғысқа кеткен әкемді ойлап, көзімнің жасын бір сығып алдым. Әкем сол кеткеннен оралмады. Әлі күнге дейін бір дерек жоқ. Енді осы материалды оқып, «өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей» деп қуандым.
16 Қаңтар, 2024
ХХ ғасыр басындағы ұлт қайраткерлері мен зиялылары – шын мәнісінде халық қызметшілері. Осынау көсемдер шоғыры ішіндегі Сәкен Сейфуллин құбылысы – «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік!», «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек!» деген дауылпаз дауысты ұлт патриоты, мемлекет қайраткері. Оның таңғажайып тұлғасында көшбасшылық, отаншылдық, ақындық, композиторлық, өнерпаздық, ұстаздық, шешендік, ғалымдық қабілет жарасым тапқан.
16 Қаңтар, 2024
«Дәстүр» фильмі үлкен экранға жол тартқан күннен бастап туынды төңірегінде өрбіген түрлі пікір де толастар емес. Біреу мақтаса, екіншісі даттап әлек. Әрине, бір фильмге қатысты түрлі көзқарастың болатыны заңдылық десек те, дүмпуі басылмай тұрған «Дәстүрдің» жөні бір бөлек. Жанрынан бастап мазмұнына дейін мың түрлі ой салған картина шын мәнінде жаңалық жаршысы ма, әлде жауыздықтың жалаулатушысы ма? Көрермен пікірін екіге жарған фильмнің астарына бойлап көрсек.
16 Қаңтар, 2024
Академик Ғарифолла Есімнің «Мұң» романында автордың пәлсапалық ой-толғамдары мен эсселері жинақталған. Мұң дегеніміз не? Адам неліктен мұңаяды? Мұңсыз ғұмырдың мәні бар ма? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында автормен әңгімелескен едік.
16 Қаңтар, 2024
Өз кезінде тәп-тәуір бағаланса да, уақыт оза келе, көзден кеткеннен кейін де көңілден кетіп, аса еленбей қалған жазушылардың бірі – Зейнел-Ғаби Иманбаев. Бұл қаламгердің шығармаларын мектепте жүргенде, яғни өткен ғасырдың 60-70 жылдары қызыға оқыған балалардың қатарынан өзім де табылатын едім. Ол кісінің әр алуан тақырыпқа жазған шығармалары сол замандағы жас оқырмандарды бір шуақты әсерлерге жетелейтін.
16 Қаңтар, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: БЖЗҚ ақша алатын балалардың тізімін әзірледі
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша қаражат алатын балалардың тізімін жариялады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2024
«Қазақстан халқына» қорының басшысы марқұмдардың ағзасын рұқсатсыз алуды ұсынды
2022 жылы негізі қаланған «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев елде қаза тапқан адамдардың ағзасын жақын-жуығының рұқсатынсыз алу жайын ұсынды. Ол осы мақсатты жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңға бірқатар түзету енгізу қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2024
Ірі жобаларды іске асыру ақсап тұр – Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында электр энергетикасы саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2024
Бокстан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатыр. Жүктелген міндет орасан. Париж жазғы Олимпиадасының алты жолдамасын еншілеу басты мұрат. Одан кейінгі аманат та зілмауыр. Төрт жылда айналып соғатын дүние додасынан алтын медальсіз қайтпау. Мұндай жүктің артылуы да бекер емес. 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарында алтынсыз қайтпаған осы боксшыларымыз еді. Тек 2021 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында тоқырауға ұрынып, қола жүлденің өзін толайым табысқа теңедік.
16 Қаңтар, 2024
Елімізде төрт түлік иелеріне жаңа тыйым енгізілді
Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2024
Біздің елімізде поливинилхлорид (ПВХ) өндірісі жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен таяу жылдар ішінде бұл олқылықтың да орны толатындай. Өткен жылдың аяғына таман «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Түркістан облысындағы жаңа бір инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты. «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын бұл жобаға каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі ауқымды бағыттар топтастырылған.
16 Қаңтар, 2024
Елімізде ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды. 2023 жылдың қаңтар-қазанында ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 806,9 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңдегіден 7,2 пайызға аз.
16 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында ауыз судың азабын тартып отырған ауылдар әлі де баршылық. Таза суға жетуді армандаған елді мекен тұрғындары журналистерге мұңын шағудан жалығар емес. Олар бізге жиі хабарласады. Шалғайдағы ауылдарда тұратын ағайынның арзуын тыңдап, бірнеше рет мақала жазғанбыз.
16 Қаңтар, 2024
Отандық генетик, биолог ғалым Самат Қожахметов денсаулыққа зиян келтірмейтін әрі антибиотиктердің орнын алмастыратын метабиотик әзірлеп шықты. Ол саумалдан жасалған.
16 Қаңтар, 2024
Ұлттық қор: Әр балаға – 300 доллардан
Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың түсімдері және оны пайдалану туралы есепті жариялады. 2023 жылы қорға 6,41 трлн теңге түскен, оның 4,56 триллионы – мұнай секторынан тікелей түскен табыс. 1,82 трлн теңге – инвестициялық кіріс. 4,07 трлн теңге трансферт есебінде пайдаланылған.
15 Қаңтар, 2024
Көзі тірісінде-ақ ерен еңбегі еленіп, халық көсеміне айналған Дінмұхамед Қонаевтың орны бөлек. «Құдайдың сүйген құлы сол емес пе, Кемеңгер ұл Қонаев Дінмұхамед» деп ақындар жырға қосса, жұртшылықтың «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп атауы сом тұлғаның ел жүрегінен елеулі орын алғанының айнымас айғағы.
15 Қаңтар, 2024