Редакция таңдауы
«Әдебиет танытқыштың» жоғалған беттері табылды
«Әдебиет танытқыш». Бұл – күллі Алаш баласына таныс атау. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кесек еңбегі. Ғалымның сүбелі дүниесі 1926 жылы Ташкентте жарық көрген. Қазақ әдебиеттануындағы іргелі де ізашар осы ғылыми туынды туралы алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар жиі жазған. Әсіресе А.Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі 36 жылда ұлт ұстазының ұшан-теңіз мұрасына ден қоюшылар легі көбейгені белгілі.
07 Наурыз, 2024
Әр балаға 70 мың теңге беріле ме? Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желіде осы жылдың шілде айынан бастап әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі деген хабарлама тарады. Ақпараттың анық-қанығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2024
Еліміздегі ең жемқор министрліктер аталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттінің ресми өкілі Арман Тілеукенов Қазақстандағы министрліктер арасында жемқорлық дерегі ең көп анықталған 4 министрлікті атады, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2024
Қайрат Сатыбалды жымқырған 732,8 млрд теңге қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының ісін тергеу аясында мемлекетке 732,8 млрд теңге қайтарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2024
Әйелдердің тісін емдеу үшін жәрдемақы берілуі мүмкін
Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің бүгінгі отырысында ана капиталына назар аударып, ұрпақ өрбітетін аналардың денсаулығына қаржылай қолдау көрсету мақсатында бала туу жасындағы әйелдерге тісін емдету үшін бірреттік жәрдемақы беруді ұсынды. Ол осы мазмұндағы сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2024
200 мың доллар пара сұраған шенеунік сотта жылады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсұт Исахов өткен жылдың жазында қамауға алынған еді. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Наурыз, 2024
Дүниеде мейірімді жүректен артық не бар? Ең ұлы істің, ең сұлу сөздің, ең нәзік гүлдің, ең мөлдір көздің тұңғиығы мейірімде жатыр. Бүгін айтқымыз келіп отырған Николас Уинтон есімді жанның әр демі мейірімнен тұрады десек, артық айтпаған болар едік. Ол жан шыдатпас азаптан 669 еврей баласын құтқарып қалған.
06 Наурыз, 2024
Аквамәдениет: Балық өсіру де сауаттылықты талап етеді
Кейінгі уақытта елімізде аквамәдениетті қалыптастыруға айрықша назар аударылып отыр. Бұл өз кезегінде балық өсіруге бел буған азаматтардың кәсібіне сауаттылықпен қарауына мүмкіндік туғызатыны анық. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында ашылған аквамәдениет ғылыми зерттеу орталығы шаруалардың өз ісіне ұқыптылықпен қарауына зор ықпал етіп отырғаны даусыз.
06 Наурыз, 2024
Ұлытау театрының маңдайалды актері
Өнерге әркім әрқалай жолмен келеді. Біреу жастайынан арман етеді, енді біріне туған-туыс, нағашы-жұрағаттың ықпалы тиіп жатады. Ал Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр және кино актері Досжан Жанботаевтың жөні бөлек. Ол ешқашан актер боламын деп ойлаған да емес.
06 Наурыз, 2024
Алматыға жақын маңдағы елді мекендерден нәпақа тауып, білім іздеп келетіндер саны толастаған емес. Соңғы он жылдан бергі қала агломерациясының кеңеюіне жүйесіз көш-қон бірден-бір себеп болып отыр. Соның салдарынан қала тұрғындарының саны жыл сайын 70 мың адамға артып, әлеуметтік саладағы сапалы қызметке сұраныс күшейді.
06 Наурыз, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, сала қазіргі уақытта халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалалардағы жемқорлықты жоюға басты назар аударып отыр. Ол үшін жемқорлық болуы мүмкін жағдайларды талдау, оған қарсы мониторинг жүргізу мен мәдениетті қалыптастыру бағыттарына күш салынып келеді.
06 Наурыз, 2024
Кәсіподақ: Еңбеккер құқы ескерілсе игі
Нәсіпке ортақ болғанымен, еңбеккерлердің құқығын қорғауға келгенде енжарлық танытатын кәсіподақ жұмысының көлеңкелі тұсы көп. Бұлай деуіміздің себебі де жоқ емес. Өйткені еңбек ұжымдарында болған наразылықтар мен жалақысы жылдар бойы көтерілмеген мекемелер бар. Кейінгі жылдары талай жұмысшы қайғылы оқиғаға ұшырап, жазым болды.Алайда тағдыры тәлкекке түскен осындай сәттерде олар құқығымды қорғайды деген кәсіподақты неге таппай қалады?
06 Наурыз, 2024
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Дәстүрлі діннің уызына жарыған ұрпақ жат ағымға төтеп бере алады
– Ассалаумағалейкум, қадірлі Наурызбай қажы Тағанұлы! Уақыт тауып, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет. Ең әуелгі сауалымызды қоғамның рухани келбетінен бастасақ. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы ұлттың сапасы мен саламаттылығына айрықша көңіл бөлді. Осы бағдарда қоғамның рухани сеніміне және түрлі сын-қатерге қатысты бүгінгі өзекті мәселелер туралы білгіміз келеді.
06 Наурыз, 2024
Осыдан тоғыз жыл бұрын өндіріс ашу идеясы Махамбет Асабаевтың ойына кездейсоқ келген жоқ. Бірнеше жыл бойы мұнай-газ, тау-кен және құрылыс кәсіпорындары үшін импорттық жұмыс киімдерін, аяқкиімдерін және жеке қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысты. Негізі, алып-сату бағыты. Нарықты егжей-тегжей зерттеген кәсіпкер жұмысшы қолғабына сұраныс артқанмен, өндірісіміз жолға қойылмағанын түсінді.
06 Наурыз, 2024
Бизнеске несие беру динамикасы
Жаңа бизнеске арналған несиелер көлемінің өсімі айқындалған межеден 20%-ға асқан. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, былтыр кәсіпкерлік субъектілеріне банктер тарапынан 16 трлн теңге қаржы берілген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге көп.
06 Наурыз, 2024
8 наурыз қарсаңында гүл қымбаттай бастады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай жүргізілген сауалнамаға қатысқан қазақ әйелдері ерлерден қандай сыйылық күтетіндерін айтты. Ең қызығы, гүлдер алғашқы үштікке де кірмей қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы үйқамаққа алынды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2024
Ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты - министр
Бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қазіргі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2024
Алматы: Үрейді ақпараттың нақтылығы басады
Қаңтардағы жер сілкінісінің үрейі әлі басыла қоймаған Алматыны табиғат ана тағы да бір сілкіп алды. Наурыздың 4-і күні сағат 11-ден 22 минут өткенде тіркелген тербелістің күші 5 балды құраған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Сейсмикалық қауіпті аймақты мекендеген тұрғындар таңды ұйқысыз атырары айтпаса да түсінікті.
05 Наурыз, 2024
Мыс өндіруге инвестиция тарту жолы
Елордада «Қазақстан тау-кен палатасының» ұйымдастыруымен өткен кен өндіру саласына инвестиция тарту мен дамытуға арналған конференцияда еліміздің осы саладағы даму бағыттары мен келешегі кеңінен талқыға салынды.
05 Наурыз, 2024