Редакция таңдауы
Заңсыз шығарылған активтер: 1 трлн теңге мемлекет қазынасына қайтарылды
Биылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді қайтару белсенді жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы бұл іске ерекше маңыз беріп, арнайы заңға да қол қойды. Бас прокуратураның жанынан комитет те құрылды. Қазіргі уақытта қазынаға қайтарылған қаржы көлемі 945 млрд теңгеден асады. Активі 13 млн айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе 44 млрд 850 млн теңгеден аса заңсыз қаржы жиғандар заң қырына ілігеді.
20 Желтоқсан, 2023
Сәбиді сауықтыратын бағдарлама
Ақтөбе облысында аутизм дертіне шалдыққан 600 бала бар. Олардың жас айырмашылықтары да әртүрлі. Осы балалардың ата-анасы біраз жылдан бері арнайы балабақша ашу қажеттігін күн тәртібіне көтеріп келеді. Өйткені сәбидің аутистік спектрі бұзылғаны неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым мамандар көмегімен қалыпты ортаға бейімдеу мүмкіндігі жоғарылайды. Бала қатарынан қалып қоймасын деп шырылдап жүрген ананың да тілегі осы.
20 Желтоқсан, 2023
Ақтауда 300-ден астам отбасына пәтер кілті тапсырылды
Жақын арада көпбалалы, І және ІІ топ мүгедектігі бар жандар, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады. Ақтау қалалық әкімдігі бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлерді 19А шағын ауданынан салып берді.
20 Желтоқсан, 2023
Осыдан бес жыл бұрын құрылған «Жас сарбаз» қозғалысы балалар бойында мектептен бастап ұлттық рух ұялатады. Еліміздің барлық өңірінде жасақталған ұйым оқушыларға денешынықтырумен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жастайынан әскери мамандықтарды игеруіне жол ашады. Бұл ұйым Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, патриоттар тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып келеді. Бүгінде географиясы кеңейіп, құрамы 280 мың тәрбиеленушіге жеткен.
20 Желтоқсан, 2023
Бұрын да жеке-дара ел болғанбыз. Әріден тартқанда ғұн, түркі жұрты жайындағы деректер осыны айғақтайды. Берісінде Жәнібек пен Керей хандардың ұйытқы болуымен өз алдына Қазақ хандығын құрғанбыз.
19 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұлан қатарындағы Никита Дяченко өз болашағын өнермен сабақтастырады. Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маман-операторы біздің сұрағымызға жауап берді.
19 Желтоқсан, 2023
Шын мәнінде, егемендіктің, еркіндіктің ақ таңына дейінгі азапты жолда кімдердің ізі қалғанын, рухты жырында кімдердің даусы естілетінін Жер-ана жақсы біледі. Қатпары қалың болса да, оқулығы жұқа тұнған тарих та куә. Қаншама жан азаттыққа қол созды, қаншама қадам жасалды, гүлдер солды, үміттер үзілді, шырағы сөнді. Рух сілкінді, тарихи сана оянды. Бұл «соғыста» ұлтының тәні мен жаны ояу болсын деген талай қайраткер қалам арқылы күресті. Елдің рухын берік етіп, ішкі сенімін күшейткен қаншама сүйекті шығарма қазақ аңсаған азаттыққа жол салды.
19 Желтоқсан, 2023
Елі мен жерінің қайғы-қасіретін жан-жүрегімен терең сезінген ақын Мағжан Жұмабай ХХ ғасыр басында Алаш арыстарымен бірге қалай да ұлтын оятуды көксегені мәлім. Сондағы аса бір қамырықты өлеңі «Қазақ тілі» еді. «Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады» деп басталатын шағын ғана жырда бәрінен күдер үзген ақын ең соңында үмітті ұлттың ана тілінен табады. «...Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деп аяқтайды. Әлкей Марғұланша айтқанда, «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабайдың маңызы ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің маңызынан кем емес». Демек, осыншама ұлы ақынның бұлай деуінде үлкен мән бар.
19 Желтоқсан, 2023
Өнерді өміршең, өзгелерден дара ететін оның астарындағы автордың ішкі «мені». Ал сол «мен» жеке адамның таным ауқымынан шығып, тұтас ұлттың, тіпті күллі адамзаттың арманына ұласқанда саф өнердің тынысы қайта ашылады.
19 Желтоқсан, 2023
Кәсіби би өнерінің ерен тұлғасы
Биыл еліміздегі хореография өнерінің аңызға айналған тұлғасы, қазақ биін дәріптеуші, зерттеуші, жоғары оқу орнында хореография кафедрасын ашып, бишілердің елімізде кәсіби жоғары білімін қалыптастырған ғалым, Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Дәурен Әбіровтің туғанына 100 жыл толып отыр.
19 Желтоқсан, 2023
Ұлттық музейде «1933-2023. Қазақстан Суретшілер одағына 90 жыл!» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті. Мазмұнды іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсеткен.
19 Желтоқсан, 2023
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің үздік үштігіне кірді
Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды (17-7) мерзімінен бұрын жеңіп, рейтингтегі орнын өзгертті. Ол (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
Астанада бір түнде 44 жол апаты тіркелді
Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?
2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
11 айда қанша қандастың көшіп келгені белгілі болды
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?
Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
2024 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аударады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023