Редакция таңдауы
«Шебердің инесі де, соққан күймесі де алтын» деген. Қай салада болсын өз ісін жетік білетін маманның жүзі ашық, абырой-беделі биік болады. Мамандыққа адалдық турасында ой қозғағанда адам жанының арашасы бола білген ақ желеңділерге артылған жүктің жеңіл емес екенін аңғарамыз. Себебі «медицина мамандарына қателесуге болмайды» деген қағида бар. Дәрігер болу дегеннің өзі «адамға жарық сыйлау» деген тіркеспен үйлесетін секілді. Салада түйген-білгенім көп, болдым-толдым демей, шыңдалудан жалықпайтын дәрігерлердің бірі – Дархан Сыбанбаев.
04 Желтоқсан, 2023
Ташкентке келіп тұрып, әлемнің әйгілі баскетболшысы мен білекті боксшыларына бесік болған Табақсайға соқпай кету орынсыз, әрине. Ал астана мен ауылдың арасындағы қазақтар көп шоғырланған Шыршық шаһарын бір шарлап шықпасақ тіпті әбестік емес пе? Осындай ізгі ниетпен Шыршық өзенінің бойында орналасқан еңселі ғимараттың алдына келіп тоқтадық. Бұл – Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті. Жоғары оқу орнындағы қазақ бөлімінде болашақ ұстаздар білім алып жүр. Біздің іздеп келгеніміз де – осы.
04 Желтоқсан, 2023
Бөкей ордасының қару-жарақ палатасы
Ішкі қазақ ордасының соңғы билеушісі Жәңгір Бөкейұлы да жауынгер ата-бабасынан қалған қару-жарақты киелі санап, мұра ретінде ұстап, сан түрін жинақтаған екен.
04 Желтоқсан, 2023
Отандық археологтер 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы аумағында орналасқан Бұқтырма өзені алқабындағы Берел қорымынан тәні қима таған астау табытқа салып жерленген әйелдің мүрдесін тапқан еді.
04 Желтоқсан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультетінде « Қазақ фотошежірешілері III: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның таныстырылымы өтті. Мазмұнды іс-шараны «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жоғарыда аталған университеттің Журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастырды.
04 Желтоқсан, 2023
Несіпбек Дәутайұлы әлемі (эссе)
Оқып отырған әңгімең уақытың қанша тығыз болса да магнитше тартып бас алғызбайды. «Ол ашаршылық дендегелі адамды адам жеп жатыр дегенді естіген. Әуелі сенбеп еді. Құлжаны атып алғаннан кейін мән-жай білмек болып, етектегі ауылға түскен. Сонда... Шағын ауылдың адамдары аштан қатып қалыпты. Кенет ауылдан сәл аулақта алба-жұлба бір топтың лапылдаған отты шыр айналып жүргеніне көзі түсіп, қайнап жатқан қазан ернеуінен баланың білегін байқап қалған». Осы тұсына келгенде онсыз да түршіге бастаған денең қорқыныштан құрсауланып, тұла бойыңды мазасыз үрей билейді. «Аман қалғыларың келсе, тастаңдар баланы, – деді соңындағы қаба сақалды өңкиген. Қырылдаған үніне ырыл ма, соған ұқсас жексұрын бірдеңе араласқан». Кенжеғазы мен оның сәбиін арқасына таңып алған әйеліне ілесіп, артынан жақындап келіп қалған әлгі аш бөрідей адамжегіштерден жанталаса қаша жөнелгің келеді. Бірақ әбден шаршап талған аяқтарың ілгері басудың орнына кейін кетіп жатқандай жандалбаса күй кешесің. Түсіңіз шығар. Әдетте жайсыз жатып, бастырылығып ұйықтаған адам осындай түстен шошып оянады емес пе? Бір сәт осы ойыңа иланып, басыңды көтеріп, жан-жағыңа қарайсың. Жоқ! Түсің емес екен. Үуһх!.. Ояусың. Есіңді жиған соң қолыңа кітап ұстап отырғаның еске түседі. Қасыңда Кенжеғазының отбасы жоқ. Олар мына кітаптың ішінде. Кітап ішіндегі әңгімеде әлгі аштықтан әлсіреп жыртқышқа айналған адам еместермен арпалысып жүр. Ендеше, сенікі не жорық?
04 Желтоқсан, 2023
Бейнесі аңызға айналған Анна Ахматованың портреттері көпке мәлім. Ақынның суретін әр жылдары Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі. Иә, аңыз-тұлғаның өмірінің әр кезеңін бейнелеген туындыларда сол уақытқа сай ақынның көңіл күйі де көрінетіндей. Десе де бірнеше портретіне ортақ бір күй бар – мұң. Қай суретшінің қылқаламындағы Ахматоваға қарасаңыз да биік рух, сырбаз бейне, асқақ жан, жанарынан есетін қоңыр мұңды байқамау мүмкін емес.
04 Желтоқсан, 2023
Шығыста екі аудан құрылуы мүмкін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Мемлекет басшысына облыстың биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Желтоқсан, 2023
«Один дома» фильмінің актерлері 30 жылда қалай өзгерді?
Жаңа жыл қарсаңында көгілдір экраннан жиі көрсетілетін «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома) фильмінде басты рөлді сомдаған кішкентай Кевин - Маколей Калкиннің Голливудтағы даңқ аллеясында аты-жөні жазылған жұлдызы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2023
«Дәрігерлер тексермей антибиотик салған». Қарағандыда ер адам қайтыс болды
Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Науқастың қаза болу себебі, дәрігерлердің алдын ала оның ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салғаны. 8 қарашада ауруханада болған қайғылы оқиғаны жергілікті облыстық клиникалық аурухана хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2023
«Нобель сыйлығының лауреаттары алған». Димаш халықаралық марапатқа ие болды
Әнші, Қазақстанның халық артисі Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2023
Банктер проблемалық қарызды кешіруге дайын ба?
Қазақстанда банк секторы тұрақты дамып келеді. Капиталдандыру көрсеткіштерінің жоғары болуы ағымдағы күйзелістерді еңсеруге мүмкіндік береді. 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрады.
04 Желтоқсан, 2023
Қаржы нарығындағы жағдай ешқашан біркелкі өрбімейді. Азаматтардың әлеуметтік санаты, олардың төлем қабілет деңгейі және қаржылық сауаты – әр алуан деңгейде. Мемлекет әртүрлі бастамаларды өз деңгейінде атқаруға тырысқанымен, азаматтарды ортақ тәртіпке бағындыру қай қоғамда да қиын. Әсіресе өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтардың кредиттері бойынша берешекті реттеуді қамтитын қаржылық қызметтерге жүгінетін тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін дамыту өте маңызды.
04 Желтоқсан, 2023
Қазақ – малсақ, тіршілігі төрт түлікке байланған. Байланбай қайтсін, көзін ашқаны көргені – жайлау, қыр жағалап жайылған қой-ешкі, мінгені – жылқы. Демек, кәсібі де сол малдың айналасында болуы заңдылық. Біз сол атакәсіпті маңайлаған Күлтін әулетінде қонақта болдық. Айналасын берекеге толтырған «Айдос» шаруа қожалығы бабадан қалған өнегелі істі өрісті етіп отыр.
04 Желтоқсан, 2023
Экспорттық әлеуетті арттыратын бағдарлама
Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында IT-аутсорсинг компанияларды қолдауға арналған «Global Outsourcer» бағдарламасының бірінші легі табысты өтті. Акселерациядан өткен 15 команда жалпы құны 158 мың долларды құрайтын 73 келісімшартқа қол жеткізді. Қатысушылардың сату географиясы АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Түркия, Аустралия сияқты әлемнің 27 елін қамтиды.
04 Желтоқсан, 2023
Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты жаңа кітабы жарық көрді. Мемуар авторы өмір жолымен қатар, отыз жыл ішінде болған маңызды саяси оқиғалар, экономикалық реформалар, күрделі халықаралық келіссөздер, қабылданған стратегиялық шешімдер туралы әңгімелейді. Тәуелсіздіктің елең-алаң кезіндегі бастамаларға тоқтала келе, қаңтар оқиғасына қатысты ой-пайымдауларын да білдірген.
03 Желтоқсан, 2023
Жердің көркі атанған Меркі ауданында еңбекпен есейген азамат аз емес. Туған жерге туын тіккен іскер азаматтар бүгінде ауылдың өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Олар алтын бесік ауылда толайым табыстарға жетіп, жергілікті жұртқа да мүмкіндігінше қолұшын беріп жүр.
03 Желтоқсан, 2023
Науқасқа дер кезінде тиісті көмек көрсетілмесе, қайғылы жағдайға алып келуі әбден мүмкін. Әсіресе жедел жәрдемді ұзақ күтіп қалғанда немесе алғашқы көмек дәрігерлері келгенде науқастың жай-күйінен толық хабардар болса, нақты көмек көрсетуге болар еді. Дәл осы мақсатта С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 6-курс студенті Аружан Қалиханова «көмекші білезік» ойлап тапты.
03 Желтоқсан, 2023
Индонезияда футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі (U-17) өз мәресіне жетті. 23 күнге созылған жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 24 команда бақ сынады.
03 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде фотосуретші, саяхатшы Таймас Нұртаевтың «Жер шары: бұл әлем қандай ғажап!» атты жеке фотокөрмесі ашылды.
03 Желтоқсан, 2023