Редакция таңдауы
Бозала таңнан Бозанбайға ағылған елде есеп жоқ. Жүйрік ат десе делебесі қозып тұратын қазақ елі қыран ұшып, тазы жүгірген күні жатсын ба? Бекзат өнерді насихаттауға бағытталған дәстүрлі фестивальда биыл Ресей, Моңғолия, Қытай, Қырғызстанның қыран баптаған құсбегілері де бақ сынасты. Осылайша, Ұлан ауданында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бүркітшілер байқауы халықаралық деңгейдегі іс-шараға ұласты.
30 Қараша, 2023
Көктайғақ. Әкім жүрсе көпті ойлап...
Қараша туғалы жаңбырдан көз ашылмады. Кібіртіктеп қар жауғанымен, іле еріп, кеш түсе қатып, түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып жатыр.
30 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында «Бала тілі – бал» атты фестиваль өтті. Екі турдан тұратын сайысқа ауданның әр ауылынан 33 балдырған қатысып, мақал, жаңылтпаш айтудан жарысып, өнерлерін ортаға салды.
30 Қараша, 2023
Тұңғыш академиктің мектептегі мұрасы
Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы университеттің геология кафедрасы Қаражар орта мектебіне құнды тарту жасады. Оқу ұйымына түрлі тау жынысы мен минералдар, ғылыми әдебиеттер беріліп, оқушылар тұңғыш академик іздеп тапқан қазба байлықтармен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.
30 Қараша, 2023
Алматы хостеліндегі өрт: Қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды
Алматыда бүгін таңғы 5:33-те шыққан өрттен 13 адам қаза болған еді. Өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Жертөледен өрт шыққан: Хостелдегі қайғылы жағдайдың неден болғаны анықталып жатыр
Министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Онда олар хостелдегі өрттің шығу себептерін тексереді. Алдын ала деректер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
«11 қазақ». Досаев хостелде қаза тапқандар қай елдің азаматтары екенін айтты
Бүгін Алматыдағы хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Айына 25 мың теңге: 13 адам қаза тапқан хостел өртке дейін қандай болған?
Өртке дейін Алматы хостелінің 2 GIS қосымшасындағы рейтингі ең жоғары деңгейде болған. Қазір қосымшаны қолданушылар пікір алаңына наразылықтарын жарыса жазып, рейтинг көрсеткіші 4,3-ке дейін төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Өрт шыққан хостелде шетелдіктер тұрған
Алматыда 13 адамның қазасына себеп болған хостелде басым көпшілігі шетел азаматтары болған, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болды
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртеніп, 13 адам қаза болды, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Дәстүрлі «Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасы жарыққа шықты. Жұртшылыққа биылғы он бірінші басылымды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арнайы таныстырды. Құжатта еліміздегі жастар өмірінің негізгі салаларындағы жағдайы кейінгі әлеуметтік-экономикалық және жаһандық геосаяси сын-қатерді ескере отырып, жан-жақты талданған.
30 Қараша, 2023
Ішкі жалпы өнім өсе ме, құлдырай ма?
Әртүрлі сарапшылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көрсеткішінің шамамен 5 пайызға тақау қалыптасатынын айтып жатыр. AERC 4,6 пайыз десе, Халықаралық валюта қоры 4,8 пайыз болады деген болжам береді. Halyk Finance аналитикалық орталығының мәлімдеуінше, ІЖӨ өсімі жоспар бойынша жылжып келе жатыр.
30 Қараша, 2023
Экономика және креативті ойлау
Бүгінде экономиканың басым бағыттарына айналып келе жатқан креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Бұл өндіріс әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлігі ретінде танылып, ғылым мен мәдениетке, заманауи шығармашылық бағытқа негізделіп отыр. Креативті экономика көптеген елде мемлекеттік қолдауға ие болып, оның нарықтағы ІЖӨ-ге қосқан үлесі 3%, ал кейбір дамыған елдерде 10-12%-ды құрайды.
30 Қараша, 2023
Кейінгі он бір жылдың бедерінде мал азығын дайындаудың қиямет-қайымға айналып, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың баяғыдан бері қажетінше шөп шауып алып жүрген шабындықтарының көзден бұл бұл ұшуы асқынған мәселе болып отыр. Осы өзекті мәселе жөнінде туған ауылым Қызбел тұрғындарының қынжылысын, талап-тілегін Үкімет назарына жеткізу мақсатымен қолыма амалсыздан қалам алдым.
30 Қараша, 2023
Сыр өңіріндегі тарихи қатпары қалың қалаларға өткен ғасырда жасалған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы материалдары қазір Ресей мұрағаттарында жатыр. Осыған байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде болды.
30 Қараша, 2023
Ғылымды дамыту мақсатында Үкімет алдына нақты міндеттер қойған. Соның ішінде «Жас ғалым» жобасы аясында ізденушілердің, постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Дәл осындай гранттық жобаға ие болғандардың бірі – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің постдокторанты, PhD Ләйлім Сабытайқызы.
30 Қараша, 2023
2023 жылғы қыркүйектің аяғындағы есеп бойынша отандық екінші деңгейлі банктердің реттеушілік меншік капиталы 6,9 трлн теңгеге жетіпті. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Сарапшылар тап осы критерийдің талапқа сай болғаны өте маңызды, өйткені меншік капиталы банктердің және бүкіл қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады дейді.
29 Қараша, 2023
Қазақ тіл білімінің аға буын өкілдерінен бір керемет қасиетті байқауға болады. Ол оқымыстыларымыздың сан қырлылығы, ғылыми зерттеулердегі жан-жақтылығы дер едік. Міне, сондай ғылыми шығармашылығының ауқымы кең, әралуан салаларға тармақталған, атап айтқанда, қазақ тілі білімінің тарихы, графика, орфография мәселелерін, сондай-ақ қазақ тілінің морфология және сөзжасам салаларын зерттеумен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесін де зерделеп, елеулі табыстарға қол жеткізген көрнекті ғалым Қазақстан еңбек сіңірген ғылым қайраткері, педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызы көзі тірі болғанда 95 жасқа толар еді.
29 Қараша, 2023
Ұлан-ғайыр қазақ даласының бір түкпірінде қоларбада отырып компьютерге үңілген, етпеттеп жатып арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай есімі баршаға таныс. Таныс қана емес, есімінің өзі аңызға айналды. Өмірінің өзі мифке ұласты.
29 Қараша, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтам салу жайы талқыланды
«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлер қоғамға тереңдей еніп кеткен кеселмен күресуде салдарымен арпалысуды ғана емес, себебін де байыптауға мән беру қажеттігін ескертті.
29 Қараша, 2023