Редакция таңдауы
Ақсу қаласында адам ұрлады деп айыпталған төрт азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ адамдарды бопсалаумен және ұрлықпен айналысқан. Жас жігіттер бұған дейін бір ер адамды ұрып-соғып, бұл іс-әрекеттерін түгел бейнежазбаға түсіріп алған. Бұл бейнежазба желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді.
21 Қараша, 2023
Мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылдың мамыражай жазы болатын. Ол кезде әлеуметтік желі деген атымен жоқ. Бар қазақ республикалық бірнеше басылымның бетіне қараймыз. Және қай газетте қандай тілші еңбек етіп жатқанын, оның қалам сілтесі қалай екенін назардан тыс қалдырмаймыз. Осы жылдары қазақ баспасөзінің қасқа нары – Марат Қабанбаев еді. Өз басым бұл қаламгердің жазған-сызғанын қалдырмай оқушы едім.
21 Қараша, 2023
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, әдебиетке ақын атанып келген Гогольдің алғашқы өлеңдері сынға ұшырап, оларды көз көрместей қылып отқа жаққан қаламгердің «Ревизорды» жазарына сол уақытта ешкім нанбағанына таңғаласың. Қуаты сұмдық құбылыстың алғашқы қадамы түкке тұрғысыз болғанын қазір ешкім сенбес.
21 Қараша, 2023
Бала күніңде оқысаң да ойыңнан шықпай жүретін шығармалар болады. Сондай көркем дүниенің бірі – жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Жиырма жас» деп аталған үш-төрт беттен ғана тұратын қысқа әңгімесі. Бұл әңгімені алғаш 7-сыныпта жүргенде оқып, оқиғасы ойымда бірден жатталып қалды. Содан бері оны қаншама рет қайталап оқығаным есімде жоқ. Әр оқыған сайын жаңа жазылған шығарма оқығандай әсер аламын. Сонда бұл балалық шаққа сағыныш па, бозбалалық кезді аңсау ма, әлде шығарманың шынайылығы ма, әйтеуір туындының өн бойында оқырманды жіпсіз байлап тастайтын бір сиқыр бар.
21 Қараша, 2023
Өлең-жырдың жүйрігі Жамбыл тоқсан жастан аса бере Грузияға барғаны жөнінде дерек бар. Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» дастанының 750 жылдығына байланысты шығармашылық сапар туралы мәліметтерді ғана емес, біз соған байланысты туған екі бірдей өлеңді білеміз.
21 Қараша, 2023
EURO -2024: Алаш жұрты аңсаған дода
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Аталған матчқа жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Бағдат Қайыров, Бахтиер Зайнутдинов қатысқан жоқ.
21 Қараша, 2023
Соңғы жиырма жылда болмаған қыс келе жатыр – синоптиктер болжамы
Синоптиктер елімізге 20 жылдан бері болмаған қыс келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2023
«Ұлттық құрамада жүргендердің көбі қаланың ақсаусақ баласы» – бокстан бас бапкер
Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада мәресіне жетті. Боксшылардың әлеуеті сынға түскен додаға әлем чемпиондары, әлем біріншілігінің жүлдегері, Азия чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған саңлақтар да сынға түсті. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтан Спартакиадаға қатысты пайымын сұрадық.
21 Қараша, 2023
«Құрамада қала ма?». Футбол федерациясы бас бапкерге қатысты шешім қабылдады
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында ресейлік маман қызметін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2023
Жанкүйерлер ұлттық құрама футболшыларын сән-салтанатпен күтіп алды
Футболдан ұлттық құрама ойыншылары Словениядан елге оралды. Оларды жанкүйерлер мен Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2023
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап тағы бір жол ақылы болады
1 желтоқсаннан бастап елімізде тағы бір жол ақылы болады. Көлік министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
21 Қараша, 2023
Магистральдық желілердің 60 пайызы тозған - Үкімет басшысы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қараша, 2023
Сенімге селкеу түскен жоқ. Магомед Адиев үмітті ақтады ма?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы соңғы матчта жеңіліс тапты. Сырт алаңда Словения құрамасына қарсы ойнаған футболшылар 2:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2023
Таңсәуле Серіков: Балаларды обырдан сақтауға ерекше көңіл бөлу керек
Қазір әлемде обыр дертінен опық жеп жатқандардың қатары азаймай тұр. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта құру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Аталған жұмыстарды жетілдіре түсуге атсалысып жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл ХДПП» фракциясының мүшесі Таңсәуле Серіковке бірнеше сауал қойып көрген едік.
21 Қараша, 2023
«Qyzyljar» АЭА: Тынысы мен тірлігі
2019 жылдың қазанында Премьер-министрдің Қаулысымен Петропавл қаласының аумағында «Qyzyljar» атты Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ (АЭА) құрылды. Арнайы аймақ 2044 жылға дейінгі кезеңде әрекет ететін болады. Бұл – еліміздің аумағында құрылған 13-арнайы аймақ, бөлінген жер көлемі – 212,3 гектар. Оның мақсаты – инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар жасай отырып, тауар өндірушілерді Петропавл қаласы мен солтүстік өңірдің экономикалық дамуына тарту. Негізінен, жеңілдіктер мен преференциялардың өзі де инвесторлар үшін өте тартымды. Атап айтқанда қазіргі заманға лайық тауар өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан мүлде босатылады. Импорттық ҚҚС-да төлемейді. АЭА аумағына жеткізілетін шикізат пен құрал-жабдықтар кеден салығынан босатылады. Жерді пайдаланғаны үшін ешқандай жалдау құнын төлемейді. Осының үстіне дайын инфрақұрылымдарды да қолданады. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін жалдауға жеңілдетілген тәртіп жасалған.
21 Қараша, 2023
Медицина мамандары иммундық жүйені зақымдайтын АИТВ инфекциясы туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарына мейлінше араласып жатыр. Бұл инфекция адамның иммундық жүйесін зақымдаумен шектелмей, ауру тіптен асқынса, мұның соңы жұқтырылған иммун тапшылық синдромына (ЖИТС) соқтырады.
21 Қараша, 2023
Жағдайды жақсартатын жеті дағды
Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен JOLTAP жобасы аясында «Freelance мүмкіндік» қысқамерзімді оқыту бағдарламасының екінші легі басталды. Жобаның мақсаты – жұмыссыз жастарға жол көрсету, халықтың табысын арттыру. Осыған орай жоба азаматтарға қазіргі нарықтық сұранысқа сай жеті түрлі цифрлық мамандықты тегін үйретеді.
21 Қараша, 2023
Елімізде ерекше көбейген ақбөкен санын жасанды жолмен реттеу туралы шешім шыққанына бір ай болды. Кей өңірде арзан ет дүкен сөрелеріне түсіп, халыққа ұсынылып жатыр. Біз осы жұмыстың қалай жүріп жатқанын көзімізбен көріп қайтқан едік.
21 Қараша, 2023
Ел тарихы мен дамуында жаңа бір бетті ашып берген кезектен тыс Президент сайлауының өткеніне бір жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында қазіргі геосаяси жағдайда мемлекеттілікті нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстану қажеттігін алға тарта келіп, президенттік мерзімнің санын бір мерзімге дейін қысқартуды және президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауы еліміздің алдағы 7 жылдағы саяси даму бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сайлау «барлық саяси жүйенің түбегейлі жаңғыруына әкелетін сайлау циклін бастады».
21 Қараша, 2023
Мәдениет – халықтарды байланыстырушы көпір
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында IX Халықаралық мәдени форум өтті. 16-18 қараша аралығында ұйымдастырылған басқосуда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Шығармашыл зиялы қауымның кездесуіне Қазақстаннан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
21 Қараша, 2023