Редакция таңдауы
СҚО-ны қар басып қалды: 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды
Солтүстік Қазақстан облысында 18 қараша күні 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Димаштың ерекше стильдегі жаңа клипі жарыққа шығады
Әлемді әуезді ән, сазды үнімен баурап алған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жақын арада жаңа бейнебаяны тыңдарманға жол тартады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Ұлттық құрама Словенияға аттанды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы ақырғы матчты өткізу үшін Словенияға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2023
«Менің бауырым» жобасы оқушыларға қорған болады
Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары тізе қосып, Астана қаласында «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасын қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын Ұлттық күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2023
Қазақстан - Сан-Марино ойыны: Бір гол өткізіп алдық
Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының қақпасына Сан-Марино ойыншысы алғашқы голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Есеп 2:0: Қазақстанды Ислам жеңіске жетеледі
Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Сан-Марино құрамасының қақпасына екінші голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Димаш Құдайберген мен олимпиада чемпиондары ұлттық құраманы қолдауға келді
Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Қазақстан - Сан-Марино матчының тікелей көрсетілімі
Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы Қазақстан - Сан-Марино арасындағы ойын «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Президент Қазақстан-Сан-Марино ойынын тамашалайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2023
Газа секторынан Қазақстан азаматтары елге оралды
Газа секторында қалған Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері бүгін Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2023
Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды
Мақсат Тұрлыбаев Ұлттық статистика бюросының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Қазақ тілін қазақтарға да үйретемін – неміс қызы
Алина Кан – қазақ тілін үйретуші маман. Өзге ұлттың өкілі Қазақстанда туған, мектепті де орысша тауысқан. Бірақ қазақшаға судай, мақалдың майын тамызып айтқанда өзіңді сүріндіреді. Ол өзіне қазақ тілін үйретуде бағыттаушы болған бақанастық бала күнгі достарын ерекше құрметтейді. Ата-анасы да орысша сөйлейтін Алинаның тілін сындырып, қазақша сайратып жіберген сол балалар бұл күнде азамат атанды. Ал Канның қызы қазақ тілінен шәкірт баулып жүр.
17 Қараша, 2023
Сырт алаңдағы жеңіс: Жастар қандай қателікке ұрынды?
Футболдан еліміздің жастар құрамасы (U21) Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Аманжол Қалыш: Бүгінгідей өсу қарқыны сақталса игі
Кеше Алаш жұрты бөркін аспанға атып қуанған күн болды. Қазақ елі тұрғындарының саны 20 миллионнан асты. Біз осы тарихи сәтке орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, этнограф ғалым Аманжол Қалышқа бірнеше сұрағымызды қойған едік.
17 Қараша, 2023
Қатыгездікпен қалай күресеміз?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі – кейінгі күндері қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптың бірі. Бұл дертпен дер кезінде күреспесе, келеңсіз оқиғалар тізбегі күн санап көбейе беретінін алға ұстаған сарапшылар бұл бағытта нақты механизмдер қажет деп есептейді. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен, Қазақстандағы халық саласындағы БҰҰ Қоры (ЮНФПА) ұйымдастырған екі күндік семинарда осы мәселелер кеңінен сараланды.
17 Қараша, 2023
Жетісуда күзгі жиын-терін науқаны жақындап келеді. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруалардың нәтижесі былтырғыдан кем емес. Бүгінде масақты-дәнді дақылдардың 95 пайызы орылды. Қазір өңірдегі бар техникасы егін басында. Күн бұзылмай тұрып өнімді қоймаға тасып алу шарт. Картоп шаруашылығы да белсенді. Қазір өңірге ауылшаруашылық саласына инвестор тарту жұмысы жүйелі жүргізіліп отыр.
17 Қараша, 2023
Зоотехник – бүгінде ауылда мал өсірген шаруашылықтар үшін таптырмайтын мамандық. Мал соңында тепеңдеп жүргенді кім ұнатады дерсіз? Әсіресе әйел адамның түлік өсіруге араласып жүргені кімге болсын қызық көрінетіні рас. Светлана Бисмильдинованың бұл мамандықтың жалынан ұстағанына 20 жылға жуық уақыт өтіпті.
17 Қараша, 2023
Жалпы, Сыр бойындағы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ісінің басында осы өңірдің брендіне айналған күріш тұратыны анық. Әрине, кейінгі жылдары ет-сүт, басқа да тамақ өнімдерін өңдеудің талпынысы байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер жаңа жобалар жасап, осы салада тың бастаманы қолға алып жатыр.
17 Қараша, 2023
19 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні
17 Қараша, 2023