Редакция таңдауы
Қарап отырсақ, түрлі қоғамдық қорлар, яки үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық зерттеу агенттіктері көптеген сауалдама жүргізіп, өз деректері мен дәйектерін алға тартып жатады. Әлбетте, мұндай бастамалар қандай мүдде мен пиғылға жұмыс істейтіні – бөлек әңгіме. Ешқашан дәл статистика жасау мүмкін емес десек те, осы арқылы кез келген мәселенің нобайын болжауға болады.
14 Қараша, 2023
Тұрғын үй бағдарламасы: 5 мың теңгелік пәтер кімге бұйырады?
Осымен төрт жыл қатарынан еліміздің үш мегаполисінде «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Ол үшін жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарына орта есеппен 1 мың жаңа пәтерден бөлінеді.
14 Қараша, 2023
Бұл сауал көкірек көзі ашық азаматтарды алаңдатып-ақ тұр. Себебі шекара шебінде қалқан болып тұрған қаншама ауыл құрып барады. Еліміздің «солтүстік қақпасы» саналатын Қызылжар өңірінің алты ауданы көршілес Ресеймен шекаралас. Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекара маңындағы елді мекендер санатына жатады. Даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтау кезінде 8 789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған 70-інің болашағы бұлыңғыр деп ұйғарылыпты.
14 Қараша, 2023
Қаршадайынан ауыл-аймаққа шеберлігімен, суретшілігімен танылған Алдаберген тағы топ жарды. Ағаштан, матадан, тері мен жүннен, темірден неше түрлі бұйым жасайтын оған сүйектен ойып кәдесыйлар жасау, сақина-сырға, өзге де бұйымдар дайындаудың еш қиындығы жоқ. Бейнеу ауданының Сарға ауылында тұратын, осындағы Әліби атындағы мектепте еңбек пәні бойынша сабақ беретін шебер жігіт бұл жолы біз үшін аты азаптың, қиындықтың лебіндей есіп-естілетін Магаданға барып топ жарып, 1-орын алып оралды.
13 Қараша, 2023
Көркем шығарма қалай жазылады?
Жазушы көркем шығармасын қалай жазады? Оған көп мысал келтіруге болады. Айталық, бір қаламгер балалық шағында өз басынан өткен оқиғаны әдеби туындыға айналдырса, екінші суреткер өмірден көргенінен ой түйеді немесе әлдебіреуден естіген әңгімесін көркем дүние етіп ұсынады. Қысқасы, «өмірдің өзінен» ойып алынған шығарма шынайылығымен тартымды. Бірақ қазақ қаламгерлері көркем туындыларының жазылу тарихына көп тоқталмайды. Айта да қоймайды. Арагідік газет-журналға берген сұхбаттарында ептеп қана сыр ашады. Егер жазушылар жазған шығармасы туралы оқырманмен ой бөлісіп отырса, біраз қазынаға кенелер едік. Солай емес пе?
13 Қараша, 2023
Көз жастан көктеген қайсар мұң
Оның өлеңдері жүрек пен жанның бітісінен естілген үндей нәзік. Нәзік те болса қайсар. Болмашы ғана сол өмір лебі бұрқанса, дауыл тұрғызуға қауқарлы, күбірлеп-сыбырласа, шым-шымдап бойыңды билеп алады. Ақынның оқырманы көп болатыны содан болуы керек. Дәурен Берікқажыұлы жырларында артық сөз, әдемілікке жетемін деп әлеміштеген жасанды тіркес жоқ.
13 Қараша, 2023
«Абайдың Батысынан Шығысы басым» деген Мұхтар Әуезов. Хакім жырларын бажайлап оқысақ, шығыстық қазыналарға көптеп ұшырасамыз. «Ақылмен хауас барлығын, Білмей-дүр, жүрек сезе-дүр», дейді ақын. Хауас деген не?
13 Қараша, 2023
Қант диабетіне шалдыққандарға көмек
Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.
13 Қараша, 2023
Қазақтың ежелгі генетикалық жадысынан орын алған ұлттық қасиеттерінің бірі һәм бірегейі ат сыншылығы. Бұл туралы ел ішінде небір аңыз-әңгімелер жетерлік. Атап айтсақ, соның бірі – ХVII ғасырда өмір сүрген атақты Толыбай сыншы. Бұл кісінің сыншылығы хақында ғұлама атамыз Мәшһүр Жүсіп және жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің жазбаларында кездеседі.
13 Қараша, 2023
«Қыз қууда талай жігітті қамшымен сабадым». Шабандоз қыз асау түйені қалай үйреткенін айтты
Аружан Амангелдіқызы шабандоз, атбегі, көкпаршы. Қыз қууға қатысып, жамбы атумен танылған бойжеткеннің түйеге мініп жамбы атуды меңгергені көпшілікті сүйсінтті. Жоғары оқу орнының 2-курс студенті бос уақытын қыдыруға емес, атқа мініп, ұлттық ойынымызды ұлықтауға арнағанды жөн көреді.
13 Қараша, 2023
«Рекордтық көрсеткіш». Ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,4 пайызға жетті
Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қараша, 2023
Биыл қыс кеш түседі - синоптиктер
Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес алдағы күндері ауа температурасы 22 градусқа дейін жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2023
Талдықорған полициясының басшысы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша Қазақстан халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 1,41% артқан. Қазір елімізде 19,9 миллион адам тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
13 Қараша, 2023
Бүгін Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2023
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Кения астанасы Найробиде өткен Халықаралық бітімгерлік дайындық орталықтары қауымдастығының (IAPTC) 27-конференциясына қатысты.
13 Қараша, 2023
Біз негізінен шикізат экспорттаушы ел болғандықтан, әлемдік аренадағы кез келген жағдайға, әсіресе мұнай бағасына әсер етуі ықтимал оқиғалардың өрбуіне айрықша құлақ түріп қаламыз. Таяу Шығыстағы қақтығыстың тым ауқымды сипат алып кетуі, тіпті, Ресей-Украина қақтығысының өзін көлеңкеде қалдырғандай. Мұнайдың әлемдік бағасына да әжептәуір әсерін тигізді.
13 Қараша, 2023
Ет өндірісінде сыртқы шикізатқа мұқтаж емеспіз
Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық әріптестік форумы алғаш рет Омбы қаласында өтті. Дәстүрлі шара биыл Қостанай өңірінде ұйымдастырылып отыр.
13 Қараша, 2023
Сәбит Мұстафин – Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының тумасы. Бұл ауыл Солтүстік Қазақстанда 80-жылдары құрылған он шақты ғана таза қазақ кеңшарларының бірі. Қазір М.Жұмабаев ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы болып жүрген Оралбай Сағындықов басқарған жылдары Бұлақ кеңшары гектарынан 31 центнерден астық жинап, республикада рекорд жасаған. Ал кеңшардың Жәмет Кәкімов басқарған Ақтастағы бригадасы тіпті 33 центнерден астық алып, бригадирдің өзі кеудесіне кеңестік «Еңбек даңқы» орденінің ІІ дәрежесін қадаған.
13 Қараша, 2023
Егіндікөлдің еңсесі көтеріледі
Биыл мамыр айында ел газеті «Егеменде» «Егіндікөлден ел неге көшеді?» деген тақырыппен күрделі мәселе туралы көлемді мақала жарияланған еді. Онда Нұра су құбырының бойындағы Егіндікөл, Қорғалжын, Атбасар аудандарының 20-дан аса елді мекендерінің тұрғындары 30 жылға жуық уақыт бойы ауыз судың азабын тартып келе жатқанын айтқан едік.
12 Қараша, 2023