Редакция таңдауы
Мектепте оқып жүргенде ауданның бас имамы болып тағайындалдым – Нұрлан имам
Нұрлан имам Байжігітұлымен сұхбатымыз қоғамның беталысы төңірегінде өрбіді. Әлеуметтік желіде «тик-ток имам» атанып, халықтың ықыласына бөленген дінтанушы, психологтан қазіргі бағдарымызға қатысты сұрадық.
10 Қараша, 2023
Жемқорлық әрекеті үшін 10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев неге босатылған еді?
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Дж.Вашингтон атындағы университетінде оқып, магистр дәрежесін алған.
10 Қараша, 2023
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режім күшіне енді
Бүгін Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қараша, 2023
Асханадағы дау: Тексеру жұмыстары басталды
Мектеп асханасынан шыққан дау бітер емес. Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының бірінде оқушыларға мерзімі өтіп кеткен иогурт берілгені туралы ақпарат тараған еді. Енді, міне, Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия асханасындағы тамақтан 44 оқушы, 2 ұстаз уланды деген ақпарат желдей есіп тұр.
10 Қараша, 2023
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режім келісімі күшіне енеді. Біраз уақыт қоғамда қызу талқыға түскен құжаттың тиімділігі қандай? Осы маңызды мәселеге көз жүгіртіп көрген едік.
10 Қараша, 2023
Облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінде Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасовтың тәртібі қаралды. 18 қазан күні түнгі сағат 23:00-ден кейін өзіне ішімдік сатудан бас тартқан дүкеншіні балағаттап, қоқан-лоқы көрсетуге дейін барған әкімнің әдепсіз қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
10 Қараша, 2023
Тозығы жеткен инфрақұрылым жүйелі жаңғыртуды қажет етеді
Бұрынғылардың «жадау атқа қамшы үйір, жыртық үйге тамшы үйір» деп айтатынындай, бүгінде апаттық жағдайдағы ескі үйлер Үкіметтің күн тәртібіндегі өзекті мәселенің біріне айналып отырғаны анық. Ал тұрғын үйді жаңарту – халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы басты міндет екені бәрімізге белгілі. Осы ретте тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй мен коммуналдық инфрақұрылым жүйесін қайтадан қалпына келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірде жүзеге асырылып жатыр.
10 Қараша, 2023
Жаркенттегі жеміс-жидек қоймасы
Былтыр облыс әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездескенде жеміс-жидек сақтайтын қойманың жоқтығы айтылған еді. Жерден ырысын терген жаркенттіктер биыл сыйымдылығы 6 мың тонналық ауылшаруашылық өнімдеріне арналған орынның құрылысын бастады. Жыл аяғына дейін нысан ел игілігіне берілмек.
10 Қараша, 2023
Экономикалық ықпалдастықтың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммитіне қатысты.
10 Қараша, 2023
Қызылшадан вакцина ғана қорғайды
Қазір елімізде қызылша жұқтырған балалардың саны күрт артып кетті. Эпидемиялық ахуалдың бұлай ушығуы бұл дертке қарсы жаппай иммундауды қажет етіп отыр. Өйткені ауру жұқтырып жатқандардың дені – дер кезінде екпе алмағандар.
10 Қараша, 2023
Егемендіктің елең-алаңында қазақ құшағына өзегін жарып шыққан өз инвесторын сыйдыра алмады. Ішкі нарықтан шыққан ортанқол инвесторлардың жолына тосқауыл қойып, шетелдіктерге басымдық берді.
10 Қараша, 2023
Тянь-Шань тауларының солтүстік беткейінде, әсем орманымен хас зергердің қолынан шыққан жақұттай жарқырап жатқан Көлсай – табиғаттың ғаламат сыйы. Қанша сұқтансаң да сұлулығына көзің тоймайтын мұндай мекендер төрткүл дүниеде сирек болғандықтан, жыл өткен сайын оны тамашалауға келетін шетелдік жиһанкездер саны да көбейіп келеді, оның ішінде өз отандастарымыз да бар.
09 Қараша, 2023
Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы тексеру басталған еді. Соған байланысты технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтатылды. Қондырғылар мен жабдықтарға тексеру жұмысын жүргізуге 1 600 жұмысшы мен 116 арнайы техника тартылған.
09 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының айтуынша, Ресей Президентінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту перспективасын айқындау тұрғысынан ерекше мәнге ие. Бүгінде стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы екіжақты ынтымақтастық барлық бағытта табысты дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысынан кейін Қазақстан мен Ресей президенттері шағын форматта келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресей астық экспорттаудан әлемде алдыңғы лекте
Қазақстан мен Ресей астық экспорттау жөнінен әлемде алдыңғы лектегі мемлекеттердің қатарында. Бүгін Қостанай қаласында өткен XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин астық экспорты, азық-түлік қауіпсіздігі, агронеркәсіп кешенін дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қараша, 2023
Қазақстан-Ресей форумы: Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық нығаяды
Қостанай қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумының аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2023
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Қостанайда жаңа салынған Смарт-орталықта көршілес екі ел делегациясының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2023