Редакция таңдауы
Еліміздің Жоғарғы Кеңесі іргесі шайқалып, күйреудің алдында тұрған кеңес одағы құрамындағы республикалардың «егемендік шеруіне» ілесіп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдағанда халқымыздың кеудесінде ұлттық намысы өшпеген саналы азаматтарының бөркін аспанға атып қуанбағаны жоқ шығар.
24 Қазан, 2023
Мектептерге – автобус, құтқарушыларға – техника
Республика күнінің қарсаңында Ұлытау облысының бірқатар мектептері көптен күткен автобустарға, құтқарушылар жаңа техникаларға қол жеткізіп, мәз-мәйрам болып қалды.
24 Қазан, 2023
Газа секторындағы атыстан Қазақстан азаматы қаза тапты
Газа секторында атыс салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2023
Синоптиктер қар жауып, аяз болатынын ескертті
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2023 жылғы 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2023
Келер жылы елімізде дәрі-дәрмекті қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министр Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды.
23 Қазан, 2023
Сайлау: дайындық және өткізу тәртібі
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қанатқақты аудандар әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу барысын тексеру мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан және Жамбыл облыстарына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Ортсайлауком аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
23 Қазан, 2023
Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі
Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі дамуына ықпал етеді. Бұл туралы «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференция барысында айтылды.
23 Қазан, 2023
Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
23 Қазан, 2023
Кітапханашы – мерейлі мамандық
Кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз. Адамзатты игілікке бастайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік болмақ. Осы ретте рухани ордаға баланған кітапханалар мен олардың шырақшысына айналған кітапханашылардың рөлі басым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр. Биыл екінші рет тойланып жатқан Кітапханашылар күні – осы салаға деген сындарлы істің нәтижесі.
23 Қазан, 2023
Жергілікті қызметке басымдық берілсе...
Атырау облысының экономикасын өрге сүйрейтін саланың қатарында мұнай-газ өнеркәсібінің алатын орны айрықша. Мұнда еліміздегі «қара алтынның» басым бөлігі өндіріледі. Сол себептен, мұнайлы өңірге шетел инвесторларының қызығушылығы артып отыр. Тіпті осы салаға сервистік қызмет көрсетуге ұмтылушылар да аз емес.
22 Қазан, 2023
«Қайырымдылық керуенінің» нәтижесі
Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті. Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсету, олардың қабілетін ашуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағытта биыл атқарған жұмысын қорытындыланды.
22 Қазан, 2023
Көгершіндіктер көп күткен клуб
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысында қолға алынған жұмыстың ауқымы зор. Мәселен, биыл 98 елді мекенде 301 жобаны жүзеге асыру мақсатында 15,7 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 56 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған еді.
22 Қазан, 2023
Алматыдағы «Балдырған» аллеясы
Мизамшуақ мезгілге шомылып тұрған мегаполисте Республика күні мерекесі қарсаңында эко-белсенділердің мұрындық болуымен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік қана өткізіліп қоймай, күзгі көшеттер отырғызылды.
22 Қазан, 2023
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылында су жаңа дәрігерлік нысан – фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 2025 жылға дейін 50 денсаулық нысаны салынбақ.
22 Қазан, 2023
Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бір аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесіне Азия аймағының 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы шаршы алаңның көрігін қыздырады.
22 Қазан, 2023
Алматыда «Ататүрік сквері» пайда болуы мүмкін
Алматы қаласында атауы жоқ сквер Ататүріктің есімімен аталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қазан, 2023
Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова күміс жүлдегер атанды
Сауд Арабиясының бас шаһары Эр-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан, 2023
Қазақстан спортшылары Азия Пара ойындарына боччадан тұңғыш рет қатысады
Ертең Қытайдың Ханчжоу қаласында IV жазғы Азия Пара ойындарының алауы тұтанады. Төрт жылда бір айналып соғатын Азия аламанына саңлақтарымыз 14 спорт түрінен қатысады. Олардың арасында боччадан да спортшыларымыз сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2023
Бэлла Самашева Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында күміс медаль иеленді
Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта басталған Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында жерлесіміз Бэлла Самашева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2023