Редакция таңдауы
Қымбат несие: Үкімет пен банктің ұстанымы
Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) де, микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) да несие пайызының мөлшері қоғамның табанына батқан тікен, маңдайына қадалған шөңгеге айналуына шақ қалды. Көптен көңілді күпті етіп жүрген осы мәселеге Үкімет нүкте қояды деген үміт басым еді.
09 Қараша, 2023
Күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүргенде тосын жаңалық ести қалсақ, тосылып қалатынымыз рас. Кейбір хабар тіпті есеңгіретіп тастайды. АИТВ вирусы анықталған пациенттер де көп жағдайда күйзеледі. Бір мезетте сұхбаттасып отырған екінші адамның сөзін елеуден қалады. Өйткені бұл кезде пациент бірден төңіректегілердің көзқарасына, жұмысына, отбасына алаңдайды. Көз алдында алға қойған мақсаттары бұлыңғырлана бастап, бойын үрей, өкініш, ыза билеуі мүмкін. Осы кезде пациентке бойындағы үрейді жеңу үшін білікті маманның көмегі ауадай қажет болады.
09 Қараша, 2023
Теңге мен деньги төркіндес терминдер ме?
Біз басқа тілден біраз сөз алдық. Әрине, әлемдік деңгейдегі тауар немесе өнімді өзіміз көп шығармағаннан кейін амалсыз озық елдердің бізге берген терминін пайдаланамыз немесе көрші орыс тілі қабылдаған сөзді қолданысқа кіргіземіз. Ал бұдан бұрынырақ заманда көрші тілдерге көбірек сөз беретін едік, өйткені оларды көбіне өзіміз өндірген болатынбыз. Мәселен, деньги (теңге), товар (табар сөзі бұрын «ұсақ мал» мағ.), шатер (шатыр), утюк, кирпичь, стакан, сундук, булат, колпак, карандаш, штаны (іш тон), малахай, урюк (өрік), курага (құрғақ), изюм (жүзім), кумыс, курт, йогурт (ұйыт), серьги (сырға), жемчуг (інжу), башмак, шашлык, чебурек (ши бөрек), кабачок (асқабақ) т.б. Енді қазіргі кезде кейбір тағам атаулары мен ұлттық дүниетанымға байланысты сөздер ғана болмаса, көрші тілдерге лексикалық жағынан әсер етіп жатқанымыз шамалы.
09 Қараша, 2023
Мұнай-газ химиясының жауапты кезеңі
Біздің заманымызда полиэтиленді қажет етпейтін сала кемде-кем. Кешегі дөңгеленген дүниенің дегбірін қашырған коронавирустың өзі онлайн жеткізу қызметінің жеделдеуіне, сөйтіп, қаптама нарығының қарқынды дамуына түрткі болды. Азық-түлік пен сусындар, фармацевтика мен тұтыну тауарларына сайттар арқылы сұраныстың жылдам өсуі полиэтилен пакетін тұтынуды айтарлықтай арттырды.
09 Қараша, 2023
Кәсіби отбасы балалар үйінің орнын баса ала ма?
Бұқар жыраудың «Өзіңнен тумай ұл болмас» дейтін аталы сөзі бар. Қанша жерден құдайсүйер қылығы болмаса да, құдай берген өз балаңнан өзге бала артық бола алмайды. Дегенмен біздің жұрт – тағдырдың тәлкегімен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басып, басынан сипаған, жетімін жылатпаған ел. Соның бір айғағындай кейінгі жылдары елімізде балалар үйі де, ондағы тәрбиеленушілер де едәуір азайып қалды. Өкініштісі, қамқорлығына алған баланы өз баласындай көре алмай, балалар үйіне қайтарып жатқан отбасылар да баршылық екен.
09 Қараша, 2023
Күршімдіктер көпірге үміт артып отыр
Осыдан төрт-бес жыл бұрын Күршім ауданын облыс орталығымен жалғап тұратын көпір салынады дегенді естіген жұрт малақайын аспанға ата алақайлаған. Қуанбай қайтсін? Жетпіс жыл аралда қалғандай күй кешкен жұрттың жанайқайын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінен оқып, Бұқтырма су қоймасына көпір салу жөнінде Үкіметке тапсырма берген. Құрылыс уақтылы басталды. Ал мерзімінде, яғни 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқтала ма? Халықты алаңдатқан сұрақ – осы.
09 Қараша, 2023
Бала жанын түсінген адам ғана жүрегін баурай алады. Жай бала емес, тілінде мүкісі болса ше? Ес біле келе өзгеден қысылуы, құрбыларынан ұялуы әбден мүмкін. Олай болса мүлде тұмшаланып, басылып қалмақ. Біздің кейіпкеріміз Марина Дюбкина – осындай кемшіліктің тігісін жатқызып, жас көкірекке үміт отын жағып жүрген жан.
08 Қараша, 2023
Зейнетке шықса да бұл маманның көмек-кеңесіне, білім-тәжірибесіне өңір мұқтаж. Сол себепті де аудан басшылығы арнайы шақырып, жұмысын жалғастыруын сұраған. Ізін басып келе жатқан шәкірттері мен жас мамандар саланы жетік меңгергенше кеңес беріп, бас-көз болуын өтінген. Шәкірт демекші, әке жолын қуып осы мамандықты таңдаған ұлдары мен қызы да үлгілі еңбегімен елге танылып үлгерді. Әкімдіктің ұсынысын ойлана келе, зейнеткерлікке дейінгі қызметін басшы емес, қатардағы инженер болып жалғастыруға келіскен-ді. Иә, біз бір кездері елеусіздеу болып көрінгенмен, ауыл шаруашылығы саласында сұраныс бар мамандық иесі Саттар Керімбаев туралы айтып отырмыз.
08 Қараша, 2023
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретінің 300 жылдығына орай Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Қазақты сансыратқан қанды қасап» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Басқосуға жиналған тарихшылар мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл қасіреттің қыр-сырын баяндап, тарихта мұндай сұмдық қайталанбас үшін қандай амал қажеттігін ашық түрде мәлімдеді.
08 Қараша, 2023
Алла тағала халқын жарылқайын десе, келешекте ұлт қамын жейтін екі ұлын бір-біріне тірек, сүйеу, жанашыр етіп жарататын болса керек. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларына айналған Кереку өңірінің тумалары, ақын Қалижан Бекқожин мен Қабдыкәрім Ыдырысов туралы осылай толғануға болады. Қалекең аға болып жыр айдынында күркіреп тұрған тұсында соңынан ерген балаң талапкер Қабдыкәрім інісін қолтықтан сүйегенін біреу білсе, біреу білмес. Тіпті ғұмыр бойы поэзиядағы аяқ алысына қолдау білдіріп, жанашырлық танытқанына тек сүйсінуге болады. Биыл Қалижан Бекқожиннің дүниеге келгеніне 110 жыл толса, Қ.Ыдырысовтың туғанына – 95 жыл. Сондықтан біраз уақыттан бері көкейде жүрген, адамгершілікті алтын арқау еткен осынау дүниені ақ қағазға төгілтіп ұсынар кез жеткендей.
08 Қараша, 2023
Президентке елдегі реформаларға қатысты сараптама жұмыстары таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2023
Кәріздердің тозығы жеткен: Петропавлда төтенше жағдай енгізіледі
Петропавлда 9 қарашадан бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі. Бұған қаладағы кәріз коллекторларының бірінің әбден тозығы жетіп, зақымдануы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2023
Маңызды ақпарат: Толық емес отбасылар тұрғын үймен қалай қамтылады?
Қазақстанда толық емес отбасыларға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар бар? Бұл сұраққа Krisha.kz сайты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
АЭС-тің тағдырын халықтың талқысы шешеді
Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Мүдделер тоғысы мұнай-газ тасымалында тереңдеп келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында екі елдің ынтымақтастыққа негізделген саяси, экономикалық байланысы тереңдей қамтылды. Газет тілшісі Президенттен мұнай-газ саласындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуын да сұрады. Өзбекстан Ресейдің газын Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау жобасы іске қосылды. Екі елдің арасына дәнекерлік орнатудың маңыздылығын Қ.Тоқаев тарқата айтты.
08 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресей өзара көлік байланысын арттыруға ниетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне берген сұхбатында «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Қ. Тоқаев: БҰҰ – барлық адамзатты біріктіретін баламасы жоқ жалғыз жаһандық ұйым
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде болып жатқан кез келген қайшылықты БҰҰ Жарғысының нормалары мен қағидаттарына сай шешуге болатынына сенімін білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Қ.Тоқаев: Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарында қандастарымыз үшін мектептер ашуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында екі ел арасында орта, кәсіптік және бастауыш білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Шыны керек, қазір қай өңірде болсын, жалақы мәселесін алға жалаулатқан жұмысшылар еңбегіне сай еңбекақы ала алмай жүргенін алға тартып жатады. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда тер төккен азаматтардың жанайқайы кімді де болсын ойландырса керек.
08 Қараша, 2023
Шала туған сәбидің көзін емдеу әдісі
Отандық медицина тарихындағы ілкімді оқиғалар қатарына жақында өткен әлемдік офтальмология жұлдыздарының Қазақстанда тоғысқанын қосуға болады. Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтулы көз дәрігерлері, хирургтер шала туған нәрестелердің көз ауруының алдын алу мен емдеудің заманауи әдістерін ұсынды.
08 Қараша, 2023