Редакция таңдауы
Елімізде жол ережесін сақтау бойынша шаралар қабылданып, заңдар қатайтылып, жол бойына камералар орнатылғанына қарамастан, жол апаты мен соның салдарынан болған адам шығыны азаймай тұр. Бас прокуратура жариялаған жол-көлік оқиғалары деректері жол үстінде қаза тауып жатқандар қатары әлі де көп екенін көрсетеді.
02 Қараша, 2023
Жер реформасын жеріне жеткізілуге тиіс
Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы жеріне түбегейлі реформа қажет. Ол үшін ондай жерлерді елді мекендер учаскесінен бөліп жеке заң қабылдаған жөн. Сонда ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарды пайдалану ісі реттеледі, олардың ерекшеліктері толық айқындалады. Осындай заң көрші Ресейде, басқа елдерде де қабылданған. Менің ойымша, елді мекендердің (қалалардың, кенттердің) аумағы мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (мүмкін оның ішіне ауылдық елді мекендерді қосу мүмкіндігін де қарастыру керек шығар) өзара бөліп, екі заң (немесе Кодекс) қабылдау жайын алдымен ғалымдармен, тәжірибелі мамандармен кеңесіп, талқылау керек. Мүліктердің бірыңғай кадастр базасы енгізілген қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді елді мекендердегі коммерциялық мақсаттағы шағын жер учаскелерінен бөліп қарау дұрыс болар еді.
02 Қараша, 2023
Жеке тұлға банкроттығы: Заңнамалық өзгерістер енгізіледі
Жеке тұлғалар банкроттығы басталғалы бері азаматтардан 70 мың өтініш келіп түсіпті. Өтініштер алты ай бойы қарастырылып, нәтижесінде 6 400 адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы берешек сомасы – 9 млрд теңге. Алты мыңнан аса адамның 645-і атаулы әлеуметтік көмек алушылар екен. Алдағы уақытта заңға бірқатар өзгеріс енгізілмек.
02 Қараша, 2023
Ресейдегі Қазақстанның елшілігінде «Шәкәрім – Абай мұрасының ізбасары» атты дөңгелек үстел өтті. Абай аманатына адалдық танытып, көкжиегін кеңейткен қазақ ойшылының 165 жылдық мерейтойы Ресейде өтуіне Қазақстанның елшілігі мұрындық болды.
01 Қараша, 2023
Таяуда елорда төрінде «Отандастар» қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен әлем қазақтары бас қосқан форум өтті. Мәртебелі жиынға түркиялық Нұрахмет Гюнеш есімді егделеп қалған ағамыз келіпті. Бағзыдан бергі бір әдетім, түркиялық көнекөз қазақтарды көрсем болды, сонау 40-жылдары Алтайдан ауып, Анадолыға барған алғашқы көштің баяны туралы сұрамай тынбаймын. Әр кез бұрын-соңды хабарым болған бір оқиғаны естимін. Бұл жолы да қызық әңгіме естіп тебірендім. Сонымен...
01 Қараша, 2023
Сәкен Сейфуллин: бұрын жарияланбаған видео
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, атап айтқанда PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқал Мәскеудегі мемлекеттік архивтен бірнеше құнды бейнежазылым тапты. Олардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің бұрын жарияланбаған видеосы да бар.
01 Қараша, 2023
Саналы ғұмырын қазақ фотожурналистикасының өрістеуіне арнаған Сайлау Пернебаевтың есімі өз замандастарының бүтін бір шежіресін жасаған айтулы шебер ретінде аталатыны анық. Қас-қағым сәтті мәңгілік тарихқа айналдырған майталман маманның өмірге келгеніне биыл 85 жыл толып отыр. Жуырда фотогердің «Ақ пен қара» деп аталған сирек суреттер мен ол жайында жазылған естеліктер топтастырылған жинағы жарық көрді. Әке мұрасын жұртшылыққа жеткізіп, жинақтың шығуына мұрындық болған ұлы Ербол Сайлауұлын және аталмыш еңбекті құрастырған шәкірті, белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлын әңгімеге тартқан едік.
01 Қараша, 2023
Адам жанына тереңірек үңілген сайын түпкі сезімдері мен бейсана әрекеттері ашыла бастайды. Түпсана деуге келетін шығар бұларды. Тіпті кейбірі оқыс, төтен, шетіндеу көрініп жатады. Қуанғанда, қайғырғанда бір-біріне ұқсағанымен, кісі баласы қатты күйзеліп, жаны мұрнының ұшына келгенде, ашыққанда, ашуланғанда әртүрлі мінездер шығаратынын әдеби шығармалардан көптеп кездестіруге болады.
01 Қараша, 2023
Кез келген іргелі шығарманың соңында көл-көсір еңбек ізі мұнартады. Еңбексіз өсу жоқ, онсыз тұшымды үдеріс болмақ емес. Достары әйгілі Григорий Потаниннің ертеңгілік дарға асылар тұста түнімен неміс тілі сөздігін оқып шыққанын айтады. Ақыры үкім қайта қаралып, оқымысты ғалым ажал тырнағынан аман қалады.
01 Қараша, 2023
Қазақтың ардақты ақыны Жарасқан Әбдірашевтің екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған ұрпақтың ұранына айналған «Соғыстан соң туғандар» атты ғажап өлеңі бар. Кейін осы өлеңнің атауымен ақынның бір кітабы да жарық көрді. Сол өлеңде:
01 Қараша, 2023
Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды
Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір - Эмманюэль Макрон
Франция Президенті серіктестікті көлік бағыттары, ең алдымен «Орта дәліз» арқылы дамыту маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
Президент қазақ-француз бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон қазақ-француз бизнес-форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
Ар-Рияд-2023 Қазақстан үшін ең табысты жауынгерлік өнер ойындарына айналды
Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
Қазақстанның рөлі мен географиялық орналасуы Франция үшін маңызды - Эмманюэль Макрон
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
«Қазақфильм» қайта ұлттық киностудияға айналады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2023
Қазақстан - Франция: Кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2023
Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды
Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан көз жұмған кеншілердің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2023
Франция Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франциямен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту еліміз үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2023
Елімізде қазақ-француз университеті ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде қазақ-француз университетін ашу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2023