Редакция таңдауы
Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін айрықша тағылымды мереке. Бұл күнді атап өту қоғамды ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік маңызды мәселелер төңірегінде топтастыруға, ел тұрғындарының Әділетті Қазақстан құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға ықпал етеді.
25 Қазан, 2023
Қасымхан Алдабергенұлы – 99 жасқа қадам басқан қарт журналист, соғыс ардагері. Ахмет Байтұрсынұлы туған өңірдің көнекөз абызы. Республика күніне орай дана қариядан бата сұраған едік.
25 Қазан, 2023
Бүгінде азаттығын бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған дербес мемлекетпіз. Оның тарихи маңызының қандай екендігін танытатын бірден-бір жол – Республика күні. Бұл мерекеге жалпыхалықтық сипат берілуі де бекер емес.
25 Қазан, 2023
8 миллиардтан 85 миллиардқа дейін
Кеңес одағының шаңырағы гүрс етіп қақ ортаға түскен бетте-ақ күллі экономикамыздың жон арқасынан басып қалды. Дербес экономика құру, валюта шығару, өнім өндіру, тауар сатып алу, тауар сату, әлеуметтік ахуалды түзеу дейтін түйткілдер тізбектеліп, бірінің артынан бірі шыға берді. Қаптаған шаруаның қайсысынан бастарыңды білмей, қарадай шаршайтын кез. Осы құрылымда экспорттың орны ерек еді. Ел болған соң өз қазаныңда қайнай бермей, сыртқа өнім саудалап, табыс тапқаның жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы деуге болатын (өйткені егемендікті 1991 жылдың соңында жарияладық емес пе) 1992 жылы небәрі 1,4 млрд доллардың тауарын экспорттадық. Арада он жыл өткенде – 2001 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд доллар болды.
25 Қазан, 2023
Республикада қазіргі кезде 7 723 мектепте 3,9 млн оқушы білім алып жатыр. Олардың 3700-ден астамы – қазақ тілінде білім беретін мектептер. Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 172 мың оқушының 120 мыңнан астамы қазақ тілді мектептерде білім алған болса, бұл көрсеткіш 2020-2021 оқу жылында 111 183-ті құрады. Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа барған 300 мыңнан аса оқушының 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
25 Қазан, 2023
Ұлт ұстазы Ақаң жүйесімен айтсақ, әне-міне «әлхамдулла, 20 миллион болдық» дейтін күнге де жеткелі отырмыз. Енді сонша халықты қалай асыраймыз деуге де, демеуге де болады. «Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген сөз бар-ды. Өйткені демографияның өсуі – экономиканың тірегі екені заңды құбылыс.
25 Қазан, 2023
«Халық әртісі» атағын алатынымды Президент ұшақта келе жатқанда айтты
Қазақстанның Халық әртісі атағы қайта оралатынын және бұл марапатты алғаш иеленетіндердің қатарында өзімнің болатынымды маған Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі ұшақта бірге келе жатқанымызда айтқан болатын. Әрине, естігенде өте қатты қуандым.
24 Қазан, 2023
Ерлік жасадым деп есептемеймін
Өз басым ауыз толтырып айтарлықтай ерлік жасадым деп айта алмаймын. Адам ретінде қиын жағдайға тап болған жандарға қолұшын создық. Соған қарамастан кішігірім еңбегімді бағалап «Ерлігі үшін» медалін табыстап жатқан ел басшыларына рахмет айтамын. Бұл марапатты Президенттің өз қолынан алғанымды мақтан тұтамын.
24 Қазан, 2023
Сан тарап жол ел өмірінің маңызды буынын құрап, экономиканың даму екпінімен, адамдардың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатыр. Өнеркәсіптік, технологиялық әлеуетті дамытуда, өңіраралық және халықаралық байланыстарды нығайтуда көлік кешенінің атқарар рөлі орасан. Осынау күре жолдың сапасы мен қауіпсіздігін, үздіксіз, тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тер төгіп, ел игілігіне қалтқысыз қызмет еткен азаматтардың есімі айрықша атап өтуге тұрарлық.
24 Қазан, 2023
Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасының педагог-зерттеушісі Айман Досова тәрбиенің негізі балдырғанды еңбекке баулудан басталады дейді. Өйткені жастайынан еңбектенбеген бала өскенде де ештеңенің қадірін білмейді. «Екінші жағынан баласына қарап ата-анасының қандай екенін көруге болады. Өйткені балаңа берген тәрбиең – сенің ішкі жан дүниеңнің көрінісі. Сәби дүниеге келген күннен бастап онымен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырып, есейген кезде де үнемі үлгі бола білу керек. Бұл ата-ана есепке алатын ең маңызды қағида» дейді тәжірибелі тәрбиеші.
24 Қазан, 2023
Кейінгі онжылдықта ел экономикасының түрлі саласында, оның ішінде IT саланы дамытуда үлкен серпіліс жасалды. Цифрлы үдеріс – экономика дамуының көрсеткіші. Бұл бағытқа мемлекетіміз стратегиялық басымдық беріп отыр.
24 Қазан, 2023
Егемендік декларациясы бекітіліп, еліміз азаттықтың алғашқы қадамдарын жасаған тоқсаныншы жылдары дүниеге келген азаматтардың бұл күндері буыны қатайып, әр салада еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бүгін біз спорт саласында егемендікпен бірге есейіп, осы уақыт аралығында әлемдік додаларда ерекше өнерімен дараланып, еліміздің даңқын шығарып жүрген саңлақтар туралы сөз қозғамақпыз.
24 Қазан, 2023
Қазақ халқы қай кезде де қылықты қызын төрге шығарғаны әлімсақтан аян. Тіпті иығынан төгілген қос бұрымына түрлі ат қойып, жалғыз бұрым, қос бұрым деп атаған.
24 Қазан, 2023
Қазақстан Президентіне мемлекеттер басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қазан, 2023
«Түркістан екі дүниенің есігі ғой», (Мағжан) яғни екі дүниенің қақпасы екенін әйгілегендей көрме Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне орай Ұлттық музейде өтті. Мұнда Қазақ хандығының ғана емес, ұлы Тұран, түркі елдері орталығының тамырлы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер кімді болсын бейжай қалдыра қоймас.
24 Қазан, 2023
Президент Республика күніне арналған салтанатты концертке барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2023
Ел азаматтарының орташа жалақысы қанша?
Биыл Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтардың орташа жалақысы 322 мың 845 теңгені құрады. Ерлерде - 361 мың 481 теңге, әйелдерде - 285 мың 744 теңге. Мұндай мәліметтерді елдің Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2023
Олжас Оразәліұлы – жазғы Азия Пара ойындарының чемпионы!
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында спортшыларымыз мерейімізді асырып жатыр. Дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақта белдесуге түскен Олжас Оразәліұлы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қазан, 2023
Жаңа жылдан бастап қандай төлемдер өседі?
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2023