Редакция таңдауы
IV Азия пара ойындары: Қоржынға алғашқы «алтын» түсті
Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Қытайдың Ханчжоу шаһарындағы Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
23 Қазан, 2023
Тұрсынай Қабыл – Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы қоржынына күміс жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
23 Қазан, 2023
Президент алғашқы медициналық көмек жөніндегі коалиция құруды ұсынды
Президент Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Онда ол еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: Қоржынға алғашқы күміс түсті
Ханчжоудағы (Қытай) Азия Пара ойындарында қоржынға алғашқы күміс түсті, деп жазады Egemen.kz.
23 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: алғашқы жүлде бұйырды
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV жазғы Азия Пара ойындары жалауын желбіретті. Елімізден барған спортшылар бүгін алғашқы медальді олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қазан, 2023
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ерболат Сембаев пен Ілияс Бәйішев интерактивті зияткерлік ойын өткізуге арналған онлайн жүйе жасап шығарды. Олардың ойлап тапқан жүйесі қатысушыларға қойылған ашық сауалдардың жауабын автоматты түрде тексеріп, дұрыс-бұрысын бағалап отырады.
23 Қазан, 2023
Заңсыз иеленген зауыт қайтарыла ма?
Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін пайдаланудың қажеттілігі күн өткен сайын артып келеді. Себебі электр энергиясынсыз ешбір жұмыс атқарылмайды. Далада да, қалада да тіршілік атаулыға жан бітіріп, жарық беріп тұратын электр қуатын күн мен желден өндіруде тың жобалар, ғылыми ізденістер жүзеге аса бастаған. Бұл жолда отандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Альберт Болотов ойлап тапқан баламалы энергия өндіруге қажетті құрал – желдік роторлы стансасын қолданудың өрісін кеңейтіп, ғалымның жұмысын жандандырып, баламалы энергия көзін өндіруді талғарлық Бақыт Шәкіров өзіне мақсат еткен.
23 Қазан, 2023
Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқан мынадай сөз бар: «Біздің іздегеніміз – Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар». Алаш көшбасшысы айтқан ұлы той – Қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң қабылданып, аңсаған азаттыққа қарай алғашқы қадам жасалды.Өткен жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл екінші мәрте кең көлемде тойланады. Біз мейрам қарсаңында елге танымал тұлғалардың басын қосып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өміріндегі орны жайында әңгімелескен едік. Дәстүрлі дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткерлері Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, тарихшы ғалымдар Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Тілеген Садықов, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов қатысты.
23 Қазан, 2023
Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың төрағалығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің IV отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары және Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.
23 Қазан, 2023
Бұл күннің басты кейіпкері де, эмоциясына ерік бергені де балалар болды. Бірнеше күн ересектер алдында өнер көрсетуге дайындалған дарындар да бұл күнді ұмытпас. Иә, айтайын дегеніміз Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінің 28 гвардия ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен 145 орынды балабақшаның ашылғаны еді.
23 Қазан, 2023
Санаулы күндерден кейін Мексиканың Канкун қаласында жер-жаһанның ең таңдаулы 8 теннисшісі бас қосатын WTA-ның қорытынды турнирі басталады. Биылғы бәсекеге Қазақстан теннис тарихында алғаш рет отандасымыз қатысқалы отыр. Мұндай додаға қатысу құрметіне 2022 жылғы Уимблдон додасының жеңімпазы, қазіргі таңда әлемдік рейтингте бесінші сатыда тұрған Елена Рыбакина ие болды. Ал біз WTA-ның қорытынды турнирі туралы не білеміз?
23 Қазан, 2023
Конфессияаралық келісімді сақтау үлгісі
Кейінгі жылдары Қазақстан халықаралық аренада көрнекті бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде көрінді. Егемендік алғаннан бері бейбіт, сындарлы сыртқы саясат жүргізіп, түрлі жаһандық мәселені шешуде келіссөздер алаңын ұсынып келеді.
23 Қазан, 2023
27 елден келген 238 компания. Бұл – дәстүрге айналған «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмесіне қатысушылар саны. Көрмеде агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
23 Қазан, 2023
Жол салу қаржыға қол салу емес
Шыны керек, жаңадан салынған жолдарда кездесетін кемшілік аз емес. Сапалы жол салу мақсатында қыруар қаржы бөлініп жатқанына қарамастан, кейде бармақ басты, көз қысты әрекеттің көрінісі байқалып тұрады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жолдардың басым бөлігінің сапасына зер салсаңыз, лажсыз күрсінесіз.
22 Қазан, 2023
Серік Тоқпанов: Медициналық оқу орнында ақылы бөлім болмау керек
Халқымыз бойына сан түрлі өнер тоғысқан адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтады. Дәл осы сөз айшығын бүгінгі кейіпкерімізге қаратып айтуға болады. Ол – талай жанды ажалдан арашалап қалған «қолы жеңіл» хирург, отандық медицина ғылымында өз орны бар айтулы ғалым, асқақ дауысымен атағы жер жарған кәсіби өнерпаздардың өзімен иықтасып тұратын талантты әнші. Ең бастысы, елге адал қызмет еткен ардақты азамат. Біз осы жолы жоғары санатты дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов ағамыздың жансарайына үңіліп, әңгіме өрбіттік.
22 Қазан, 2023
Қазақ әндерін шырқаған әлем әншілері
Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Voice of Turan – 2023» халықаралық қазақ әндері фестивалі өтті.
22 Қазан, 2023
Қарулы күштер өкілдері соғыс ардагерін құттықтады
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев пен полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев екінші дүниежүзілік соғысының ардагері 96 жастағы Әбжаппар Дайрабайұлын келе жатқан айтулы мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
22 Қазан, 2023
Ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың кореялық Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Киммен өткен кездесуінде ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қазан, 2023
Астанадағы Қарасу өзені бойына 40 мың ағаш көшеті отырғызылды
Республика күні мерекесі аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан, 2023
Елордада Республика күніне орай мыңнан астам ту желбіреді
Елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2023