Редакция таңдауы
Бірлік пен берекеге шақыру – қазақ халқының қанында бар қасиет. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз адамның кемелдікке жетуі үшін төрт шартты атап өткен. Олар – кеңістік, уақыт, бауырмалдық, өзара ынтымақтастық. Міне, осы құндылықтар болған кезде қоғам да, адам да бақытты болады.
11 Қазан, 2023
Президент «Отандастар» форумына қатысушыларға үндеу жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды «Отандастар» форумының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Қазан, 2023
«Қашан тыйым салынады?». Соңғы алты айда вейпті сату 32%-ға өсті
Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар электронды темекі мен вейптерді пайдалануды шектеу немесе тыйым салу мәселесі назардан тыс қалғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қазан, 2023
12 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Қазан, 2023
Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты бірқатар мемлекеттер ол елдерден өз азаматтарын эвакуациялауға күш салып жатыр. Осы ретте «Air Astana» әуекомпаниясы Тель-Авивтегі Қазақстан азаматтарын Алматыға алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырғаны белгілі. Алматы уақытымен 23 сағат 45 минутта бортына 166 адам мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды.
11 Қазан, 2023
Риддердегі ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында комиссия Риддер қаласындағы ЖЭО-ның айналасында қалыптасып отырған жағдайды қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Қазан, 2023
Өзекті мәселелерді конструктивті түрде талқылау игі дәстүрге айналды - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Діндер Съезі Хатшылығының отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қазан, 2023
Израильден эвакуацияланған отандастарымыз елге жетті
Израильде жүрген 124 Қазақстан азаматы арнайы репатриациялық рейспен елге оралды, деп жазады Egemen.kz.
11 Қазан, 2023
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіледі. Ол үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қазан, 2023
Осы аптада ғылым саласы бойынша әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды. Нобель сыйлығы жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет, экономика, бейбітшілік салаларында жетістікке жеткен ғалымдарға, қайраткерлерге беріледі.
11 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ет, сүт, астықты терең өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық бере отырып, сапалы өнімді тұрақты ұсына алатын кәсіпорындарды қолдауды тапсырғаны белгілі. Сондай әлеуетті шаруашылықтар шоғыры Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан. Елорданың азық-түлік белдеуіндегі астықты ауданда қазір қызу науқан. Күзгі жиын-терім жұмыстары қауырт жүріп жатыр. Алқаптағы егін орағы, жемшөпті жинау аяқталуға таяу. Ауылдағы ағайынның алаң көңілі де орнына түсе бастаған.
11 Қазан, 2023
Жеңілдетілген несие: Ұқсата білген ұтылмайды
Елімізде кейінгі бірнеше жылдың бедерінде еңбек құндылығын бағалау және еңбек адамының мәртебесін арттыру секілді іскерлік бағытта біршама ілгерілеу байқала бастады. Әсіресе жас кәсіпкерлердің алғашқы қадамын нықтап, аяққа тұрып кеткенше мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің орны бөлек.
11 Қазан, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында Қазақстанның биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Сондай-ақ отырыста жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да талқыланды. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері де күн тәртібінде болды.
11 Қазан, 2023
Электронды оқулықтың артықшылығы мен кемшілігі
Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дәстүрлі оқулық түрлерімен қатар электронды оқулықтарды да пайдалана бастады. Қазіргі кезде мектеп оқулықтарының басым көпшілігі цифрлық форматқа көшірілген. Бұл оқушылар сөмкесінің салмағын жеңілдетуге байланысты қолға алынған қадам еді. Алайда заманауи оқулықтардың пайда болуы қоғамда дәстүрлі оқулықтар қолданыстан шығып қала ма деген алаңдаушылық та туғызды. Ата-аналар электронды оқулықтарды, интерактивті құрал-жабдықтарды жиі пайдаланудың бала денсаулығына зиянын да айтып дабыл қағып отыр.
11 Қазан, 2023
Білім көрмесінің жаңа көкжиегі
Әлемнің 60 елінің оқу орындары Шымкентте бас қосып, білім беру саласындағы жетістіктерін келушілер назарына паш етті. Университеттер үздік тәжірибелерін ортаға салып, қандай тиімді ұсыныстары бар екенін жастарға жан-жақты таныстырып берді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттерге Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінің университеттері мен олардың оқу жүйелеріндегі білім гранттары ерекше қызықты болды. Мегаполис төрінде өткен үлкен іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен мектептерден келген жастар мен жасөспірімдердің жалпы саны 1 мыңға жуықтады.
11 Қазан, 2023
Елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдарды қолдау күні болып белгіленген. Қазір елімізде ерекше қажеттілікке мұқтаж 7 мыңнан аса адам тұрады.
10 Қазан, 2023
Қарлыға Наурызбаева Сәтбаев қаласындағы «Ертегі» бөбекжайында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын нақ осы ұжымда бастаған еді. Ұшқыр уақыт-ай, міне, он сегіз жыл өте шығыпты.
10 Қазан, 2023
Ақылы автотұрақ «ақылға» келді
Енді Астана тұрғындары аула маңындағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалана алатын болды.
10 Қазан, 2023
Қазан айының 6-сы күні «Бурабай курорты – Жамантұз» бағытындағы теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды. Ұлынан айырылып, аңыраған ана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министріне жанайқайын жеткізіп, әділдік болса екен дейді.
10 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Темірбетон бұйымдары зауытына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2023