Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Темірбетон бұйымдары зауытына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2023
Президент «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2023
Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті
Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2023
Президент Сыр өңірінің еңбек адамдарымен жүздесті
Былтыр бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздескен Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2023
Президент Нағи Ілиясов ауылына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2023
«Баласын тастап кеткен әйелді «шеше» дейді»: Бас мүфти пікір білдірді
Имам, қажы Қабылбек Әліпбайұлының әлеуметтік желіде тараған «шеше деп баласын қараусыз тастап кеткен әйелді айтады» деген пікіріне қатысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің уәжін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2023
Ақмола облысындағы студент өлімі: Президент мәселені бақылауға алды
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2023
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері ауылда сиыр сауып, асау үйретеді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді. Финалда қырғыз балуаны Айпері Медетқызына есе жіберді. Жәмиланың әкесі, білікті бапкер Науқаннұр Бақбергенұлымен тілдесіп, балуан қызының белдесуіне қатысты пікірін білдік.
10 Қазан, 2023
Израильдегі отандастарды эвакуациялау үшін арнайы рейс ұйымдастырылды
«Air Astana» әуекомпаниясы Тель-Авивтегі қазақстандықтарды Алматыға алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2023
Орақ – 2023: Жиын-терім аяқталуға жақын
Өңір диқандары ауа райының қолайсыздығына қарамай орақ науқанын аяқтауға жақын. Биыл облыс алқаптарына барлығы 3,4 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары, 658,8 мың гектар жерге майлы, 367,4 мың гектарға жемшөп, 28 мың гектарға картоп, 5,5 мың гектарға көкөніс дақылдары егілген еді.
10 Қазан, 2023
Палестина – Израиль қақтығысы: Бейбіт тұрғындар зардап шекті
Өткен аптада Таяу Шығыстың тынышы қашып, кезекті ауқымды әскери іс-қимыл бұрқ ете түсті. Талай жылдан бері басы піспей келе жатқан Палестина мен Израиль кезекті мәрте қақтығысты. Қазіргі таңда мыңға жуық адам қаза тапса, он мыңдаған адам жарақат алған. Сырттай бұл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін құрылған мемлекеттердің шаруасы секілді көрінгенімен, астарында геосаяси мүдде жатқаны анық аңғарылады.
10 Қазан, 2023
«Қазақстанда жасалған» тауарлар
Мемлекет басшысы 19 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керектігі жөнінде айтты. Соған орай Үкімет елімізде жасалған тауарлар тізілімін құру мәселесін көтерді.
10 Қазан, 2023
Жыл басынан бері Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 46 қылмыстың беті ашылды.
10 Қазан, 2023
Отбасын ойрандағандарға жаза қатал ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар үшін жазаны күшейтетін кез келгенін айтты. «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады» деген ол полицияға мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Президент алға қойған міндеттемелер қалай орындалып жатыр? Жанжалқойларға арналған жаза қатайды ма?
10 Қазан, 2023
«Жайлы мектептің» жайбасар мердігерлері
Қыруар қаржы бөлінген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – мектептегі көп мәселенің тиімді шешімі. Алайда білім ордалары жоспар бойынша салынбай, уақытында қолданысқа берілмей қала ма деген қорқыныш бар. Өйткені кейбір мектеп мердігерлерінің жұмысы кешеуілдеп жатыр.
10 Қазан, 2023
Тұрғындардың газды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауының соңы ауыр қайғымен аяқталып жатыр. Апат салдарынан кейінгі уақытта төтенше жағдайлар жиілеп кеткен. Адам шығыны бар, зардап шегушілер саны да артқан.
10 Қазан, 2023
Ресурстық орталықтар: аты бар, заты жоқ
Елімізде Жастар ресурстық орталықтарында маман тапшы. Республика бойынша осындай ұйымның 1 қызметкері орта есеппен 2 мың жаспен жұмыс істеуі қажет. Алайда Алматы қаласында ресурстық орталықтың бір қызметкеріне – 32, ал Астанада 17 мың адамнан келеді. Демек кей өңірлерде стандарт сақталмаған. Жастардың әлеуметтік, тұлғалық дамуына көмектеседі деген мақсатпен құрылған орталықтардың бірқатар мәселесін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев палатаның жалпы отырысында көтерді.
10 Қазан, 2023
Қазақтың абыройын асқақтатқандар
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.
09 Қазан, 2023
Қостанайда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жергілікті колледждің екі студенті 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Өзге жастарға сабақ болсын десе керек, қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттың ашық отырысы бұл жолы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте көпшілік студенттердің алдында өтті.
09 Қазан, 2023
Біраз уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Президент бұл қадам елімізде ғылыми экожүйені ұлттық білім және ғылым жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретінін атап өткен еді.
09 Қазан, 2023