Редакция таңдауы
Карина Ибрагимоваға Азиаданың күміс медалі тағылды
Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Карина Ибрагимова күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда COVID-19 вирусының «Эрис» деп аталатын жаңа штамы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
«Ауыл аманаты» қай өңірге жетпей жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2023
Қоңқабаев - Жалолов: Азия алыптарының айқасы әлем назарында
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жек өтеді. Дүйім жұрт күткен айқас алыптар арасында өтеді.
05 Қазан, 2023
Нұрқанат Әжіқанов - Азия ойындарының чемпионы!
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Жетінші алтын: Нұржан Батырбек - Азия ойындарының чемпионы
Қытай шаһары Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жетінші алтын жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Алдағы екі жылда Қазақстанда 100-ге жуық мектеп салынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында мектептердегі орын тапшылығын жою өте маңызды міндет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2023
Барлық баланың сапалы білім алуға қақы бар - Президент
Мемлекет басшысы республикалық педагогтер съезінде қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ұстаздардың біліктілігін арттыруымыз керек
Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2023
Қазақстан қоржыны алтыншы «алтынмен» толықты
Қазақстан құрамының велосипедшісі Евгений Федоров Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы алтын медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Педагогика саласына түбегейлі жаңа көзқарас қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Бар шәкірттің жұлдызын жаққан ұстаз
Елімізде 5 қазанда ұстаздар күні аталып өтеді. Ұстаздық – мамандық атаулының төресі. Өйткені мұғалім барлық мамандық иелерін тәрбиелейтіндіктен «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп те айтылады. Сондықтан да ұстаздар қауымына күллі адам баласының құрметпен бас июі заңдылық. Шәкірт тәрбиелеуге бар ғұмырын арнаған ұстаздардың бірі − қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 35 жыл еңбек еткен педагог-зерттеуші санатындағы Әліпбаева Салтанат Нұраханқызы.
05 Қазан, 2023
Мұғалімдер күні – білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Биыл еліміздің ұстаздары мен тәрбиешілері төл мерекесін 5 қазанда атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Финал: Қоңқабаев - Жалолов жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп жазады Egemen.kz.
05 Қазан, 2023
Осы жылдың көктемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізіміндегі бірқатар өнімдердің бағасы төмендей бастады: қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қант және тауық еті арзандады. Бұл үрдіс жалғасын тауып, маусымның соңында 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде төмендеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ӘМАТ бағасының индексі 4,2%-ды құрады және бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 4 есе төмен болды (17,2%).
05 Қазан, 2023
Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен кездесу өткізді.
05 Қазан, 2023
Кеше Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ұйытқы болуымен журналистерге арналған медиа тур өтті. Іс-шараға қатысуға бірнеше елдің БАҚ өкілдері ниет білдіріпті. Оның ішінде осы жолдың авторы да бар.
05 Қазан, 2023
PhD Мұхит Құлмағанбетов – Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасының жетекшісі. Ол Гонконг политехникалық университеті мен Канададағы Уатерлоу университетінің келісімімен ашылған зертханада ғалымдар тобымен лазердің кванттық параметрлерін пайдаланып, көздің диагностикалық құрылғысын әзірлеу үстінде. Бұл құрылғы көздің торлы қабығының нейродегенеративті ауруларын, оның ішінде глаукома, макулярлы дегенерация, альцгеймер, басқа да аурулардың алдын алып, дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
05 Қазан, 2023
Май ауданының бір топ тұрғыны айдың-күннің аманында ортақ пайдаланымдағы жерлерінен айырылып отыр. Айтуларынша, жергілікті әкімдік өкілдері «Бәсеке», «Қылышбек», «Бақбер» шаруа қожалықтарына және 4 жеке азаматқа тиесілі 122 гектар жерді конкурсқа шығарудан бас тартқан. Онымен қоймай, сонау 1998 жылдан бері өздері шөбін шауып келе жатқан шүйгін жердің 18 гектарын өзге тұрғындарға негізсіз беріп жіберген.
05 Қазан, 2023