Редакция таңдауы
Өңір рәміздері: ұстын мен ұстаным
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы өңірлік рәміздер туралы елеулі ой қозғады. Мемлекеттік рәміздерді жетілдіру мәселесін қозғаған Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген елдің ықпалды болуына ұлттық брендтің әсері мол екенін айтқан еді.
05 Қазан, 2023
Ардагер ұстаздар атаусыз қала бере ме?
Қазіргі зейнеткер мұғалімдердің еңбек жолы техника мен ғылымның жетіспеген кезінде өтті. Оны қазіргі 65-70-тен асқан мұғалімдердің бәрі басынан өткерді. Қара тақта, кітап-дәптер, бор мен көрсеткіш таяқтан өзге ештеңе жоқ еді. Күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, көрнекілікті қолдан жасап еңбектенді.
05 Қазан, 2023
Мұғалім алдындағы мақсат – оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру. 20 жылдық ұстаздық қызметінде жүздеген шәкіртті түрлі олимпиадаларға даярлап, үлкен додаларда жеңістің ауылын жақындатқан Сәндігүл Аханбаеваның сабақты меңгерту тәсілі де ерекше.
05 Қазан, 2023
Аға буын әрқашанда келер буынға жауапты. Бұл – өмірлік заңдылық. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім-тәрбие айтпаса, ел болғаның қайсы», деген екен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Сол себепті қарт ұстаз ретінде жастарды жігерлендіру мақсатында бір ұсыныс айтпақпын.
05 Қазан, 2023
Ел ұстанымын нығайту – ерекше назарда
Таяуда Ұлттық банктің сарапшылар қоғамдастығы макроэкономикалық сауалдаманың нәтижесін жариялады.
04 Қазан, 2023
Астанадағы «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтер, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтер, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілерге арналған әмбебап фотокөрменің ашылу рәсімі өтті.
04 Қазан, 2023
Англияда оқып, ауылды таңдаған
Аралбек Берікұлы Ұлыбританияда оқыпты. Liverpool John Moores University-ді тәмамдаған. Мұндағы бағдарлама шетелде мұғалімдік қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Бірақ шетелден түскен небір ұсыныстан бас тартып, елге оралыпты.
04 Қазан, 2023
Мына ұсынылып отырған сурет көзіқарақты қауымға жақсы таныс деп ойлаймыз. 1918 жылы сәуір айында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсековтердің Шәуешек қаласындағы сапары кезінде түсірілген. Бұл бейнені тарихқа таңбалаған – әуесқой фотограф Мұхаметжан Юсупов.
04 Қазан, 2023
Педагогтердің республикалық съезі өтеді
Республикалық педагогтер съезі алғаш рет Үкімет қаулысымен бекітілген – Мұғалімдер күніне орай 5 қазанда өтеді, деп жазады Egemen.kz.
04 Қазан, 2023
АЭС бойынша барлық шешімдер референдум нәтижесіне қарай қабылданады - министр
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысып, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
04 Қазан, 2023
Мейіржан Шермағанбет Азия ойындарында күміс медаль иеленді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен 67 келі салмақта күрескен жерлесіміз Мейіржан Шермағанбет финалда сүрініп, күміс медальді місе тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қазан, 2023
Жанармай қымбаттай ма? Министр жауап берді
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев KazEnergy XV Еуразиялық форумы барысында жанар-жағармай бағасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Жыл басынан бері өсім көрсеткіші 178 мың адам болған. 1 қыркүйектегі есеп бойынша елдегі халық саны – 19 944 726, деп жазады Egemen.kz.
04 Қазан, 2023
Президент Kazakhstan Paramount Engineering зауытын аралады
Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
04 Қазан, 2023
Кеңес Рақышев: Бокстың соры – төрешілер
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшылар жартылай финалдық айқасын аяқтады. Өкінішке қарай, олимпиадалық 7 салмақта сынға түскен саңлақтардың арасынан тек Қамшыбек Қоңқабаев қана финалға жетті. Оның еншісінде келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бар.
04 Қазан, 2023
Сарғайған газет шежіресі: Егемендік жөніндегі пікірталас
Егемендік декларациясы қабылданар тұста құжат Жоғарғы кеңесте қызу талқыға түскені белгілі. Депутаттар оның өзекті тұсын көрсетіп, кемшілігін айтып, пікірталас бірнеше күнге созылды. Тіпті балама жоба ұсынылған. Парламентте өткен қызу талқының бәрі «Социалистік Қазақстан» газетінің беттерінде жарық көріп отырды. Сондай мақаланың бірі – «Егемендік жөніндегі пікірталас».
04 Қазан, 2023
Мұнайды игерудегі жасанды интеллект
Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай өндіру ісінде көбіне бұрғыланған 10 ұңғыманың тек 7-еуі ғана игеріледі. Енді ABAI ақпараттық жүйесінде жасанды интеллект арқылы «ҚазМұнайГаз»-ға геологтер байқамай қалған көмірсутегі кен орындарын («цифрлық» мұнай деп аталатын) «көруге» және өнімді ұңғымалар санын 9-ға дейін арттыруға көмектеседі. Бұл игілік тау-кен компанияларының миллиондаған капиталдық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
04 Қазан, 2023
Еліміз егемендік алып, мемлекет құрылымы, қоғам өмірінің барлық саласы жаңадан жол іздеп, тыңнан түрен сала бастаған тұрлаулы жылдары қалың бұқараның тыныс-тіршілігіне тікелей жауапты экономика мен өндіріс саласы да толықтай өзгеріске ұшырап, жаппай индустрияландыру бағытына бет түзеді. Негізгі бағдар өңдеу өнеркәсібі болды да, кейін ол бүкіл өндіріс, шаруашылық саласының қозғаушы, екпінді күшіне айналды.
04 Қазан, 2023
Әнұранды бесінші рет шырқатқан жүйрік
Кеше бокссүйер қауым үшін ауыр күн болды. Азия ойындарындағы Қазақстан боксшыларына деген төрешілердің шешімі күмән туғызды. Бұл додада Асланбек Шымбергеновтің жеребесі тым ауыр түсті. Алғашқы жекпе-жекте жергілікті боксшымен кездесті. Екінші жекпе-жегінде әлем чемпионы өзбек боксшысын үш рет нокдаун ашып жеңіске жетті. Енді міне, тағы бір әлем чемпионы жапондық Сэвон Оказавамен арадағы айқасына алып-қосарымыз өте көп. Төрешілер біздің боксшыларымызға қиянат жасап, бұра тартудан тайынар емес... ...Ал журналистер арасында «Алтын бала» деп атанып кеткен велошабандозымыз Алексей Луценко Азиадада үздік нәтиже көрсетіп, қоржынымызға бесінші алтынды салды.
04 Қазан, 2023
Қоғамдық тамақтану нарығындағы өзгерістер
«The Business Research Company» деректері бойынша 2022 жылы қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығының көлемі 2 855 млрд доллар болды. Егер оның орташа жылдық өсу қарқыны 5,8%-ды құрайтын болса, 2027 жылға қарай 3 790 млрд долларға жетеді деп күтіліп отыр. Айта кетейік, жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар фастфуд мейрамханаларды, пиццерияларды, кофеханаларды, фуд-тректерді, фуд-корттарды және өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерін қамтиды. Олар келушілерге жылдам, сапалы қызмет көрсетуге маманданады және тағамды сол жерде отырып ішіп-жеуге немесе алып кетуге болады.
03 Қазан, 2023