Редакция таңдауы
Консультативтік кездесу: маңызды құжаттарға қол қойылды
Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Орталық Азия президенттерін Қазақстанға шақырды
Орталық Азия елдерінің президенттері бас қосқан V Консультативтік кездесудегі баяндамасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ортақ ұстанымға ұйып, әлемдік қоғамдастық алдында ынтымақты болу маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық Азия елдерінің президенттері Душанбеде бас қосқан V Консультативтік кездесудегі баяндамасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ортақ ұстанымға ұйып, әлемдік қоғамдастық алдында ынтымақты болу маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп. Орталық Азия елдерінің президенттері Душанбеде бас қосқан V Консультативтік кездесудегі баяндамасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ортақ ұстанымға ұйып, әлемдік қоғамдастық алдында ынтымақты болу маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
14 Қыркүйек, 2023
Қазақстан Еуразияның транзиттік хабы ретінде өз рөлін күшейтуге ниетті - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің көлік-логистикалық әлеуетін толыққанды іске асыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Президент тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Ірі аймақтық жобалар Орталық Азия экономикасының құрылымын өзгертеді - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қыркүйек, 2023
Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні бекітілді
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні белгіленгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Air Astana, «Қазақстан темір жолы» акциясы халықтық IPO-ға қашан шығатыны белгілі болды
Келер жылы Үкімет Air Astana компаниясын халықтық ІРО-ға шығарады. Осы мәселеге қатысты ілкіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келешекте акциясынан халыққа да сыбаға үлестіру мақсатында өзге де кәсіпорындар ІРО-ға шығарылуы қажет екенін тапсырды.
14 Қыркүйек, 2023
Ангелина Лукас: «Мен қазақпын» әнін естігенде делебем қозады (видео)
Кәсіпқой бокста UBO тұжырымының чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Ангелина Лукас жекпе-жекке шығар алдында Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен қазақпын» әнін тыңдап рухтанатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Латвия ресейлік көліктердің өтуіне тиым салды – БАҚ
Delfi ақпараттық порталы Латвияның мемлекеттік кірістер қызметі жанындағы кеден басқармасының ақпаратына сүйеніп, осы ел арқылы ресейлік көліктердің өтуіне тиым салғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Оқушылар еуропалық олимпиададан олжалы оралды
Еліміздің оқушылары Грузия елінде информатика пәні бойынша өткен EJOI-2023 жасөспірімдер олимпиадасынан олжалы оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қыркүйек, 2023
Жамбыл облысында үшем дүниеге келді
Жамбыл облысында 32 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз. Бұған дейін егіз ұл босанған келіншек осылайша көпбалалы ана атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2023
Ұлттық банктің қызметі қалай өзгереді?
Қаржы саласында кезек күттірмей атқарылатын ауқымды шаруа көп. Соның көбі Ұлттық банк құзыретіне тікелей тәуелді. Қаржылық стратегия тұрғысынан маңызды саналатын мекеме Ұлттық банкті Ғалымжан Пірматов екі жылға жуық уақыт басқарды. Енді Президент оның орнына басшы етіп Тимур Сүлейменовті тағайындады.
14 Қыркүйек, 2023
«Халықтық ІРО» – игілікті игеру бағдарламасы
Елімізде қалың бұқараның толыққанды тұрмыс-тіршілігі үшін жыл сайын түрлі, тың бағдарламалар батыл енгізіліп, жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Сондай бағдарламаның бірі – жалпыұлттық деңгейде дамып келе жатқан «Халықтық IPO» бағдарламасы.
14 Қыркүйек, 2023
Ел экономикасының жебеуші періштесіне айналған Ұлттық қордың активі 60,8 млрд долларға (27,96 трлн теңге) жетіпті. 2023 жылдың 8 айында қорға 3,2 трлн теңге түскен. 2022 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда түсім 29 пайызға азайды. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсім көрсеткен. Бір қызығы, биыл 8 айда қорға 3,2 трлн теңге түскенімен, осы 8 ай ішінде қордан 2,9 трлн теңге кері алыныпты. Екі тоқсанның қорытындысы бойынша жинақталған инвестициялық табыс 839 млрд теңгені (былтыр осындай кезеңде теріс көрсеткіш – минус 635 млрд теңге болған) құрайды.
14 Қыркүйек, 2023
Еліміздегі банк секторы кейінгі жылдары айтарлықтай дамып, өсім жағынан да артып келеді. Әлемде орын алған дағдарыс бұл салаға елеулі кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Бұл ЕДБ реформалары мен бірлесе шоғырлануы сын-қатерлерге дер кезінде тойтарыс бере алғанынан көрінеді.
14 Қыркүйек, 2023
Ел экономикасының жаңа парадигмасы
Ел экономикасының жаңа парадигмасы өндірістің барлық негізгі факторы – еңбек, адам капиталы, ресурстар мен технологиялар әлеуетін тиімді пайдалануға негізделіп отыр. Бұл бастамалар экономика салаларының жұмыс істеу тетігін толығымен өзгертетінін айрықша атап өткен жөн.
14 Қыркүйек, 2023
Қорғаныс ісі: Отандық өндіріс неге омалып тұр?
Таяуда Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысты айтылып жүрген әртүрлі алыпқашпа әңгімелерге орай ресми түсініктеме жариялады. Ол жерде қорғаныс ведомствосы мен қару-жарақ техникаларын шығаратын отандық кәсіпорын – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС арасындағы кикілжіңдерге байланысты толық жауап берілген.
14 Қыркүйек, 2023
Әділетті Қазақстанның даму бағдары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы негізгі тақырыптардың бірі – Қазақстанда сенімді индустриялық базаны жедел құруға қажеттілік. Экономиканың қозғаушы күші ретінде индустрияландыруға мұндай екпін беру Қазақстанның саяси алаңындағы тосын жаңалық емес.
14 Қыркүйек, 2023
Биологиялық сын-қатерлерге жауап
Адамзатты жұқпалы вирустардан сақтау әлем елдеріне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, адамзатқа қауіп төндірген, экономикалық, әлеуметтік жағдайын тұралатқан COVID-19 пандемиясының патогенезі академиялық қауымдастықтар үшін әлі күнге жұмбақ. Олар қауіп-қатер туғызатын вирустар осыдан жүздеген жыл бойы өзекті болғанын, технологиялар ғасыры вирустардың жаңа түрлерін анықтап, алдын алу жолдарын қарастыруы қажет екенін айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, COVID-19 әсіресе Таяу Шығыс, Азия мен Еуропа елдерінде өршіп отырғаны байқалады.
14 Қыркүйек, 2023
Бүгінде жеке иелігіне ипотекалық жүйемен болсын баспана сатып алу халық қалтасына оңай соқпай тұрғаны – шындық. Баспана алуға жиған-терген қаражаты жетпей тығырыққа тіреліп жүрген отбасылар да баршылық. Дегенмен мемлекеттік саясат тұрғысынан алып қарағанда жұрт көкейінде жүрген бұл мәселе әртүрлі бағдараламалар аясында біртіндеп шешімін тауып келеді. Солардың бірі – биылдан бастап күшіне ене бастаған 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасы.
14 Қыркүйек, 2023