Редакция таңдауы
Ауыл мектебі қала мектебінен кем болмауға тиіс. Осы мақсатта «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жемісті жұмыс істейді. Осакаров ауданының орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебі де соның есебінен жаңғыртылды.
14 Қыркүйек, 2023
Өткен апта Африка құрлығына ауыр тиді. Әуелі Мароккода жер сілкініп, үш мыңға жуық адам қаза тапты. Мыңдаған адам жарақаттанды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сол себепті мерт болғандар саны алдағы уақытта көбеюі мүмкін.
14 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда дәрі-дәрмек 10 пайызға қымбаттады
2023 жылғы қаңтар-шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі - 4,4%. Бұл туралы Egemen.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
13 Қыркүйек, 2023
Шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері елге оралды
Елорда әуежайына Қазақстанның шахматшы қыздары мінген ұшақ қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда ҰБТ тапсыру ережесі өзгереді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram арнасында 2024 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуіне енгізілетін өзгерістер туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2023
Көлік полицейлері Жолдауда айтылған міндеттерді талқылады
Көліктегі полиция департаментінде Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2023
Жат ағым жетегіндегілер елді адастырғысы келеді – депутат
Премьер-министрдің орынбасары Тамараға Дүйсеноваға Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай депутаттық сауал жолдап, қазақтың қасиетті домбырасына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2023
«Ұлы дала жорығына» тың аттар қосылды
14 кезеңнен тұратын, 1300 шақырымға созылатын «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жетінші кезеңі мәресіне жетті. Шабандоздар енді аттарын айырбастап тың тұлпарын тізгіндейді, деп хабарлайды Egemen.kz «JORYQ» ат спорты федерациясына сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2023
«BalaQorgau» бірыңғай байланыс орталығы
Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
13 Қыркүйек, 2023
Тарихи бауырластықтың тағы бір белесі
Елордада Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидамен келіссөз жүргізді. Жиын барысында екі елге қатысты келелі мәселелер талқыланды. Кездесуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз жиыны өтті.
13 Қыркүйек, 2023
Жуырда Астанадағы индустриялық парктегі Локомотив құрастыру зауытының өндірістік конвейерінен бес жүзінші локомотив жасалып шықты.
13 Қыркүйек, 2023
«Әділетті Қазақстанды» құру қалай жүріп жатыр?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауында «Әділетті Қазақстанды» құру жолында басталған жұмыстың барысын баяндады. Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы халыққа Жолдауында Астананың таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта дамуымен қатар жүретін міндеттерді тізіп көрсетті. Оны тиімді шешу үшін қандай стратегияларды қолдануға болатынын түсіндірді.
13 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік басқару: бихевиористік тәсіл
Астана мемлекеттік қызмет жөніндегі хаб (Astana Civil Service Hub) дайындаған зерттеу бихевиористік экономика мен психология тәсілдерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқының сипатын белгілі бір түрткілер және жаңсақ түсініктерді түзету арқылы өзгертуді көздейтін ғылыми идеяға негізделеді. Бұл бағыт әлемнің көптеген еліндегі мемлекеттік басқару саласында кең енгізіліп жатқандығына қарамастан, посткеңестік, оның ішінде еліміз үшін тың тақырып.
13 Қыркүйек, 2023
Үкіметте ҚХР бизнес капитандарымен өзара іс-қимыл алгоритмі және әлеуеті бар бірлескен инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленеді.
12 Қыркүйек, 2023
New Media Forum: Қазақша контентке көзқарас қандай?
Алматыда алғаш рет Жаңа медиа форум өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен өткен талқылау алаңында медиа саласындағы білікті мамандар мен спикерлер «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарық эволюциясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа», «Цифрлы кеңістіктегі жаңа медиа этикасы», «Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы» тақырыптары төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
12 Қыркүйек, 2023
Бағдат МУСИН: Еліміз цифрландырудан Орталық Азияда көш бастап тұр
Цифрлық революция әлемдік экономика мен қоғамның келбетін өзгертіп-ақ келеді. Бұл ретте Орталық Азияның іргелі мемлекеті саналатын Қазақстан осы бір оң өзгерістердің жарқын мысалы бола алады. Өйткені біздің ел өңірдегі цифрлық даму саласының нағыз көшбасшысына айналды. Елімізде цифрлық экономика мен цифрлық қызметтердің дамуын ынталандыру үшін маңызды қадамдар да жасалып жатыр. Осы орайда биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар төңірегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИНМЕН әңгімелескен едік.
12 Қыркүйек, 2023
Тамыздың қорытындысы бойынша инфляция 13 пайыз болып, жыл басымен салыстырғанда (20 пайыз) біршама баяулағанына қарамастан тауарлар мен қызметтер әлі де қымбат. Jusan Analytics дерегі бойынша ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын күнделікті шығындарына жұмсауға мәжбүр. Әрине, күнделікті шығын санаты да әр алуан. Біреу үшін ол тамақтану, киім кию болса, біреулер жалақысының басым бөлігімен несиесін жабады, қарызын өтейді.
12 Қыркүйек, 2023
«Астана-Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер футболдан Қазақстан құрамасы мен Солтүстік Ирландия командасы арасындағы матчтан кейін трибунадағы қоқыстың бірін қалдырмай жинап кетті. Осылайша, ойынды тамашалауға келген бір топ ерікті мен жанкүйердің игі ісі елді сүйсіндірді.
12 Қыркүйек, 2023
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қыркүйек, 2023