Редакция таңдауы
«Astana Hub» алаңында «Astana Innovations Accelerator» бағдарламасының «Demo Day» іс-шарасы өтті. Бұл жиында 13 стартап өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Мұндағы мақсат – қаланың түрлі саласына тиімді технологиялық шешімдерді енгізу. Пилоттық тестілеу мектеп, аурухана, әлеуметтік мекеме және қалалық сервистер базасында жүзеге асырылады.
23 Желтоқсан, 2025
Бас қала қарқынды дамып келеді
Еліміздің бас қаласы биыл әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Негізгі нәтижелер экономиканың түрлі секторында тұрақты өсуді, стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, тартылған инвестиция көлемі, инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды көрсеткіштер туралы оң динамика байқалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы барысын жан-жақты баяндады.
23 Желтоқсан, 2025
Сыр өңірінде қала мәдениеті есте жоқ ескі заманнан қалыптасқан. Дәуірлер дерегін жасырған сол ежелгі шаһарлар орнын аралағанда көмбе, қорғандардан мал сүйектері мен кәдімгі күлді көп кездестіреміз. Талай тарихи қаланың құпиясын ашқан археологтердің айтуынша, ертедегі бабаларымыз осы әдіспен қорғанды нықтап, үй айналасын тазартып отырған екен. Бұл ұлы даланы мекен еткен байырғы жұрттың ертеден-ақ қала тазалығын рухани мәдениет өлшеміне айналдырғанын айғақтайды.
23 Желтоқсан, 2025
Желтоқсанның бірінші аптасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Түркі жазба мұралары және тіл тарихы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция көрнекті түрколог, қаһарман жазушы әрі кәсіби аудармашы Немат Келімбетовті еске алуға арналды.
23 Желтоқсан, 2025
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктірсін», деген еді Президент Қ.Тоқаев биылғы сәуір айында болған «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде.
23 Желтоқсан, 2025
Алматылық командалар топ жарды
Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен волейболды отырып ойнаудан ел чемпионаты өтті. Тараз төрінде алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан 6 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
23 Желтоқсан, 2025
2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды
Елорда билігі көлік кептелісімен күрестің түбегейлі жолын тапты. 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2025
Төлем азайды, шығын көбейді: Сақтандыру компанияларының жағдайы қандай?
Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) жүйесіндегі теңгерімсіздік күн санап тереңдеп барады. Бір жағынан жол апаттарының еселеп артуы мен қызмет көрсету құнының қымбаттауы, екінші жағынан заңнамалық өзгерістер нарықты «тығырыққа» тіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2025
LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның сынақ мерзімі аяқталуға жақын екенін және оның жоспардан ерте ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2025
ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ArtSport платформасы жұмысын тоқтатады. Алайда ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ: мемлекеттік бағдарлама жойылмайды, тек оның есепке алу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2025
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасының игілігін оқушылар көріп жатыр. Президент биылғы Ұлттық құрылтайда Ақмола облысының мектеп салу қарқынын ерекше атап өтіп, өзге өңірлерге де оқу ордасын уақтылы қолданысқа беруді тапсырған еді. Жыл соңына дейін барлық құрылыс аяқталады деген жоспар орындалды.
20 Желтоқсан, 2025
Экология саласындағы елеулі көрсеткіштер
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жыл қорытындысын жариялап, бірқатар оң нәтижені атап өтті. Ведомство мәліметінше, 2022 жылмен салыстырғанда еліміздегі ірі кәсіпорындар бойынша нормативтік шығарындылар көлемі 7,2%-ға, яғни 148 мың тоннаға азайған.
20 Желтоқсан, 2025
Ертіс-Баян өңіріндегі ілкімді істер
Биыл Павлодар облысына 1 триллионнан астам инвестиция тартылған. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Осы нәтижемен өңір елімізде екінші орынға жайғасқан. Қазірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 102 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Соның арқасында ұзын-саны 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
20 Желтоқсан, 2025
«Іскер аймақ» шағын кәсіпкерлікті қолдайды
Еліміз шағын бизнес иелерін қолдайтын тағы бір құжатты жарыққа шығармақ. Бұл туралы желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген. Тіпті бірыңғай құжатты бірінші кезекте қабылдауды шегелеп айтқан-тын. Осыдан кейін-ақ іске кіріскен Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулының жобасын әзірледі.
20 Желтоқсан, 2025
Тасқа жазу әлемінің тасжарғаны
Гүлзейнеп Сәдірқызының «Егемен Қазақстандағы» ізі елеулі
20 Желтоқсан, 2025
Болашақ архиві цифрлық экожүйеге сүйенеді
22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының архившілер күні. 1998 жылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылдануымен тұспа-тұс келген бұл атаулы дата – біздің кәсібіміздің және құжаттық мұраның тарихи маңыздылығының мемлекеттік деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі. Төл мереке қарсаңында біз құжат жадының рөлі мен маңызына қайта үңіліп қана қоймай, жасанды интеллект дәуірінің сала алдына қойып отырған жаңа стратегиялық міндеттерін зерделейміз.
20 Желтоқсан, 2025
Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2025
2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтереді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ислам даму банкінен бөлінетін несиенің есебінен 2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде су нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2025