Редакция таңдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға таман суармалы алқаптарды 2,2 млн гектарға жеткізу туралы Үкіметке пәрмен берген еді. Бұл ретте өңірімізде суармалы алқап ұлғайып келеді. Егістіктегі шаруалардың жұмысы ширап, қамба құнарлы астыққа тола бастады. Әсіресе, астықты Абай ауданындағы диқандар мемлекеттің демеуін сезініп, егістіктегі өнімдерін еселеп алып жатыр.
29 Тамыз, 2023
Күлкі адам өмірін ұзартады дейміз. Мүмкін... Үнемі шаттанып, күліп жүретін адамның өмірі қуанышқа толы болатыны сөзсіз. Ал күлімдеп жүру адамның өзінің ғана емес, өзгелердің де көңіл күйі көтеріңкі болуына септігі тиетіні де рас. Тіпті күлкі арқылы адамды емдеуге болатынын естіп пе едіңіз?
29 Тамыз, 2023
Шетелде тағылымдамадан өткіңіз келсе...
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау осы жылдың 13 қазанына дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады.
29 Тамыз, 2023
Уран өндірісін өркендететін қадам
Әлемде уранға деген сұраныс жоғары. Уранның қоры бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда орналасқан. Жыл сайын елімізде 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі. Яғни әлемдік өндірістің 40 пайызға жуығы біздің елге тиесілі. Сондықтан бұл бағытты барынша дамыту маңызды.
29 Тамыз, 2023
Абай шығармашылығы мен ғұмыры жайында жазылған зерттеу еңбектердің саны жыл өткен сайын артып, жаңа деректердің халыққа жария болып жатқаны белгілі. Әйтсе де, Болат Жүнісбеков құрастырған «Абайдың ақын ұлдары» атты жинақ пен осы автордың зерттеулері мен эсселері топтастырылған «Абай сәулесі» атты кітаптың орны бөлек.
29 Тамыз, 2023
Ұлттық музейде суретші, графика шебері Батухан Байменнің «Nomad: Black&White» атты авторлық көрмесі ашылды. Көрме графика, оның ішінде линогравюраға арналып отыр. Суретшінің айтуы бойынша, аталған өнер түрі елімізде даму жағынан кенже қалған. Оның себебі – линогравюра ұзақ уақыт пен қажырлы еңбекті қажет етеді.
29 Тамыз, 2023
Жәрмеңкеде тәртіп бұзған тұрғындар анықталып, жауапқа тартылады - Астана әкімі
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өткізілген ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері мен ұлттық қолөнер тауарлары жәрмеңкесінде болған оқиғаға қатысты фейсбук әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023
Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінде парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023
«Алтын тобылғы» әдеби байқауы жарияланды
«Алтын тобылғы» әдеби байқауы үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайды. Бұл игі іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі байқау биыл тоғызыншы рет өтеді. Басты мақсат – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023
Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2023
Бұл – Qazsport комментаторының Бақтияр Зайнутдинов гол соққан сәтіндегі жар салған жүрекжарды сөзі. Иә, бүкіл қазақтың көгілдір экранға телміріп, Еуропаға кеткен баланың қадамынан күткені осы еді.
28 Тамыз, 2023
Биыл дәстүрлі Тамыз кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен кеңесте 20 аймақ бір уақытта білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Алқалы жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
28 Тамыз, 2023
Халықаралық маркетплейс кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік береді?
Болам деген кәсіпкердің бетін қақпай, белін буатын бірқатар мемлекеттік қолдау тетіктері қазір тәуір жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлікті тіркету, алған несиені субсидиялау, қолдау шараларының игілігін көру біршама оңайлатылды. Жеке кәсіпкерлікті (ЖК) екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жедел әрі жеңіл тіркеуге болады.
28 Тамыз, 2023
Жауапты кезеңдегі жастар форумы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Зеренді кентінде Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері үшін «Жастар ісі академиясының» форумы өткізілді. Форум аясындағы «Әділетті Қазақстан – адал азамат» диалог алаңында министр Дархан Қыдырәлі слетке қатысушылармен жолығып, толғандырған сауалдарына жауап берді.
28 Тамыз, 2023
Өткен аптаның аяғында бүкіл әлем назары Ресейге ауды. Аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбі күні Твер облысында «Вагнер» жеке әсери жасағының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырағанын жарыса жазды. Бортта 7 жолаушы, 3 экипаж мүшесі болған.
28 Тамыз, 2023
Ұлттық банк кейінгі үш жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады. Ставка 16,75 пайыздан 16,50 пайызға төмендетілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады.
28 Тамыз, 2023
Әлеуметтік кодекс: Төлемдерді есептеуді әлі де жетілдіру керек пе?
Әлеуметтік саладағы барша бастама азаматтарға тең мүмкіндіктер мен қызметтерді қолжетімді етуді көздейтін ізгі мақсатпен жетілдіруге тиіс. Біздің ел әділ қоғам құруға ұмтылысын айшықтап, әлеуметтік саясаттың ендігі белесін айқындайтын жаңа кодекс қабылдады.
28 Тамыз, 2023
Ресейдегі қазақ жастарын біріктірген лига
2021 жылы өткен халық санағының нәтижесінде Ресейде 591 мың қазақ тұратыны белгілі болды. Ал бейресми дереккөздер 1 миллионға жуық қазақ бар деген болжам айтады. Ресейлік қандастарымыз қоғамдық өмірдегі белсенділігімен ерекшеленеді. Олардың құрған қоғамдық ұйымдары ұлттың бірлігін арттыру, тіліміз бен мәдениетімізді дамытуға зор үлестерін қосып жатыр. Спорт саласында да саламатты өмір салтын насихаттап жүрген белсенді жастар аз емес. Солардың бірі – ресейлік қазақ жастары арасында шағын футбол лигасын құруға бастамашы болған Ренат Сәрсенов «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы сұхбат берді.
28 Тамыз, 2023
Кішкентай кезімізде жазғы демалыста кітап оқу қалыптасқан әдет еді. Оқығаннан түйгеніміз бойынша қыркүйекте, сабақ барысында жарыса шығарма жазатынымыз есімде. Ал қазір технологияның қауырт дамыған заманы. Әр үйдің төрінен ойып тұрып орын алған «ақылды темір» жай ғана жұмыс құралы емес, баланың бос уақытын өткізуші ермегі, ажырамас досына айналған. Кейде «бұларсыз ата-бабамыз қалай өмір сүрген?» деген субъективті сұрақ ойға оралады.
28 Тамыз, 2023
«Көктем сенің көзіңде жүр сіркіреп»
«Поэзия бір ғана өлеңмен шектелмейді. Ол барлық жерде нұр болып төгіліп тұр. Айналамыз тұнған – әдемілік. Әнебір ағаштарға, аспанға қараңызшы. Сұлулық пен өмір бір деммен үйлесім тауып тұр. Көркемдік пен өмір қай жерде бар болса, сол жерде поэзия да болады», деген Иван Тургеневтің оқшау ойы расында да жанымызға жақын...
28 Тамыз, 2023