Редакция таңдауы
Бүгінгі күнге келіп түскен облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде толық аяқталды. Бұл жөнінде Үкіметтің кезекті отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
12 Маусым, 2023
Электромобильді дәуір есігімізді қағып тұрғаны анық. Қазірдің өзінде еліміздің бас қаласы мен Алматы секілді ірі қала көшелерінен электромобильді көліктердің жүйткіп жүргенін көзіміз көріп жүр. Таяуда «Sony» компаниясы «Afeela» деген электромобиль шығарып, өнімін жұртшылыққа таныстырғанда, сарапшылар «Қазіргі заманның шекарасы жоқ, себебі көлік жасаушылар гаджет, ал гаджет жасаушылар көлік шығара беретін дәуірде өмір сүріп жатырмыз», деген еді.
12 Маусым, 2023
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.
12 Маусым, 2023
Басқа басылымдардан: Санкциялар және сауда соғысы
Астана халықаралық форумында (AIF) жоғары деңгейдегі спикерлер санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатының дұрыс жұмыс істемей отырғанын сөз етті.
12 Маусым, 2023
Абай облысындағы алапат өрт он төрт адамның өмірін жалмады
Төтеннен тұтанған өрттің де, айтпай келетін апаттың да үлкен-кішісі болмайды. Қай-қайсысы да қауіпті, қай-қайсысы да залалға толы. Бір өкініштісі, орны толмас орасан апат кезінде адам шығыны да болып жатады. Сегіз күннен бері елді сергелдеңге салған апат алдыңғысына қарағанда әлдеқайда ауқымды. Жалын жайпаған жер көлемі өткен жолғы өрттен 20 есеге үлкейіп, жайылып кеткен. Сонымен, салғырттықтың салдарынан Семей өңіріндегі 60 мың гектардан астам орман алқабы бір-ақ сәтте күлге айналды. Ресми дерек бойынша «Семей орманы» резерватының жалпы аумағы 650 мың гектардан асады. Міне, соның оннан бірін от шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 200 адам Семей қаласындағы жатақханаларды паналауға мәжбүр болды.
12 Маусым, 2023
Тілсіз жаумен күрес толастамайды
Кейінгі күндері еліміздің оңтүстік өңірінде күн күрт ысып, халыққа жайсыздау тиіп тұр. Әсіресе Шымкентте термометр бағаны маусым айы басталғалы +30 градустан төмендеген жоқ.
12 Маусым, 2023
Қазақстанның бас байрағы төмен түсірілді
Астана қаласындағы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан ең үлкен Ту төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Геосаяси шиеленіс: Салдары мен шешімі
Қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде «орта державалардың» дипломатиясы қандай? Орта дәліз – Еуразиядағы өзара байланысты қалай нығайтамыз? Әйелдердің көшбасшылығын арттыру мен қолдау қажет пе? Астана халықаралық форумының екінші күнінде сарапшылар жаһандық мәселелерге қатысты осы сұрақтарға кеңінен тоқталып, шешу жолдарын ұсынды.
11 Маусым, 2023
Жасанды интеллект және жаңа технология
Астана халықаралық форумының екінші күнінде панельдік сессиялар жалғасты. Сондай-ақ брифингтер, құжаттарға қол қою және кездесулер өтті. Іргелі жиынның кезекті жұмыс күні «Энергетикалық қауіпсіздікті қайта қарау: айқын шешімдердің шеңберінен шығу қажеттілігі» панельдік сессиямен басталады.
11 Маусым, 2023
Немістің «DW» ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда әлем бойынша миллионерлер саны азайған. 2022 жылы мүлікті есепке алмағанда дәулеті миллион доллардан асатын шамамен 21,7 млн адам тіркелген. Қазақстанда да өткен жылғы көрсеткіш бойынша миллионер азаматтар саны бірнеше есе азайған, бар болғаны 1,2 мың адам.
11 Маусым, 2023
Орман өртімен күресіп, ерлікпен көз жұмғандар «Құрмет» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдай кезінде ерлікпен қаза тапқан орман қызметкерлері «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Үкіметтің төтенше жағдайларға дайындығын сынға алды
Мемлекет басшысы Абай облысындағы төтенше жағдай кезінде жіберілген қателіктер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Алапат өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Шұғыл жиын барысында Президент Семей орманындағы алапат өрттен көз жұмған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Кәсіби салғырттық байқалды - Президент
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысы табиғат апаты кезінде қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Абай облысында Президенттің төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт аймағында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Тағы екі елді мекенде өрт нүктелері анықталды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы өртті сөндіру барысы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2023
«Министрлік апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған»: Президент Абай облысындағы өрт туралы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023
Өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы қор құрылады
Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету үшін арнайы қор құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2023
Абай облысы: 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жайлы жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ телеграм арнасына сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023