Редакция таңдауы
Баспанамен қамтудың барысы қалай?
Кейінгі жылдарда құрылыс компаниялары табыс табудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізгені туралы айтылып жүр. Ел экономикасында алабөтен орын алатын құрылыс – бүгінде инвестиция көптеп құйылатын негізгі саланың бірі. Ресми деректер құрылыс саласы ішкі жалпы өнімнің 6 пайызын иемденетінін айтады. Бұл ретте Қарағанды аймағында баспана салу бірнеше есеге артқанын атап өту керек. Нақтыласақ, Қарағанды – республикада құрылыс бойынша бесінші орында. Ал ел экономикасындағы үлесі – 5,6 пайыз. Бірақ құрылыс қарқын алғанымен, бұқараны баспанамен қамтуда сұранысты толық өтеу әзірге мүмкін болмай тұр.
19 Мамыр, 2023
Адам баласы жақсы ойлап, айналасындағы жандарға жақсы сөз айтып, жақын жандарға жақсылық тілеп жүретіндігі қандай ғанибет. Соның бәрі, түптеп келгенде, әдетіңізге айналады екен. Ал әдетіңіз – тағдырыңыз. Тағдырыңыз – өміріңіз екенін болжамдау, әрине, әркімге де қиындық тудырмасы анық.
19 Мамыр, 2023
Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы – елімізде түрлі бизнестің дамуына ықпал ету үшін Үкімет және жергілікті мемлекеттік органдармен көмек пен келіссөздерді күшейту ыңғайында құрылған қосалқы ұйым. Ол әсіресе шағын және орта бизнестің мүддесін қорғайды. Ірі бизнестің де оның көмегіне зәру болатын кезі аз емес. Еліміздің барлық облысында ұйымның филиалдары ашылған. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы да бар. Жуырда осы ұйымның өкілдері журналистердің алдына шығып, өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
18 Мамыр, 2023
Құндылықтар қақтығысы немесе қасиетті жердегі арандатудың мақсаты не?
Қоғамда өз құқықтарын қорғаймыз деп шу шығарып қоятын «әлеуметтік азшылық» – ЛГБТ туын соңғы уақытта еліміздің әр жерінен жиі көзіміз шалып жүр. Қазір олардың кірмей жатқан тесігі жоқ десе де болады. Халықтың, әсіресе жас балалардың көзін де, етін де үйрете беру үшін өз насихаттарын мультфильмдерге де қосты, ойыншықтар арқылы да көрсетіп жатыр, TikTok секілді жасөспірімдер көп отыратын желілерді де біртіндеп жаулап келеді.
18 Мамыр, 2023
«Еңбек» бағдарламасын пайдаланып оңтүстіктен теріскейге көшіп келген «Алтын алқалы» ана, мектеп ұстазы Гүлжан Базарова қиын жағдайға қалып отырғанын айтып хабарласты. Мүгедек бала асырап отырған отбасына әу баста уәде етілген медициналық қызметтер көрсетілмеген.
18 Мамыр, 2023
Денсаулық автобусы ауылдарды аралап жүр
Ауылдық жердегі халықтың медициналық қызметке қолы жете бермейтіні рас. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында қазір Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының бастамасымен Жаңаарқа ауданына қарасты ауылдардың тұрғындары профилактикалық тексеруден өткізіліп жатыр.
18 Мамыр, 2023
«Солақай бола тұра, домбыраны ойнатуын-ай!..»
Ұлытау өңірінде ағайынды Садық және Яхия Асатовтарды жақсы біледі. Өкінішке қарай, Садық Асатов қазір арамызда жоқ. Биыл туғанына 90 жыл толатын Сәкеңнің өмірден озғанына 35 жыл болды. Бар болғаны 55 жыл ғұмыр кешкен оның ардақты есімі елінің жадынан өшкен емес.
18 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай, өңірде отбасы құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, отбасы-ошақ қасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған 300-ден астам іс-шара өтті.
18 Мамыр, 2023
Арқа жайлы болмай тұр киіктерге...
Ақ киіктерді алғаш көруім. Пойызбен өтіп бара жатып көзден таса болғанша аңдап үлгердім. Киіктер жалтаң-жалтаң етіп жайылады екен. Басын оңды-солды шұлғығанда, ауада жеңіл қалқып жүргендей сүйкімді көрінеді. Наурыздың 21-і күні Қарағанды облысындағы Дария мен Бұрма ауылын басып өтетін теміржол бойында жалтаң-жалтаң етіп жайылып жүрді. Ішінде мүйізді текесі бар. Мұндай сұлу жаратылысты көрсемші! Жер алашабыр, бір жерде бар, бір жерде қар жоқ. Сонда жайылып жүрген киіктерді көріп қуанған жүрегім, өткенде Жаңаарқаның жазығында шашылып қалған бөкендердің өлексесін көріп күл-парша болды.
18 Мамыр, 2023
Ұлттық музейде «Музей түні» акциясы өтіп жатыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
«ПСЖ» және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 25 жасқа дейінгі әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы атанды, оның жылдық табысы өткен жылы екі еседен астамға өсіп, 120 миллион долларға жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Қазақ жеріндегі тұңғыш музей жайлы не білесіз?
Қазақстанның тұңғыш музейі 1830 жылы 6 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2023
Ертедегі музейлер бай адамдардың, отбасылардың және өнер мекемелерінің, сирек кездесетін табиғи нысандар мен артефактілердің коллекциясы ретінде болған.
18 Мамыр, 2023
Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары аясында 47 құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2023
Президент Қазақстан-Қытай арасындағы ықпалдастықты нығайтатын бағыттарды атады
Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2023
Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Ғылым дамуы – инновациялық дамудың алғышарты
Мәжілісте «Ғылымды дамыту туралы» Үкімет сағаты өтті. Депутаттар алдында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек салаға қатысты мәселелерді баяндап берді.
18 Мамыр, 2023
Түркия: шешуші таңдау – екінші турда
Түркияны алдағы бес жылда кім басқаратыны 28 мамырда анықталмақ. Өткен жексенбіде аталған елде президент сайлауы өткен-ді. Алайда бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздық межеден аса алған жоқ. Енді бүкіл мәселе екінші кезеңде анықталады.
18 Мамыр, 2023