Редакция таңдауы
Әдебиет тарихында өшпес шығармаларымен әлем жұртшылығын тамсандырған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің драмалары күні бүгінге дейін халық назарында. Оған дәлел – биылғы сәуірдің 14-і және 19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында белгілі режиссер Әлімбек Оразбековтің қойылымымен жаңа қырынан көрінген «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы дер едік.
02 Мамыр, 2023
Аркадий ДВОРКОВИЧ: Қазақстанға тағы бір үлкен жобамен келеміз
Астанадағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының аясында Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович бас қалада орналасқан Шахматшылар саябағына ағаш отырғызып, жаһандық доданың қорытындысы туралы өз ойын ортаға салды.
02 Мамыр, 2023
Жеңілдетілген несиенің алғашқы иесі
Жастар кәсіпкерлігінің өрісін кеңейтуді мақсат тұтқан жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталды. Елімізде осындай несиені алған алғашқы жастың бірі – қарағандылық Мөлдір Тайлақова. 2,5%-бен 5 млн теңгеге Мөлдір сұлулық салонын ашады. Жалпы, Қарағанды облысында жеңілдетілген шағын несиеге құжат қабылдау 2023 жылдың 1 наурызында басталса, оған бүгінде 31 өтініш келіп түскен екен. Бұйыртса, аймақта жеңілдетілген несиені биыл 324 адам алады.
02 Мамыр, 2023
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезекті пленумы өтті. Іс-шараға Орталық кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, өңірлік ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты.
02 Мамыр, 2023
Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті
Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2023
Бокстан ӘЧ: Сағындық Тоғамбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді
Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында Конго боксшысы Натан Нланда Мбелиді ұтып, жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2023
Жуық жылдардан бері шетелде қазақ мәдениеті орталықтары ашылып, сол арқылы еліміздің мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін өзге елдерге насихаттау, таныстыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
02 Мамыр, 2023
Бибісара Асаубаева FIDE әлемдік рейтингінде үздік бестікке кірді
Шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева FIDE әйелдер арасындағы әлемдік шахмат рейтингінде блиц санатында бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2023
Өткен жылы азық-түлік өндірісі 3,9% өскен
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2023
Елді мекендерді сумен қамтуға 280 млрд теңге бөлінді
2022 жылы еліміздегі қалаларда сумен жабдықтау қызметтері 98,4%-ға, сондай-ақ ауылды жерлерде 94,5%-ға қолжетімді болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Мамыр, 2023
Милад Карими әлем кубогі кезеңдерінің үздік гимнасты атанды
Бакуде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде алтын медаль иегері Милад Карими үздік гимнаст атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Мамыр, 2023
Елордада халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды
Астанада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Мамыр, 2023
Қазақстан халқы ұлттық бірегейліктің озық үлгісін көрсетіп келеді - Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Мамыр, 2023
Әлихан Смайылов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Премьер-министр Әлихан Смайылов ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Мамыр, 2023
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Мамыр, 2023
Мемлекеттік басқару: Жаңа мәдениет қалыптасты ма?
Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Ашық Үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосу барысында отандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік басқару саласындағы жаңа тәсілдерді сөз қылып, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогті нығайту мәселелерін талқылады.
01 Мамыр, 2023
«Qazaq Forum»: жаңа медиа мүмкіндігі
Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың VІ форумы өтті. Жылдағы дәстүрге сай танымал блогерлер мен медиа саласы мамандарының басын қосқан алқалы жиынға биыл «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбы арқау болды.
01 Мамыр, 2023
Еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артуы, дүние жұртшылығын аузына қаратқан саңлақ таланттарымыздың көптеп шығуы шетел азаматтарының назарын Қазақстанға және қазақ тіліне аударып отыр. Оның бір дәлелі – бүгінде ана тілімізді үйренгісі келетін шетелдіктердің саны көбеюі. Солардың бірі – жапон қызы Мисаки Эбина «Қазақ тілін 7 айдың ішінде үйреніп алдым», дейді. Біз оған арнайы хабарласып, өзі туралы және қазақ тіліне қызығушылығы қалай басталғаны жайында білген едік.
01 Мамыр, 2023