Редакция таңдауы
Ұлттық жазудың тынысын ашатын реформа
Қазіргі кезде қоғамның жіті назарында тұрған мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Республикада латын қарпіне көшуге байланысты нақты шешім қабылданбағанымен, маңдайшалар, билбордтар, басқа да жарнамалық мәтіндерді латын қарпімен жазу белең алып отыр. Салдарынан мәтіндерде өрескел қателер кетіп жатыр.
19 Сәуір, 2023
Осыдан екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары барысында «Киров атындағы зауыт» аумағында 1857 жылы салынған үлкен мешіттің ғимаратын жаңғырту туралы тапсырма берген еді. Кеңестік кезеңде қоймаға айналған бұл мешіттің ғимаратын сол тұста жергілікті жұрт«соборлы мешіт» деп атап кеткен екен. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін тарихи нысан қалпына келтіріліп, ислам мәдениетінің мұражайы болатыны да нақтыланған.
18 Сәуір, 2023
Жастар практикасы: Әрекетке – берекет
Қазір елімізде 505 мыңға жуық жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Өткен жылы бұл NEET санатындағы азаматтар екі есе аз еді. Биыл жастар саясатындағы өзгерістерге байланысты жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше көрсеткіш те аспандады. Олар неге әлі күнге дейін бос кезіп жүр? Әлде «Жұмыс істегісі келген жол іздейді, қалғаны сылтау іздейдінің» кебі ме?
18 Сәуір, 2023
Иісі қазақтың санасында «Абайды сабаған» деген аңызбен қалған Оразбай Аққұлұлының немересі кім болғанын бұл күні біреу білсе, біреу білмес. «Бірінші Құдайыма, екінші Шұнайыма сенемін» деп үш мың жылқысы өрісінде жусаған жомарт Оразбайды ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясында: – Асқан екен Құнанбай баласы. Тіпті мұндай қорлықты Құнанбай да көрсеткен жоқ. Тегі, біздің өзіміз бұларды бұзып болған екенбіз. Құдайын ұмытқан екен мына Құнанбайлар. Тап осы жолы тұяқ серіппесек, бәрімізді де атаның аруағы атсын! Ит болайық, енді қыбырламасақ! – деп Оразбай жалғыз көзін жалтылдатып, айнала қарап, қанын ішіне тартып сөйледі, деп суреттейді. Сонымен бірге ел аузында да Оразбай туралы аңызға бергісіз әңгімелер өте көп айтылады.
18 Сәуір, 2023
Алаш арыстарының ұстазы болған ауыл молдасы туралы не білеміз?
ХХ ғасыр басында қазақ азаматтары Ресейдің жоғары оқу орындарында, жергілікті гимназия һәм семинарияларда, өлкелік әскери реалдық училищелер мен кадет корпустарында, одан қалды «Ғалия» (Үфә), «Расулия» (Троицкі), «Хұсаиния» (Орынбор) сияқты заманауи медреседе білім алып, қазан төңкерісі бұрқ еткен бұлғақ жылдары пайда болған апалас-төпелесте жеке ел болудың қамын ойлады, осы жолда бастарын бәйгіге тікті. Тірі қалғандары кеңес заманында білім-ғылым жолында аянбай еңбек етті.
18 Сәуір, 2023
«Еріксіз емші» – ерекше қойылым
Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған «Еріксіз емші» спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.
18 Сәуір, 2023
Екібастұздың жұртшылықты жұмыспен және баспанамен қамту саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жиілеп тұр. Жергілікті шенеуніктер мемлекет қаржысына салынған пәтерлер мен грант қаражаттарын өз туыстары мен таныстарына үлестірген. Онымен қоймай субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына сайда саны, құмда ізі жоқ азаматтар тіркеліп, шаруашылықтар оған бөлінген миллиондаған қаржыны қымқырыпты.
18 Сәуір, 2023
Жаз келе жатыр деп қуана бастаймыз, бірақ жаздың да адам мен мал үшін өзіндік зиянкестері бар екенін ескерген жөн. Күннің жылына бастауымен олар да бас көтере бастайды. Соның ішінде кенелердің белсенділігі артатын шақ осы. Оның адам мен малды шағуы кене инцифалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы, геморрагиялық қызба секілді қауіпті жұқпалы ауруларды туғызуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қарағанда, сәуір айы басталғалы облыста үш адамды кене шаққан.
18 Сәуір, 2023
Ауылдағы балдыз апасына телефон шалыпты. Бірдеңе сұрардағы әдеті. Үйдегі «жарым патшаның» әмірі жүріп тұрғанын іші сезеді. Бұл жолғы бұйымтайы – бір қап картоп. Онда да оңтүстіктен келетіні емес, жергілікті жердікі болуы керек екен. Басқасы ішіне жақпайтындай айтқан базынасы осы. Әуелі картоп егуге дайындалып, тұқымға сұрап тұрған шығар деп үміттеніп қалдым. Үйлерінің жанындағы атамыздан қалған картоп егетін жердің қоршауы жер бауырлай жантая қисайып, жұлым-жұлым болып жатушы еді. Мүмкін сол жерді іске жаратайын деп ұмтылды ма екен. Балдыздың күректей қолын қимылдататын кезі сирек.
18 Сәуір, 2023
Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді
Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, Қытай шахматшысы Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2023
Игерілмеген жер ел игілігіне жарамай отыр
Иелігіне жер алғанымен, оның игерілуіне салғырт қарап, ауылдағы ағайынның игілігіне жарамды жайылымдық жердің өзіне ауыз салатын алпауыттарды заң аясында жөнге салу былтыр басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, қазір Абай облысында да осы бағыттағы жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді.
18 Сәуір, 2023
Өңірлік басқаруды өзгертетін бастама
Биыл еліміз тағы бір маңызды кезеңді бастан өткермек. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланады. Осылайша, Конституциялық реформадан басталған саяси өзгерістің тағы бір сатысына қадам басамыз.
18 Сәуір, 2023
Өңір ауыл шаруашылығы көктемгі егіске қамданып жатыр. Әйтсе де көңілді қобалжытар өткір мәселелер бар.
18 Сәуір, 2023
Қазақ тілі ғылым тіліне айналса игі
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру тек тіл ғалымдары атқаратын шаруа емес. Ғылымның әр саласындағы мамандар өзара ынтымақтаса отырып, ғылыми тілді жүйелеудің озық үлгілерін қаперге алуы қажет. Алматыда «Қазақ тілінің интеллектуалдық даму өрісі: ғылым және мәдениет» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференция барысында сала мамандары қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі әлеуеті, тілдің дамуына кедергі болып отырған мәселелерді ортаға салды.
18 Сәуір, 2023
Аттестаттау: сынақ па, сүріндіру ме?
Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сынған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қаласының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне алмағаны қалай деген сұрақ туады.
18 Сәуір, 2023
Батыс Қазақстан облысындағы киік саны биыл 2 млн басқа жетуі мүмкін. Мамандар бұл өңірде ақбөкен кеңес заманында 350-400 мың бастан аспағанын айтады. Мемлекеттік қорғаудың нәтижесінде кейінгі жылдары есептен тыс көбейген киік даланың көркі емес, шаруаның дертіне айналып отыр.
18 Сәуір, 2023
Шалғайдағы Ш.Уәлиханов ауылы – етек-жеңі кең пішілген, 250-ден астам отбасы тұратын іргелі елді мекен. Ауыл тұрғындары әрқилы себеппен төскейін төрт түлік малға толтыра алмай, берекесі қашып отыр.
17 Сәуір, 2023
Зерттеу университеті және цифрлық медиа
Әлемдік журналистика және отандық медианың даму барысы, ақпарат тарату жылдамдығы, интернет басылымдардың бүгінгі беталысына қатысты мәселелер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Зерттеу университеті моделі: цифрлық медиадағы ғылым мен инновация» VI халықаралық журналистика форумы аясында талқыланды.
17 Сәуір, 2023
«Талаптың оты арындап» тұрған шағында жастардың білімге бет алып, табысқа талпынуы қандай жарасымды. Мектепте жүріп-ақ ғылыммен айналысуға ден қойған жас зияткер Динара Қалиханның толағай табыстары – замандастарына үздік үлгі. Білімді жанға барша игіліктің есігі ашық екенін балаң жасынан зердесіне тоқып өскен зерек қыз әлемнің 20-дан астам жетекші оқу орнына қалай шақырту алды?
17 Сәуір, 2023