Редакция таңдауы
Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді
Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы басталады. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Наурыз, 2023
Биылғы Ораза кестесі жарияланды
Назарларыңызға Қазақстан қалаларының 2023 жылғы Рамазан айындағы Ораза және намаз кестесін ұсынамыз, деп хабарлайды Egemen.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.
22 Наурыз, 2023
Әлихан Смайылов қазақ елін Наурыз мейрамымен құттықтады
ҚР Премьер-министі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Наурыз, 2023
Тарихи тамыры тереңге бойлаған Наурыз мейрамын журналистер қауымы да сән-салтанатымен тойлады. Астанадағы «Қазмедиа» орталығында ұйымдастырылған Наурыз тойында бұқаралық ақпарат құралдары ұжымы киіз үй тігіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
22 Наурыз, 2023
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: геометриялық құпиялар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекшелігі сол, ғимарат күмбездері мен порталдары кірпіштен салынған. Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен ғимарат. Ол заманда күмбезді ғимарат салу – ғалам құбылысындағы биік деңгей. Әмір Темір құрылыс барысында осы күмбездің көлемі мен кесененің сыртқы түріне ерекше мән берген. Бұл ғимараттың композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, өте бай безендірілуі Орталық Азия сәулет өнерінің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар бұрынғы қараханидтер дәуірінде сәулет-құрылыстың сабақтастығын аңғартады.
22 Наурыз, 2023
Этнотуризм: Ұлттық ерекшелігімізбен қызықтырамыз десек...
Елде туризмді дамытуға көңіл бөлініп жатыр дегенмен, демалыс орындарында азан-қазан болған шетелдіктерді көрмей жүрміз. Жазира даланың табиғаты қандай көркем болса да, әлем халықтары көз тіккен ірі курорттық аймақтарға ілесе алмай келеміз. Мұның сыры – бірнеше саланы ілгерілетуге қатар көңіл бөліп, туризмге табыс көзі ретінде қарамаудан. Ал кейбір статистикаға үңілсек, елге келетін туристердің ағыны жылдан-жылға артып жатқанға ұқсайды.
22 Наурыз, 2023
Кэролайн СЭВИДЖ: Қазақ мәдениетіне қызығамын
Қазір қазақ тілін үйреніп, оны күнделікті тұрмыста қолданатын шетел азаматтарының қатары көбейіп келеді. Солардың ішінде жөні бөлек бір жан бар. Кейіпкеріміз – АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым. Бізге берген сұхбатында ол қазақ тілін үйренудің маңыздылығы, оның жұмысына тигізген оң әсері және Консулдықтың қазақ мәдениеті туралы алдағы уақытта ұйымдастырып жатқан іс-шаралары туралы айтып берді.
21 Наурыз, 2023
«Керуен сарай» туристік кешеніндегі «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік салтанаты Түркістанның рухани-тарихи астана атауының мазмұнын терең қалыптастыру мақсатында 10 күнге жоспарланған іс-шаралардың шарықтау шегі болды.
21 Наурыз, 2023
Тіршілікке жан бітіп, Жер-ана бусанған шақта келетін Наурыз мейрамында Президент Іс басқармасының ұжымы елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қариялармен амандасып, көңілін аулады.
21 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары отандық сән әлемі ұлттық нақышта дамып келеді. Сән үйлері қазақы киім үлгілерінің түр-түрін заманға сай икемдеп, отбасы мүшелеріне арналған жаңа дизайнмен тәнті етуде.
21 Наурыз, 2023
Жаңа күннен жаңа жыл басталар сәтте Керекуден керемет жаңалық келіп жетті. Онда «әз Наурыз мейрамы қарсаңында қаланың «Қазақстан электролиз зауытының» металлургтері баспаналы болды», делінген. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың арқасында зауыт басшылығы мамандарға осындай керемет тосынсый жасапты. Ұлыстың ұлы күнімен ілесе келген қуаныштарыңыз құтты болсын!
21 Наурыз, 2023
Амал мерекесіне орай «Самұрық-Қазына» АҚ маңғыстаулық балаларға 21 ойын алаңын сыйға тартты.
21 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Шымкент қаласында ерекше леппен басталды. Әз Наурыздың айрықша өрнегімен тойлануының басты себебі, мегаполисте бірнеше жыл қатарынан құрылысы жүргізілген, қала тұрмақ республика көлемінде ең ауқымды жобалардың бірі саналған жаңа ипподром күні кеше ашылды. Осынау қуанышты сәттің Ұлық мерекемен тұспа-тұс келуіне байланысты атшабарда «Наурыз Шымкенттен басталады» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ипподромның ашылуын және думанды іс-шараны тамашалауға шаһардың жасы мен кәрісі түгел жиналды.
21 Наурыз, 2023
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2023
Наурыз мерекесі Шу аудандық орталық ауруханасында кең көлемде аталып өтті. Наурыз-додаға әр бөлім ұжымы, атап айтсақ, БМСК, КДЕ, терапия, хирургия, жұқпалы аурулар, перзентхана, қабылдау бөлімдері қатысты. Олар қазақтың салт-дәстүрлері – бесікке бөлеу, тұсаукесер, қыз ұзату, беташарды нақышына келтіре көрсетіп, ұлттық киімде ән айтып, би билеуден өнер жарыстырды.
21 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күнінде Абайға арналған ескерткіш ашылды
Наурыз мейрамы қарсаңында Талдықорғанда Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды, Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Наурыз, 2023
Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады
«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2023
«Жарайсың, мақтан тұтамыз!». Президент Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті
Мемлекет басшысы чемпион Шавкат Рахмоновты қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2023
Президент: Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын!
Мемлекет басшысы Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шарада жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2023
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылында тұратын орманшы Махамбет Құсайынов жылы жаққа қайта алмай, ауыл шетінде қалып қойған аққуды құтқарып, үйінде бағып отырғанын жазған едік. Жақында құс төресі көліне оралды.
21 Наурыз, 2023